Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет41/234
Дата16.12.2023
өлшемі1,82 Mb.
#140228
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   234
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Пысықтау сұрақтары:
.
тілді ауызша тіл мен жазба тілге бөлудің себебі неде?
2. тілді таптастырудың жазба тілге қатысты жүйесін көрсетіңіз.
3. Жазба тілді меңгеру сатыларын көрсетіңіз.
4. ауызша тіл мен жазба тіл арасында қандай аралық тіл бар?
5. не себептен ауызша тілдің өзіне тән ерекшелігі айқындалса, жаз-
ба тілдің белгілері екшеледі?
6. ауызша тілде сөз экономиясы не себептен болады?


68
69
7. Жазба тілдің өзіндік белгілерін көрсету үшін ауызша тілдің ерек-
шеліктерін табудың себебі неде?
8. Жазба тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
9. ауызша тілдің өзіне тән ерекшеліктері қандай?
10. Жалпы графикалық ерекшелік, графикалық және графемдік 
ерекшеліктерге не жатады?
Оқуға арналған материал
Жазудың тілдік жүйегі әсері 
Біз жоғарыда тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде жаз-
ба тілдің деңгейлері нысанға алынып келгенін айттық. Жазба 
тілдің нормасы болып табылатын бірліктер мен конструкци-
ялар жалпы тілдік жүйенің нормасы болып есептеледі дедік. 
Жазудың ойжасам қызметі, жазу арқылы ойлау, жазба тілдің 
айқын жүйесі жалпы тілдің жүйесі мен құрылымына әсер ет-
кені сөзсіз. Сондықтан бүгінгі күн тұрғысынан жазба тілді 
меңгерген/меңгермеген коммуниканттардың ауызша тілдегі 
жүйелілік дәрежесін анықтаудың қажеттігі бар. 
Бодуэн де Куртенэ тілтұтынушыларды үш сатыға бөлген. і 
сатыға сөйлеуді енді үйрене бастағандар, мысалы балалар тілін 
немесе бөтен тілдік ортаға түскен адамдар тобын жатқызады. 
Ол топ сөйлеуге белсенді араласа алмайды, яғни “т.е. пока в их 
головах не будут насаждены живые представления данного язы-
кого мышления, сопровождаемые автоматизмом обнаруживания 
этих представлении в случае общения с другими индивидами”. 
іі сатыға айту, есту мүшелері мен түсініктері арқылы белсен-
ді сөйлесе алатындарды шығарады. 
ііі сатыға әрі сөйлей, әрі жаза алатын, оқу-жазу түсініктері бар 
сауатты адамдарды топтастырады. алғашқы топ басқаны түсіне 
алғанмен, өздері сөйлей алмайды, ортаңғы топ оқи алғанмен, 
жаза алмайды, соңғы топ оқи да, жаза да алады. Ғалым осылай 
топтастыра отырып, әр топтың өзіне тән ерекше психикасы, тіл-
ді қолдану, тілді түсіну жағынан айырмашылығы болады дейді. 
Сөйлей алатын адамның жады тек айту-есту түсініктеріне табан 
тірейді дейді. Жазу мен тіл арақатынасы тек сауатты адамның 
психикасына, яғни жазу-көру, айту-есту түсініктері бар адамның 
психикасына қатысты дейді.
Осы таптастыруға сай, біз үш түрлі дәрежеде сөйленген 
мәтіндерді аламыз. мұның біріншісі (і-мәтін) – 5 кластық білімі 
бар, жазылғанды ежіктеп оқи алатын, ата буын өкілі, 70 жастағы 
қарияның сөзі, екіншісі (іі, ііі, іV-мәтіндер)– 11 сыныпты бітіріп 
келген, көркем әдебиет, публицистикалық жазу стильдерін ша-
малап меңгерген, санасында ауызша тіл жүйесінен гөрі жазба 
тіл жүйесі басым, көпшілік ортада әдеби стильде сөйлеуді бас-
ты мақсат еткен ЖОО-ның 1 курс студенттерінің сөзі. Үшіншісі 
(V-мәтін) – жазба тілде ойын білдіруге төселген, жазуға 
машықтанған жазба тіл “шешендерінің” сөзі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет