Н. Т. Байкадамов А. К. Абжанова


 Базель III енгізу: оның сипаттамасы мен күтілетін әсері



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата21.12.2023
өлшемі1,34 Mb.
#142055
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
 
4.2 Базель III енгізу: оның сипаттамасы мен күтілетін әсері 
 
Базель III негізгі талаптары Комитет мүше елдерінің қаржылық және 
экономикалық дағдарыстар бойынша банк жүйелерінің тұрақтылығын 
кӛтеруге, тәуекелдерді басқару мен оларды бағалаудың сапасы жақсартуға, 


59 
қаржылық институттармен ақпараттар айқындығы мен ашу стандарттарын 
арттыруға бағытталған. 
Базель III негізгі міндеті-банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету 
мақсатында, капитал мен ӛтімділік бойынша жаһандық ережелерді күшейту. 
Базель III(2010ж. желтоқсанында қабылданған) нормативтерін 2013ж. 
2018 жылға дейін енгізу жоспарлануда. Базель II салыстырғанда, Базель III 
негізгі ӛзгерістері банктердің капиталын есептеулерді, капитал мен ӛтімділік 
бойынша пруденциалдық талаптарды қамтиды.
Сонымен қатар, Базель III капиталдың қосымша буферлерін енгізеді: 
консервациялық буфер мен контрциклдық буфер. Базель III себептерін талдай, 
сарапшылар «негізгі себептердің бірі - қаржылық делдалдардың қызметтерін 
пруденциалды реттеудің сәтсіздігі» деп атап кетті. Қаржылық жаһанданудың 
жағдайларында,
-Қысқамерзімді ӛтімділік кӛрсеткіші (LCR); 
-Таза тұрақты қорландырудың кӛрсеткіші (NSFR); 
-Қаржылық қаржылық делдалдардың қызметін реттеу саласында 
ұйымның ұлттық стандарттары қазіргі заманғы талаптарға сәйкес болу басылды 
[42]. 
Базель III банк капиталының сапасы мен құрылымы бойынша талаптарды 
қатайтады: бірінші деңгей капитал жеткіліктігі мен оның құрамдас бӛлігі-
базалық капитал бойынша минималды талаптар енгізіледі, капиталдағы 
гибридті құралдарды тану біртіндеп тоқтатылып, капиталдан регулятивті 
шегерулердің тізімі анықталады. 
«Базель III» стандарттарының құрылымы екі негізгі бӛлімнен тұрады: 
бірінші бӛлім тәуекелмен байланысты капитал құрылымына талаптарды 
сипаттайды, ал екінші бӛлім банктер ӛтімділігінің тәуекелін бақылауына 
арналған. 
Базель III негізгі элементтері: 
-Регулятивті капиталды есептеудің жаңа тәртібі; 
-ПФИ-мен (CVA) биржадан тыс мәмілелер бойынша контрагент тәуекелі; 
-Капиталды сақтау буфері; 
-Контрциклдық буфер; 
-Базалық капитал жеткіліктілігінің нормативі (СЕТ I); 
-Негізгі капитал жеткіліктілігінің нормативі ( TIER I);тетік (Leverage)-
тәуекелді есепке алмай, активтерді капиталмен жабу нормативі. 
Бірінші деңгейдің базалық капиталы ӛзіне қарапайым акцияларды (немесе 
акционерлі емес компаниялар үшін олардың эквиваленттері),сонымен қоса 
бӛлінбеген пайданы, қарапайым акциялар бойынша эмиссиялық кірісті қосады. 
Базалық капиталды есептеу мақсатында материалды емес активтер, 
кейінге қалдырылған салықтық активтер, банктің қарапайым акцияларға 
тікелей және жанама салымдары, олардың қатысу үлестері, банктің есебінен 
иеленген меншікті акциялар, жыл бойы болған шығын және басқа шегерулер 
сияқты регулятивті түзетулер жүргізіледі.


60 
Нәтижесінде Базель стандарттары бойынша базалық капиталдың 
минималды мәні-4,5%. 
Комитет базалық капиталға талаптарды біртіндеп жоғарылатуды рұқсат 
етеді(ұлттық регулятордың қарауына байланысты): 2013 жылда 3,5%, 2014 
жылы 4%, ал 2015 жылы 4,5%. 
Бұл талаптарды кӛтерудің прогрессивті жинағын барлық елдер 
пайдаланбағанын атап ӛту керек. Мәселен, Қытай базалық капитал 
жеткіліктілігі бойынша 5% мӛлшерінде талаптарды тез арада енгізді, ал Индия-
5,5%. 
Бірінші деңгейдің қосымша капиталы ӛзіне келесіні қосады: 
конверсиялаудың бірыңғай критериясына сай гибридті құралдар, шығындарға 
есептен шығарулар мен қосымша критерийлер бойынша жеделсіздік, сонымен 
қатар қосымша капиталда есепке алынатын құралдардан эмиссиялық кіріс 
(регулятивті түзетулерді есепке алғанда).
Мәселен, қосымша капиталдағы еншілес қоғамдастықтың қатысуы, 
еншілес қоғамдастыққа берілген субординирленген несиелер және басқа 
шегерулер. 
Базель I мен II келісімдерімен салыстырғанда Базель III-те шегерулер 
бойынша негізгі жүктеме бірінші деңгейдің базалық капиталына тиесілі. Базель 
III екінші деңгейлі қосымша капиталдың шамасын бірінші деңгейлі капиталдың 
шамасымен шектемейді, ал тәуекелдерді жабу үшін капитал компоненттерінің 
жеткіліктілігі бойынша минималды талаптарды орнатады. 
Сонымен қатар бірінші деңгейлі капитал бойынша талаптарды біртіндеп 
кӛтеруге рұқсат етіледі: 2013ж. 4,5%, 2014ж. 5,5%, 2015ж. 6%. 
Жаңа стандарттар капиталдың екі буферін құруды қарастырады: 
консервация 
буферы(conservation 
buffer) 
мен 
контрциклдық 
буфер(countercyclical buffer range). 
Консервация буферын құрудың негізгі мақсаты-жүйелік экономикалық 
құлдырау кезінде банктің тәуекелдерін жабу мақсатында капитал 
жеткіліктілігін белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Консервация буферын ұтап тұру 
мақсатында банктер пайданы бӛлуде(ол капиталға бағытталу үшін)шектеулі 
болады.Аталған кӛрсеткіш 2016жылдан 0,625%-ға артып, 2019ж. 1 қаңтарына 
2,5% дейін жыл сайын ӛседі.
 
Банктердің асыра несиелік белсенділігін шектеу контрциклдық буферды 
құрумен реттеледі.Контрциклдық буфер экономикалық ӛрлеу кезінде 
банктердің несиелік белсенділігін шектеуге және экономикалық құлдырау 
кезінде оны ынталандыруға арналған. 
Бірінші деңгейлі базалық капитал (шығындарды қылғу қабілеттілігі бар 
құралдар) критерийлеріне сай құралдардан капитал буферлері құралатынын 
атап ӛту қажет. 
Базель бойынша жаңа регулятивті кӛрсеткішті-«leverage ratio»((бұл-
банктің барлық активтерінің қатынасы(оның бірінші деңгейлі капитал бойынша 
тәуекелін ӛлшемей)) енгізу туралы ұсыныстар ӛңделуде.


61 
Левериджтің минималды кӛрсеткішін бірінші деңгейлі капитал үшін 3% 
мӛлшерде орнату жоспарлануда: Комитет кӛрсеткішті бақылау мен мүмкін 
түзетулерді енгізу мақсатында, бұл коэффициентті тестілеуді 2013 ж. 1 
қаңтарынан 2017 ж. 1 қаңтарына дейін жүргізуді болжап отыр.
Базель III банктердің тұрақтылығн бағалау үшін ӛтімділіктің екі деңгейін 
енгізеді: Оларды мен екінші бӛлімде толық қарастырдым. 
Сонымен қатар ӛзгерістер активтер тәуекелін есептеуге тиісілі: активтер 
секьюритизация операциялары, РЕПО мәмілелері, туынды қаржылық 
құралдармен операциялар, контрагенттің несиелік тәуекелі (CCR-counterparty 
credit risk) бойынша капиталды жабу талаптарын арттыру. Құжат тәуекелдің 
бұл түрін бағалаудың жолын CVA кӛрсеткіші арқылы анықтайды(Credit Value 
Adjustment).
Ссуда бойынша несиелік тәуекелмен салыстырғанда, CCR шығындардың 
екіжақты тәуекелін қалыптастырады: бұл келісім жақтары бойынша 
транзакцияның нарықтық құны оң немесе теріс болуы мүмкін, ал нарықтық құн 
белгісіз шама болып табылады және негізгіқұраушы нарық факторларының 
ӛзгеруіне байланысты ауытқуы мүмкін.
Сонымен қоса, Базель II сәйкес бірінші және екінші деңгейлі капитал 
шегерулердің орнына, секьюритинирленген активтерге салымдар үшін 1250% 
ӛлшеу коэффициенті орнатылған(регулятивті капиталмен 100%-ға жабуға тең)
Орталық контрагентке талаптар бойынша несиелік тәуекелді есептеу 
ӛзгереді. 
Стандартталған әдіс шегінде ОКА-ке талаптар 2% кем емес 
коэффициентпен ӛлшенуге тиіс(бұрын ӛлшенбеген). 
Қосымша (IRB әдіс шегінде) ірі қаржы ұйымдарының (банктер, 
брокерлер/дилерлер, 100 млрд. доллардан астам активтері бар сақтандыру 
компаниялары) несиелік тәуекелін есептеу үшінкорреляция коэффициенті 25%-
ға артады. Демек, бұл модель параметрлеріне талаптардың ӛзгерісі. 
Базель III аталған барлық рекомендациялары банк тұрақтылығын 
кӛтеруге мүмкіндік береді ме?Бұл сұраққа екіжақты жауап беруге болады. 
Банктер ӛз тәуекелдерін бағалай алатын кезде бизнесті жүргізудің жақсы 
жағдайларында банктердің тұрақты жұмысы үшін капиталдың анағұрлым 
деңгейі қажет.
Бірақ, басқа жақтан, егер тәуекелдерді дұрыс емес бағаламаса, Базель III-
гі «қауіпсіздік жастықтың артуы» жеткіліксіз болады. Мәселен, 2007-2009 жж. 
қаржы жүйесін құлатқан ипотекалық несиелермен бӛлшек банк жұмыс 
істемесе, онда сол банк несиелерді қайтармаудың проценттерінің күрт ӛсуіне 
шалдығуы мүмкін. 
Солай, Базель III банк жүйесін кішігірім циклдық тәуекелдерден 
қорғайды, бірақ тек қана циклдық тәуекелдерден қорғайтынын атап ӛту керек. 
Дағдарыстан немесе ЕЭО-ғы (Грекия) борыштық дадғдарыстар сияқты жүйелік 
дағдарыстардан Базель III қорғауы мүмкіндігі аз.
 
Жаңа нормативтерді енгізудің кемшіліктері: 


62 
-Біріншіден, алдағы 8 жылда банктерге акционерлік капиталға 1 триллион 
долларға дейін салымдар керек болып қалуы мүмкін. 
Әлемдік экономиканың баяу ӛсу жағдайында банктер мұндай қаржылық 
ресурстарды табатыны белгісіз. 
-Екіншіден, капитал үлкею бұл капиталдың құнының кӛбеюін білдіреді, 
яғни банктерге ӛз пайдаларын екі есе кӛбейту керек болады. Ал пайданы 
арттыру үшін банктер несиелер бойынша пайыздарды кӛтеруге тура келеді. 
Пайыздық мӛлшерлеменің ӛсуі үлкен болмайды, жылдық есептеуде 0,25%-дан 
артық болмайтын шығар. Осындай пунктерге несие бойынша процент ӛсуі әлсіз 
экономикаға теріс әсерін тигізе алады.
-Үшіншіден, банктік жүйеде қосылу мен жұтылу болуы мүмкін, әсіресе, 
бұл ЕО-қа қатысты.
Ал қосылулар банктердің санын, банктік саладағы бәсекелестікті және 
жүйенің тұрақтылығын (себебі ойнаушылар неғұрлым аз болса, бүкіл жүйе 
соғұрлым тұрақсыз болады) азайтады. 
Жалпы әлемде Базель III стандарттарын енгізу және оған сәйкес Банк 
капитал құрамының минималды талаптары және оларды енгзу кезеңдері 
тӛмендегі Кесте 20 мен Кесте 21-де кӛрсетілген [43]. 
Кесте 20- Әлемде Базель III стандарттарын енгізу мерзімі 
2013 2014 2015 
2016 
2017 
2018 
2019 
Бірінші деңгейлі базалық 
капитал (минимально 
допустимый показатель) 
3,5 
4,0 
4,5 
4,5 
4,5 
4,5 
4,5 
капитал консервация 
буфері 



0,625 
1,25 
1,875 
2,5 
базалық капитал+ капитал 
консервация буфері 
3,5 
4,0 
4,5 
5,125 
5,75 
6,375 
7,0 
1-ші деңгей капиталы 
(минимально допустимый 
показатель) 
4,5 
5,5 
6,0 
6,0 
6,0 
6,0 
6,0 
жиынтық капитал 
(минимально допустимый 
показатель) 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
жиынтық капитал+ капитал 
консервация буфері 
8,0 
8,0 
8,0 
8,625 
9,25 
9,875 
10,5 
1ші және 2-ші деңгей 
негізгі емес капитал 
кӛздерінің құрамына 
қосуүшін критерийлерге 
сәйкес келмейтін құралдар 
2013 жылдан бастап 10 жыл бойы біртіндеп алып тастау
Базалық капиталдан кейбір 
активтерді біртіндеп алып 
тастау

20 
40 
60 
80 
100 
100 


63 
Базель комитетінің бұрынғы басшысы Стефан Вальтерге сәйкес, «Базель-
III» енгізудің себептері келесідей болды:
-Банктік дағдарыстың теріс әсері. Банктік дағдарыс экономикалық 
ӛндірістің құлдырауына (ІЖӚ 60% дейін) әкелетіні дәлелденген. 
-Банктік дағдарыстардың жиілігі. 1985 ж. бастап Базель Комитетінің 
мүше елдерінде мүше ел үшін 5% тең ықтималдыққа сәйкес келетін 30 аса 
банктік дағдарыстарды санауға болады. Базель III бенефиттері оны енгізумен 
байланысты шығындардан асады, себебі банктің тұрақты жүйесі тұрақты 
дамудың негізі болып табылады, сонымен қоса ұзақмерзімді кезеңмен 
байланысты қосымша оң әсер береді. 
Ал жаңа стандарт бойынша банк капиталының құрамының минималды 
талаптары және оларды енгізу кесте 21-де кӛрсетілген. 
Кесте 21- Банк капитал құрамының минималды талаптары және оларды енгізу 
кезеңдері 
2013 
2014 
2015 
2016 
2017 
2018 
2019 
Бірінші деңгейлі базалық 
капитал/RWA 
3,5 
4,0 
4,5 
4,5 
4,5 
4,5 
4,5 
Буферлік капитал/ RWA 
0,625 1,25 
1,875 
2,5 
2,5 
Контрциклдық капитал 
0,625 1,25 
1,875 
2,5 
Акционерлік капитал+буфер 
3,5 
4,0 
4,5 
5,125 
5,75 
6,375 
7,0 
Капитал жеткіліктілігінің 
коэффициенті 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
8,0 
Капитал жеткіліктілігі+буфер 
8,0 
8,0 
8,0 
8,625 
9,25 
9,875 
10,5 
Акционерлік капитал үлесі 
4,0 
4,5 
4,5 
4,5 
4,5 
4.5 
Резервтік буфер 

0,625 
1,25 
1,875 
2,5 
2,5 
Жоғарыда айтылғанға қарап, Базель III-ң шаралар ауқымы кең екенін 
анықтауға болады- микро-пруденциалды деңгейде (жеке банктердің 
тәуекелдері) де: 
-капиталды базаның нығайтуы; 
-борыштық жүктеме коэффициентін (leverage ratio) енгізу; 
-қысқамерзімді және ұзақмерзімді қаржыландыруға міндеттемелерді 
енгізу; 
Макро-пруденциалды деңгейде (барлық банк секторының тәуекелдері): 
-контрциклдық буфер және капитал сақтау буферін енгізу; 
-борыштық жүктеме коэффициентін енгізу. 
Енді жоғарыда айтылған жаңаенгізулерді сегменттеп,олардың келесі 
категориялары бойынша салдарларын қарастырайық: 
1. Капитал сапасы мен мӛлшердің жоғары болуы.«1-ші деңгей 
капиталына (екі бӛлікке бӛлінеді: 1-ші деңгейдің капиталы мен 1-ші деңгейдің 
қосымша капиталы) және 2-ші деңгейдің капиталына» қатаң минималды 
талаптарды енгізуде банктер қаржы ресурстарына елеулі қосымша талаптарға 
тап болады (Кесте 22 қараңыз).


64 
Солай, жеткіліксіз қаражаттардың кӛп бӛлігі қарапайым акциялар немесе 
тӛленбеген дивидендтер есебінен жабылуы керек, ал бұл капитал сапасын 
кӛтеруге әкелуі керек.
Сәйкесінше, бұл қазіргі де ликвидациялық сценарий кезінде банктердің 
шығындарды ӛтеу қабілеттілігінің кӛтерілуіне әкелуі керек.
Жоғарыда кӛрсетілгендей, банктер ӛз баланстарын тез арада тазарта 
бастайды және Комитеттің реттелетін капиталды базаны құрамын, 
транспаренттілігін, сапасын нығайту шаралары жүзеге асырылады. 
Кесте 22- Капитал құрамы бойынша минималды талаптар мӛлшері 
Жалпы капиталдың минимум 8% 



1-ші деңгейдің базалық капиталы-
4,5% 
I деңгейдің капиталы 
1-ші деңгейдің қосымша капиталы-
1,5%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет