182
психологиясын, ой түйіндеу қабілетін (ерекше лігін), тіпті
сөйлеу үстінде жиі қолданатын сөздері мен сөз түйдектерін де
жақсы білуі керек. Әйтпесе әңгіме нанымсыз шығады.
Т.Ахтанов Нәзираны сөйлетеді, кітаптың 367-бетінде баян-
далған оқиғалар мен суреттелген адамдар, оларға берілген
бағалар Нәзираның «аузынан шыққан». Жоғарыда айттық,
сөйлеуші кейіпкер 19 жасар, орысшасы мәз емес, «қазақша да
көп сөйлей бермейтін» Нәзира мен жазушы Ахтановтың (егер
осы романды Тахаң жазушы атынан баяндаса) сөз бен сөйлеу
машығына келгенде, аралары алшақ жатыр. Сондықтан жа-
зушы роман тілін Нәзираға икемдейді. Бірақ икемдеу деген –
шығарманы таза ауыл қызынша, «түк көрмеген» жасөспірімше
тым қарапайым, тым жұпыны, тым «ауылша» сөйлетіп жазу
емес. Белгілі орыс жазушылары, «сондай-ақ дүние жүзіндегі
ең шебер өзге жұрт жазушылары» сияқты жазушы Ахтанов та
сөйлеудің фото (ксеро) көшірмесін бермейді, тым қарапайым
күнделікті сөйлеу элементтерін, жергілікті ерекшеліктерді
көп қоспай-ақ кейіпкерін түсінікті, көңілге қонымды, құлаққа
жағымды, «әдеби тілге» ұқсас түрде сөйлеуге икемдейді. Со-
нымен қатар ауызекі сөйлеу үрдісіне тән одағай, қыстырма
сөздерді, сөзін (ойын) дәлелдей түсетін мақал-мәтелдерді,
ретімен келіп тұрған кейбір қарапайым, тіпті тұрпайылау
сөздерді беріп отыруы – Нәзира әңгімесін шынайы етіп
шығарған. Фактілер келтірелік.
Баяндау мәнері – кәдімгі әңгіме айту стилі: сөйлем дер,
негізінен, шұбалаңқы емес, жинақы:
Онда қуанып оянушы едім... Адамның көңілі тоқ, төрт
құбыласы түгел болса, ұйқы мен ояудың арасында сондай
бір тәтті сәттер болады. Оны бірден сілкіп тастап, ұшып
тұруға дәтің бармайды. Тек мені елегізіткен бір нәрсе оң
жағым ойсырап жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: