24
инженерлік жобасы», «EV3 ғарыштық жобалары», «EV3 физикалық
эксперименттері» тапсырмалар жиынтығын көшіріп алуға болады.
Осы бетте оқытушылар үшін EV3 информатика сабақтарының
бағдарламасы берілген. Осы бетте электрондық қашықтықтан оқыту
курстары берілген парақтарды да көруге болады.
Бағдарламаның өзі LEGO Education WeDo сияқты, суреттерімен,
яғни пайдаланылатын элементтің визуалды бейнесімен берілген
блоктарды біріктіру арқылы құрылады. LEGO WeDo бағдарламасынан
LEGO EV3-тің негізгі айырмашылығы мұнда тармақтау операторы,
дачиктерге арналған команда операторлары бар, бұл LEGO WeDo-да
жоқ және нақты блоктарда түрлендіруге немесе дачиктерден мәндерді
алуға болатын бірнеше параметрлер бар (сурет 8).
LEGO MINDSTORMS Education EV3 LEGO фирмасының бірінші
білім беру жиынтығы, ол тек бір контроллерді ғана емес, бірнеше
контроллерді пайдалана отырып, күрделі робототехникалық
модельдерді құруға мүмкіндік береді, әрбір нақты контроллерге
басқару міндеттерін бөледі.
8-сурет. LEGO MINDSTORMS Education EV3 бағдарламасының
мысалы
Достарыңызбен бөлісу: