Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет131/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

қОС
ым
ША
л
АР
қажетті сөздер:
алдында, сыртына, артына, бойымен, маңында, ішінде, 
арасынан, қарсысында
Жауабы:
1. Біздің кеңсенің қарсысында үлкен сауда орталығы орналасқан. 2. Отандық 
кәсіпкерлердің арасынан жарнама берушілер көп болды. 3. Мамандардың 
барлығы зауыттың артына жиналды. 4. Мәдениет үйінің алдында 
қайырымдылық акциясы өткізіліп жатыр. 5. Кинотеатрдың сыртына күрделі 
жөндеу жасалды. 6. Кабинеттің ішінде басқа бөлімнің қызметкерлері де отыр 
екен. 7. Шеруге шыққандар орталық көшенің бойымен жүрді. 8. Университет 
маңында темекі тартуға тыйым салынды.
барыс септігі. барыс септігінің мақсаттық мағынаны білдіруі
1-жаттығу
Жақша ішіндегі сөздерге қажетті қосымшаны жалғап, сөйлемді 
толықтырыңыз.
Дополните предложения, раскрыв скобки и присоединив к словам нужные 
аффиксы. 
1. Тұсаукесерге жазушының шығармашылығымен (танысу) келдік. 2. Қытай 
медицинасының кереметіне (көз жеткізу) келдік. 3. Ыңғайлы бағадағы ең 
үздік қонақ үйді (көру) бардық. 4. Туристер атақты Қытай қорғанын (аралау) 
жиналды. 5. «Шолпан» туристік фирмасы демалысыңызды пайдалы әрі 
жағымды (өткізу) шақырады. 6. Бұл жердегі бағдарламалар демалуға 
келген әр баламен жеке (жұмыс істеу) бағытталған. 7. Студенттер кешкі 
шығармашылық бағдарламалар туралы (ақылдасу) отырды. 8. Олар 
шаңғымен (сырғанау) кетті.
Жауабы:
1. Тұсаукесерге жазушының шығармашылығымен танысуға келдік. 2. Қытай 
медицинасының кереметіне көз жеткізуге келдік. 3. Ыңғайлы бағадағы ең 
үздік қонақ үйді көруге бардық. 4. Туристер атақты Қытай қорғанын аралауға 
жиналды. 5. «Шолпан» туристік фирмасы демалысыңызды пайдалы әрі 
жағымды өткізуге шақырады. 6. Бұл жердегі бағдарламалар демалуға 
келген әр баламен жеке жұмыс істеуге бағытталған. 7. Студенттер кешкі 
шығармашылық бағдарламалар туралы ақылдасуға отырды. 8. Олар 
шаңғымен сырғанауға кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет