Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Кемшіліктерін бетке баспау



Pdf көрінісі
бет87/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Кемшіліктерін бетке баспау
Жөнге  салудағы  басты  ұстанымдардың  бірі  – 
кемшілікті бетке баспау. Сондықтан жасалған қателікті 
жағдайға қарай толықтай кешіру не көрмеген сыңай та-
ныту немесе жанама жолдар арқылы ескерту жасаған 
жөн. Пайғамбарымыз біреудің жағымсыз іс жасағанын 
көрсе немесе оған сол жайлы айтылса, кемшілік жасаған 
кісіні шақырып алып бетіне баспайтын. Әрі атын атап 
«неге  ол  былай,  былай  жасайды»  деп  жұртқа  жария 
етпей  «Кейбір  кісілерге  не  көрінген,  тәйірі?!  Неге 
олар мынадай, мынадай қылықтарға барып жүр?» деп 
жасалған істің қате екенін жалпыға түсіндіретін
236
. Со-
235
 И. Жанан, 330-б.
236
   Әбу Даууд, Әдәб, 6 (4/250, 4788, 4789. Х.), Муслим, Никах, 3.


203
Тәрбие ұстанымдары
нымен қатар Пайғамбарымыз сахабаларына әйелдерін 
«Жүзің күйгір (Аллаһ қара бет қылсын)» деп қарғамау 
керектігін жиі ескертетін
237
.
Құран мен сүннеттің асқақ рухынан тәрбие алған 
мұсылман тәрбиешілер балаларды жөнге салуда мына-
дай жолдарды ұстану керектігін айтады:
Алдымен жаманның жаман екенін үйрету;
Жақсы істер атқарса мақтау;
Басқа  адамдардан  мысал  бере  отырып  жаман 
істерден жирендіру;
Дұрыс  емес  іс  жасаса,  әуелі  көрмеген  сыңай  та-
ныту, екінші рет жасаса, ешкімге білдірмеу, егер тағы 
да осы қылығын қайталайтын болса жұрттың алдында 
масқара болатынын айтып ескерту;
Жіберген  қателіктерін  әрдайым  есіне  салып 
нұқымау;
Жасырын жасаған нәрселеріне тыйым салу;
Жаман  қылық  жасауда  табандап  тұрып  алса,  ол 
мінезінен бас тартқызу үшін тиісті шара қолдану.
Әңгіме!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет