31
ды, ол ұтымдылық сөздің модальдық реңкіне, тіркесу қабілеті-
не, айналасындағы сөздермен дыбыстық үндесуіне (аллитера-
ция, ассонанс құбылыстарын жасауға) қарай жұмсалуына бай-
ланысты. Мысалы, қорлық, мазақ көрген Ғазизаның енді үйге
кіріп қайтемін деген ақырғы ойын жазушы «көңілінде қалған
таусыншық
сезімнің
ойлатқаны» деп береді. Бұл сөйлемдегі
таусыншық
сөзі «әрі қарай қайраны жоқ, таусыла ойлап келген
байламы,
шешімі» дегенді бір сөзбен дәл беріп тұр, бұл сөздің
таусылған, таусыла ойлаған, ең соңғы, ақырғы
деген
сияқты
басқа синонимдері дәл осы сөйлемде
таусыншық
деген сирек
тұлғадай әсерлі, нанымды болмас еді.
Синонимдік қатардың біреуін таңдауда олардың белгілі
экспрессивтік бояуы барларына көбірек көз тігіледі. Мыса-
лы, мына сөйлемдегі көсемше тұлғалы екі етістікке назар
аударалық.
Кеңсе қызметкерін жаңылдырып, тез миландыру үшін
Жұмағұл бір жайды
көптіріп,
екінші жайды
шөмейте
сөйлеп
есебін тауып жүр.
Бөлініп көрсетілген сөздердің
асырып, кішірейтіп деген
синонимдік қатарлары осы сөйлемде айтылған ойдың мо-
дальдық үніне сай келмес еді, өйткені мұндағы кейіпкердің
өзгелерді жаңылдыру, миландыру сияқты жағымсыз қылық-
тарын баса көрсетуге лексикалық мағынасының өзінде
Достарыңызбен бөлісу: