Монография «Елтаным баспасы»


Мысық тілеу  – ниеті жаман адам    Мысық табан



Pdf көрінісі
бет143/162
Дата21.12.2023
өлшемі13,68 Mb.
#141913
түріМонография
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162
Байланысты:
httpswww.kaznu.kzcontentfilespagesfolder21141Verstka.pdf

Мысық тілеу
 – ниеті жаман адам 
 
Мысық табан
 – байқатпай, сездірмей жүру
 
Ит пен мысықтай
 – өш, араз
ТАУЫҚ, ҮЙРЕК, ҚАЗ
көшпелі тіршілікте болмаған, кейін отырықшы 
кезде ғана қолға ұстаған. Үй құстарын өсіру қазақ мəдениетінде кейін-
нен қалыптасқан шаруашылықтың түрі. Татар, башқұрт тілдерінде 
тауық, үйрек, қаз фразеологизмдерге ұйытқы сөз ретінде көптеген тір-
кестерді құрайды. Бір қызығы «тауық» сөзінің түркі тілдеріндегі кон-
нотациясы көбінесе жағымсыз реңкте фразеологиялық тіркестер мен 
мақал-мəтелдерде кездеседі.
Қазақ тілінде:
тауықтың миындай 
– ақылы аз
суға түскен тауықтай
– бейшара, аянышты хал
соқыр тауыққа бəрі жем/бидай/ – 
білмеген адамға бəрі бірдей


215
Татар тілінде:
Тавык йөрəк
– қорқақ
Тавык баш 
– ақылсыз, тауықтың миындай
Тавык тэшена тары керə, ашамаса тагы керə 
– дəмету
Қазақ тілінде «үйрек ұшып, қаз қонған» – молшылық, «қаздай қалқу» 
-еркін жүру т.б. сияқты бірен-саран ғана тіркестер бар.
Аспан денелері ұйытқы болған
фразеологизмдер
Адамдар үшін қоршаған ортаның бірі – құпиясы мол аспан əлемі. 
Сансыз жұлдыздарды қазақтар аспан шырақтары деп бейнелі атаған. Ас-
пан сырын білуге ұмтылған көшпелі қазақтар өздерінің тұрмыс-тіршілігі 
үшін космоним ерекшеліктерін ауа райын болжауға, жер тарапатарын 
білуге, уақытты белгілеуге пайдаланды. Олардың мұндай халықтық та-
нымдары қазақ тілінде жеке лексикалық бірліктер атауынан жəне фразео-
логизмдер, мақал-мəтелдерден көрініс тапты. Қазақ тілі сөз байлығының 
тағы бір қабаты осы аспан денелерінің атаулары мен соған қатысты туған 
тұрақты тіркестер мен мақал-мəтелдерден тұрады. 
Мəселен, жеке жұлдыздар атауы Темірқазық, Сүмбіле, Жеті қарақшы, 
Ақбозат, Үркер т.б. космонимдер ұйытқы болған аңыз-əңгімелер халық 
арасына кең тараған. 
Ал халықтық космонимдерге байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет