Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет86/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Жақсы сөз – жарым ырыс
Тәрбие барысында ата-ананың сөзге абай болғаны 
жөн. Себебі, ата-ананың аузынан шыққан әрбір жаман 
сөздің бала жанына дақ түсіретіні ақиқат. Жаман сөздің 
қатарына  қорлау,  масқаралау,  ұрсу,  боқтау,  қарғап-
сілеуді  жатқызуға  болады.  Екі  жаһан  сардары  жаман 
сөз  айтуға  қатаң  тыйым  салған.  Ол:  «Мұсылман  кісі 
біреуді жамандап, лағынет айтып қарғамайды, ұятсыз 
жаман  сөздер  айтпайды»
227
  деп,  мұндай  сипаттың 
мұсылмандыққа  жатпайтынын  білдірген.  Тағы  бірде: 
«Ешкімді «Құдай сені қара бет қылсын, жүзің күйсін!» 
деп қарғыс айтпаңдар»
228
; «Мұсылман кісіге лағынет 
айту  оны  өлтіргенмен  тең»
229
  деп,  мұсылмандарды 
жаман  сөзден  аулақ  болуға  шақырған.  Хазірет  Әнас 
Пайғамбарымыздың ешкімге дауыс көтермегенін, жа-
ман  сөз  айтпағандығын,  лағынет  етпегендігін  айта 
келіп  «Біреуге  ұрысқысы  келген  кезде  «Пәленшеге 
не  көрінді,  Аллаһ  оны  түзетсін!»  дейтін»
230
.  Кейбір 
227
 Тирмизи, Бирр 48; Дәйләми, 2,65/а
228
 Абдурраззақ, 9, 445; Дәйләми, 2, 278/б
229
 Бухари, Әдәб 44; Тирмизи, Иман, 16
230
 Бухари, Әдәб 44


201
Тәрбие ұстанымдары
мүшіріктердің  жер  бетінен  жойылып  кетуі  үшін 
дұға  етуін  сұрағандарға  да  Рақым  пайғамбары:  «Мен 
лағынет  айтып,  қарғыс  жаудыру  үшін  емес,  мейірім 
ретінде ғана жіберілдім»
231
 дегені мәлім.
Адамдар түгілі жан-жануарларға да бәддұға (теріс 
бата,  жаман  тілек)  жасауға  тыйым  салған  Ардақты 
елші:  «Балаларыңа  қарғыс  айтпаңдар,  бұл  қабыл  бо-
луы  мүмкін»
232
  деп  балаларға  ұрсып,  қарғап-сілемеу 
керектігін ескерткен-ді.
Мұсылман  ғалымдары  хадистегі  «қабыл  болуы 
мүмкін» деген сөзді негізге ала отырып мұндай жаман 
тілек, теріс бата баланың мінезін өзгертіп, тәрбиесіне 
кері әсер ететінін баса айтқан. 
Бірде  бір  кісі  Абдуллаһ  ибн  Мүбәрәкқа  келіп 
баласының тәртіпсіз, бұзық екенін айтыпты. Абдуллаһ 
ибн  Мүбәрәк:  «Балаңды  қарғыстап  па  едің?»,  –  деп 
сұрапты.  Әлгі  адам:  «Иә»,  −  деп  жауап  берген  кезде, 
«Онда  баланы  өзің  бұзған  екенсің»,  −  деген  жауап 
естіген екен
233

Имам Ғазали балаға ұрса беретін болса, оның бұл 
сөздерге әбден еті үйреніп жаман қылықтарды жасауға 
одан  әрі  батылдана  түсетінін,  айтылған  сөздің  балаға 
мүлде әсер етпей қалатынын айтады
234
. Балаларға жа-
ман  сөз  айтып  ұрысуға  тыйым  салған  имам  Шафиғи 
«Бұл әрекет баланың өз бауырларына, тіпті өзіңе қарсы 
шімірікпестен дәл солай сөйлеуіне апарады» дейді.
231
 Муслим, Бирр 87; Мәжмәуз-зәуәид 8/72
232
 Муслим, Бирр 87; Әбу Даууд, Сала 27
233
 Айнул-илм  (Шәрх)  1/419;  Адабы  мәнәзил  4-ден  И.  Жанан, 
Пейгамберин сүннетинде тербие, 329-330-б.
234
 Ихя, 3/73


202
Исламдағы бала тәрбиесі
Жаман сөз баланың психологиясына және тұлғалық 
қалыптасуына  кері  әсер  ететінін  қазіргі  мамандар  да 
бірауыздан  құптайды.  Балаға  ұрса  берсе,  кейін  оның 
бұл сөздерге еті үйреніп қалатындығы соншалық, ондай 
сөздерден  ләззат  алатындай  дәрежеде  психологиялық 
ауытқушылықтардың  қалыптасатынын  айтады.  «Сені 
тастап  кетемін»,  «саған  ана  болмаймын»,  «сені  жек 
көремін»,  «басқа  бір  бала  асырап  аламын»,  «өлтіріп 
тынатын болдың ғой» т.б. сияқты сөздер баланың бой-
ында  сенімсіздік,  қараусыз  қаламын  деген  үрей,  өзін 
қор  санау  сияқты  комплекстердің  қалыптасуына  жол 
ашатынын айтады. Балаға «сен жамансың, ақымақсың, 
қолыңнан түк келмейді» дей берсе бала соған сеніп, со-
лай  қабылдап  қалады.  Оның  орнына  «сен  жақсысың, 
сүйкімдісің,  ақылдысың»  деу  керек.  Сонда  ол  жақсы, 
еңбекқор, пысық, сүйкімді болып сені ренжітпей риза 
ету үшін барын салады» дейді
235



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет