Р. Сыздык 6-том indd


Функционалдық стильдердің айырым белгілері



Pdf көрінісі
бет119/154
Дата21.12.2023
өлшемі1,64 Mb.
#141972
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   154
Байланысты:
Рәбиға Сыздық (1)

Функционалдық стильдердің айырым белгілері 
жайындағы 
пікірлер мен тұжырымдар
Көптеген өзге де тілдер сияқты, қазақтың қазіргі ұлттық 
жазба әдеби тілінің де бұл күнде функционалдық стильдері: 
көркем әдебиет стилі, публицистикалық, ғылыми (немесе 
ғылыми-техникалық), эпистолярлық стильдер және ресми іс-
қағаздары мен кеңсе қағаздары стилі деп жіктелетін болса, 
оларды бір-бірінен ажыртатын тілдік белгілері болулары ке-
рек. Бұлар жөнінде сти листика мәселесімен айналысқан зерт-
теушілер біршама пікірлер айтып, фактілерді көрсетіп келді. 
Жасыратыны жоқ, олардың дені орыс тілінің функционалдық 
стильдерін, сөз еткен еңбектерден алынған. Сірә, бұған, бір 
жағынан, публицистикалық, ғылыми әдебиеттің және ресми-іс 
қағаздарының көбінесе орыс тілінен аударма түріңде ұсыны-
лып келгендігі себепкер болса, екіншіден, функционалдық 
стильдер табиғатының тіл-тілдің қай-қайсысында да кейде бір 
шамада болып танылатындығы да ықпал еткен болар.
М. Балақаев: «Іс қағаздары: қаулы-қарарлар, заң, бұйрық, 
үндеу, кіріс-шығыс құжаттарында көріктеу элементтерінің 
жұмсалуы шарт емес, бұларда сөйлемдер толымды, жақты 
болып келеді: 
қаулы етеді, шешім қабылдады, тапсырылсын, 
міндеттелсін
сияқты дайын үлгілер қолданылады», – дейді.
Ғылыми стильдің өзіне тән белгілерін:
тілі жинақы, стилі 
«қатаң», сөздері дәлме-дәл, тап-тұйнақтай болу, бірізділік және 
дәлділік деп атайды, оның үстіне сөйлемдері күрделі болады, 
сабақтас сөйлемнің басыңқы сыңарлары ойдың негізгі бөлше-
гі болып, бағыныңқы сөйлемге ерекше мағыналық қызмет жүк-
теледі; «мұнда диа лектизм, жаргон, қарапайым сөздер болмай-
ды, шартты белгілер мен қысқартулар көп болады», – деп 
түйеді.
Публицистикалық стильде 
бірізділік күшті болады (?),
терминдерді, сөз тіркестерін жұмсауда, сөйлемдерді құрасты-
руда әдеби тілге және өзіне тән дәстүрлі қалыптасқан нор-
маларды қатал сақтайды; баспасөз беттерінде метафоралық 
қолданыстар болады.


234


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет