Секілді өмір қЫСҚА, жарты тұтам (Өлеңдер жинағы)



Pdf көрінісі
бет26/59
Дата20.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141221
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
d3a9d0bbd0b5d2a3d0b4d0b5d180-d0b6d0b8d0bdd0b0d293d18b (1)

БІР АДАМҒА
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бəрін бізге ақсақал шал:
"Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар?.."
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты!
Суреттер жөне көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: "Оңдырған-ау, баққан халқын"
Соншама құны толық бұлды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?
Дедім мен: "Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз".
Көргенде күміс кесе, алтын аяқ,
Бір сөзді тамағыма қойдым таяп:
"Қай момынның малы бар бұл аяқта?"
Демейінше болмады, қарап жай-ақ!


Отырдым, көрсем жекіп тастар ма деп,
Шал айтты: "Көріңіздер, жасқанба" деп,
Кесені қолыма алып қарай бердім:
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп.
1914


ПАРТИЯШЫҒА
Бай едің өз алдыңа шаруа баққан,
Шалықтап, шалқып сөйлеп, шалқақ қаққан.
Ойладың осы малдың арқасында
Мен-дағы атансам деп бір жез таққан.
Сол сағат келді саған мың пұт есек,
Ал жауды үсті-үстіне кесек-кесек!
Жайлықта жеркенетін жексұр шалды
Амалсыз қабыл алдың көрпе төсеп.
Келгендер бəрі бірдей мақтай келді,
Мал-жанын салмақшы боп жақтай келді.
Қымыз ішіп, етіңді жеп болғанша,
Іш пікірін ішіне сақтай келді.
Сөзге нанып "ел бəрі мендік" дедің,
"Бəлемді аузына ұрып жеңдік" дедің,
Біреуі ат сұрады, біреуі ақша,
Бəрін бердің: "Бір жолға көндік" дедің.
1914


ТУҒАН ЕЛІМЕ
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын?!
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам ішіңде,
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын.
Тек қалауым сіздерден,
"Серіктікті" милаймын;
Сіздерге əкеп шашуға
Ілім-білім жинаймын.
1914


ДОСТЫМА
Бұлтты кетір ойыңнан,
Жазды шығар бойыңнан.
Ақылың болса айныма,
Өз жасаған тойыңнан.
Бəрі қызық мереке,
Ашуланба, Ереке.
Өз қақпаңды аштың деп,
Кім қылады келеке?
Кімде жазық ойласаң,
Өкпелеймін қоймасаң!
Баяғы түрге бір келіп,
Мен разы, ойнасаң.
Қапаға жоқ тіпті жөн,
Ақылың болса сөзге көн.
1914




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет