Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет85/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Жақсы көру мен қорқыту
Кейбір  зерттеушілер  мен  тәрбиешілер  бала 
тәрбиесінің жемістілігі баланы жақсы көруде әрі тәрбие 
ісіне  толық  көңіл  бөлуде  деген  (Песталози,  Толстой, 
Бакуле). Бала тәрбиесінде әрине ең негізгі ұстаным ол − 
сүйіспеншілік. Бірақ мамандар жақсы көруде де артық 
кетпей тепе-теңдікті сақтау қажеттігін айтады. Өйткені 
бала  өзін  мектепте  басқаша,  үйде  басқаша  ұстайды. 
Бала үшін жанұя мен мектеп, мұғалім мен ата-ананың 
орны  бірдей  емес.  Жанұяда  балаға  көрсетілген  шек-
тен тыс сүйіспеншіліктің мектептегі жүйе мен тәртіпті 
бұзатынына назар аударады
226

Бұдан  бұрын  балалармен  қатынасында  Пайғам-
барымыздың  шексіз  сүйспеншілікті  негізге  алғанын 
тілге тиек еткенбіз. Бірақ ол жердегі мысалдар көбіне 
әке-бала  қатынасымен  қатар  бүлдіршін  балаларға 
қатысты болатын. Ал жасы үлкен балаларға сәбилерден 
басқаша қарау керектігі де хадистерде ескерілген. 
Негізінен Құранда қорқыныш пен сүйіспеншілікті, 
үміт  пен  үрейді,  сүйіншілеу  мен  ескертуді  қатар 
ұстану – басты қағида. Аллаһ тағала мейірімі, рақымы, 
225
 Фәйзул-қадир, 2/13-14
226
 Алэйн, Prohos L’Education p. 33-36


200
Исламдағы бала тәрбиесі
кешірімділігі және бақыт мекені жаннатты айтып үміт 
сыйласа,  екінші  жағынан  қаһары,  азабы,  ашуы  мен 
жаһаннамды еске салып үрейлендіріп отырған. 
Яғни,  тек  қана  өбектей  беру,  бүкіл  айтқанын 
істеу,  тым  ерке,  шолжаң,  менменшіл  ғып  өсірудің 
дұрыс еместігі баршаға мәлім. Қиындықтың не екенін 
көрмеген, жоқ дегенді түсінбейтін баланың болашақта 
еліне сор болатыны белгілі. Қазіргі таңда оның мысал-
дарын мыңдап көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет