ҚОСЫМША Ә
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН «БАЛАҢЫЗДЫҢ КҮН ТӘРТІБІНЕ ЖАЛПЫ
ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ЕНГІЗУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ» ЖАДНАМАСЫ
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА !
1.Сіздің алтын асықтай балаңыз – тұтас Адамзаттың бөлшегі, Тәуелсіз
Қазақстанның қадірлі азаматы, ата-бабаларымыздың батыл Ұрпағы, Сіздердің
Қуаныштарыңыз бен Үмітіңіз, Болашақ ұрпақтың Әкесі, Анасы, Атасы, Әжесі
екенін, осындай адамзаттық жүйенің кіндігі екенін есіңізде әрдайым тұтыңыз!
2. Алтын асықтай балаңызды ақыл-ойы жетіліп, дене сымбаты сұлу
болуына, денсаулығының кінаратсыз болуына Ата-ана, Мектеп, Баланың өзі
бірігіп күш жұмсауы тиіс екенін де ұмытпаңыз!
3. Сіздің алтын асықтай балаңыз өзінің Күн тәртібін құрып, ол режимде
жалпы дамыту жаттығуларының (ЖДЖ) қайсысы, күннің қай мезгілінде, қалай
орындалатынын Кестеге түсіргенін ескертеміз!
4. Алтын асықтай баланың осы игі мақсатына шала-шарпы қарамаңыз. Бұл
– салауатты өмір салтын құрудың, денсаулығына өзі де жауапкершілікті
болатынын ұғындырудың алғашқы баспалдақтары. Оны мектеппен бірге Сіздер
де қадағалап, қолдау жасаңыз!
5. Өз бетімен ЖДЖ орындауда үйде, сабақтан тыс жерлерде әрдайым ақыл
қосып, назар салып, әңгімелер жүргізіп отырыңыз!
6. Балаңызды шын жақсы көру – оған тамақ пен киім, бұйымдар сатып
әперу емес. Баланың өсіп-жетіліп келе жатқан әр секундында, әр минутында
жанында болу немесе соған қатысып отыратыныңызды Балаға сездіру, таныту!
Осыны ұмытпаңыз.
7. Қазақстанның болашақ тізгінін ұстар Азаматын бірге тәрбиелейік!
Сізге деген құрметпен:
Е.Е.Оспанқұлов және дене шынықтыру пәні мұғалімдері