115
Сірә, қазақ қауымында бұл термин XVI-XVII ғасырларда-
ақ
сұлтан, төре
сөздерімен ауыстырылып, көбінесе, титулдық
мәннен гөрі хан әулетінің жас өркіндері (жас балалары –
ұлдары) деген сипаттамалық қызметке көшсе керек, өйткені
жазушы тағы бір жерде «бала Сүйінішті сұлтан» деп те атайды.
Әкімшілік лауазымдары мен әлеуметтік топтардың және
қызмет адамдарының атаулары ретінде оқырман осы ро ман
беттерінен
қалға, күріген, қума, емелдес, қазынадар, дархан
сияқты сөздерді де кездестіреді. Бұлар – қазақ көркем әде-
биетінде көп жұмсалмайтын қолданыстар. Олардың ішінде
қалға, күріген, құма –
түркі-монғол тілдеріңде ертеде қолда-
нылған сөздер:
қалға
– ханның ізбасары ретінде хан әулетінен
ұлысбектері, би, батырлар қалаған (сайлаған) сұлтан,
күріген
–
монғол сөзі, мағынасы «күйеу бала», көне монғолша
гүрген,
қазіргі монғол тілінде
хургэн,
қалмақ тілінде
кургн,
сондықтан
Мағауиннің мұны қазақша
күріген
деп тұлғалағаны – дұрыс,
бұл – Қадырғали Жалайыри қалдырған шежіреде тек жалқы
есімдермен келетін титул (
Буту гурген, Туралчы гурген
деген
сияқты). Түркі-монғолдардың әлеуметтік-саяси құрылысында
ханның күйеу балаларының сословиелік орны болған, яғни
ханның батыр, беделді күйеу балалары өз балаларының
дәрежесіне теңестіріліп, олар ел басқару, қол басқару істеріне
қатыстырылатын болған. Тарихи роман жазушы бұл шындықты
да көрсете кетуді артық көрмейді және ең бір ұтымдысы
қалға,
күріген
сияқты бүгінгі қазақ оқырманы білмейтін сөздердің
мағынасын өзі ашып беріп отырады:
Қалға сайлау
–
қазақтың
көне дәстүрі, ізбасар керек
(І, 13). [Тәуекел ханның қарындасы
Асыл – ханымды алған] Сейтек, әрине, жүрегі жарыла қуанады.
Іргелі елге кірме емес, туыс бола ды.
Достарыңызбен бөлісу: