Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


өз бетінше мазмұндама жазуға арналған мазмұндама мәтіндері



Pdf көрінісі
бет146/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

өз бетінше мазмұндама жазуға арналған мазмұндама мәтіндері
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ − қазақтың ұлттық ойыны. Оны қырғыз, қарақалпақтар да 
ойнайды. Тоғызқұмалақты кейде «қойшының алгебрасы» дейді. Өйткені бұл 
ойынды алғаш рет ойлап тапқан − қойшы.
Тоғызқұмалақ бұрын қойдың құмалағымен ойналған. Жерден тоғыз-тоғыздан 
шұңқыр, бір-бірден қазан қазып алып, әрқайсысы сексен бірден құмалақ алған. 
Оны қойшылар жүрелеп не малдас құрып отырып ойнайды екен. Бара-бара 
ойын қазақ арасына тарап, ұлттық ойынға айналды. Әншіл, сауықшыл қазақ 
халқы адамның ой-өрісін кеңітетін, ойша есептеуге төселдіретін, ұстамдылыққа, 
тапқырлыққа баулитын бұл тамаша ойынға бос уақытын бөліп, ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізген. Тоғызқұмалақ ойыны қазір арнаулы тақтада бұршақпен ойналатын 
болған.
Бұл − ойын нағыз есеп ойыны. Мұнда есепке жүйрік адам ғана жеңеді. 
Тоғызқұмалақ, шахмат сияқты, тапқырлықты, қиялдауды қажет етеді. Өткен 
позицияны не бір-екі жүрістен қандай позиция болатынын есте сақтау, бағдарлау 
тек шебер, тәжірибелі, ауызша есепке жүйрік адамның ғана қолынан келеді.
Тапсырма:
1. Жоспар құрыңыз.
2. Тақырыпты ашатын сұрақтар құрастырыңыз.
3. Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.
2


226
мерейің үстем болсын, Астана!
Біз бүгін Астананың ажарына қарап қуанамыз. Кеудемізді мақтаныш сезімі 
билейді. Осыдан небәрі бір мүшел бұрын Арқа төсінде осындай зәулім 
қаланың бой көтеретініне кім сенді дейсіз. Арман болатын ол. Бірақ, бүгін сол 
арман ақиқатқа айналып отыр. Қанатын құлаштай сермеген Астанаға бүгін 
әлемдік қауымдастықтың өзі қызыға, қызғана қарайды. Небәрі оншақты жылда 
ертегідегідей әсем қала тұрғызу қалай мүмкін болды деп таңданады, таңдай 
қағады олар. 
Иә, Астана – Елбасының ерлігі. Астана – Елбасының өрлігі. Мұны бүкіл Қазақ 
елі біледі, түсінеді, түйсінеді. Жаңа қаланы тұрғызудың қандай қиын болғанын 
да сезеді халық. Астанадай алып қала тұрғызу үшін алып жүрек керек болатын. 
Құрылыс саламын деп балғаң мен қайлаңды сайлау үшін ыстық қайрат пен 
қайтпас қайсарлық қажет еді. Алып жүректі ұлды қазақ анасы туған екен. Ол – 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қайратты ұл өз халқын қашанда қияға 
бастайды. Кезінде “осындай қиын шақта қазаққа жаңа астананың керегі қанша?” 
деп көлгірсіп, кері тартқандар бүгін төмен қарайды, жанарымен жер шұқиды. 
Астана барда Қазақ елі бар. Астана – қазақтың жүрегі. Қазақстан ұлан-байтақ. 
Оның солтүстігінде әлі қыс қаһары қайта қоймаса, оңтүстігінде дән сеуіп жатады. 
Ал осы алып елдің ниетін Астананың үстінде ұстау, ең алдымен, халықтың 
Елбасына деген ыстық ықыласына, Елбасының төл перзенті саналатын Астанаға 
деген сүйіспеншілігіне байланысты болса, екіншіден, мұнда болып жатқан әр 
жаңалықты жұрттың назарына күн сайын жеткізіп тұрған бұқаралық ақпарат 
құралдарына, соның ішінде өзіміз сүйіп оқитын “Егемен Қазақстан” газетіне 
қатысты екендігін айта аламыз. 
Тапсырма:
1. Жоспар құрыңыз.
2. Тақырыпты ашатын сұрақтар құрастырыңыз.
3. Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.


227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет