276
тілі, әдеби сөз – диалектизм, төлтума сөз – кірме сөз, бейтарап
мағыналы – экспрессивті сөз т.т.
Көркем әдебиеттегі сөздерге әр алуан стильдік жүк артыла-
ды. Ондай жүкті көтере алатындар – тандалған сөздер болмақ.
Мысалы, Ғ. Мүсірепов «Оянған өлкеде» Игілік бидің аузына
ырбай-тырбай
деген ауызекі тілдік қарапайым сөзді әдейі
салады:.. «Бұл елің бір күн олай, бір күн бұлай
ырбай-тыр-
байы
бола береді». Бұл контексте жазушыға осы сөзді тандау
ұтымды, өйткені әңгіме – жай тұрақсыздық емес, берекесіз,
ұсақ мақсат көздейтін тұрақсыздық жайында, ал соңғы реңкті
ырбай-тырбай
сөзі дәл береді. Бұл мысал сөз тандаудың тек
мағына (айтпақ идея, ой, сурет) үшін ғана емес, сол мағынаны
айқындау үшін, үстемелеп, күшейте түсу үшін де жиі орын-
далатын акт екенін танытады. Мұндайда әсіресе синонимдер
қатарын түзу көзге түседі. Айталық, ең шағын микротексте бір
тұлғаны (сөзді) қайталамауға тырысу – жалпы норма. Әсіресе
бұл жазба әдебиеттің барлық жанрында, поэзия тілінде, сондай-
ақ ауызша сөйлейтін шешендер сөздерінде (топ алдында ай-
тылатын сөздерде) кең орын алады. Бір ұғымды құбылтып,
әртүрлі сөзбен ұсыну әрі көркемдік-әсерлілік мақсатты
көздейді. Мысалы, Ғ.Мүсірепов бай есігінде жүрген жас жігіт
– Жабайдың өмір бойы зеку мен ақырудан жасқанып өскен
әкесін суреттегенде, оның мақсат-талабы, таным-білімі барын-
ша тар екенін білдіру үшін «қуанышы – ботаның
айналасын-
да,
қайғысы –
інгеннің маңайында»
деген сөйлемді ұсынады.
Мұнда автордың екі жерде
Достарыңызбен бөлісу: