Арнайы мектепте қазақ тілі јдістемесі



Pdf көрінісі
бет59/73
Дата21.12.2023
өлшемі1,75 Mb.
#142073
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Сұрақ пен тапсырма 
1.
Бастауыш сыныптарда сан деген, сан есім деген ұғымдар қалай 
танытылады? 
2.
Сан есімді таныстыруда оқушылардың математикалық білімін 
қалайша пайдалануға болады? 
3.
Сан есімнен ір сыныпта меңгерілетін білім мазмұны қандай 
және оларды кеңейте, дамыта оқыту жолын түсіндіріңіз. 
4.
Сан есімді оқытуға байланысты емле жөнінде айтыңыз. 
 
Әдебиеттер: 
1. Аксенова А.К. «Методика обучения русскому языку в коррекционной 
школе», М., 2004 
2. Барская Н.М. «Методика обучения русскому языку в 5-9 классах 
вспомогательной школы. М., 19923. 
3. Рахметова С.Р. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы»
Алматы, 2007. 
4. Арнайы білім беру бағдарламасы : қазақ тілі бөлімі. «ӘБЕО орталығы», 
2009. 
 
11. Үстеуді оқыту әдістемесі 
1.
Үстеудің мақсат-міндеттері,лексикалық мәні. 
2.
Үстеу сөздердің етістікпен байланысы. 
3.
Үстеулердің әр алуан құрылымы,әдістері 
Үстеудің лексикалық мәні іс – әрекетті болуы жөнінде мәлімет беру екені, 
оның сөз таптары ішінде тек қана етістікке байланысты меңгертіледі. Іс – 
әрекетті білдіруі жөнінен оның қашан болуы туралы – орнын, қалай болуы 
туралы – жай – жапсарын айқындайтыны танытылады. Соған орай үстеудің 
мағыналық белгісі жөнінен мезгілдік үстеу, мекендік үстеу және қимыл−сын 
үстеу болып бөлінетіні түсіндіріледі. Олардың формалық (құрамдық) белгісі 
бойынша негізгі түбір күйдегі үстеулер үйретіледі. 
Үстеуді сегізінші сыныпта оқытуда көзделетін мақсаттың бірі – оның 
басқа сөз таптырынан өзгеше лексикалық мәнін таныту. Бұл ретте үстеудің 
сөйлемдегі сөздермен байланысына назар аудaрылады, демек үстеуде 
етістікке бейім жұмсалып, істің әр алуан жағдайын айқындап тұратыны 


түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, етістік арқылы білдіретін іс−әрекетті 
айқындап, оның ұғымын үстемелеп көрсетеді. Мысалы, «мен−келдім» 
дегенде, сөйлеуші адамның оның келгені жөнінде ғана айтылады. Осы ойға 
байланысты көптеген жағдай ашылмай қалып тұр. Сондықтан – Сен қашан 
келдің? – Сен қайдан келдің? –Сен қалай келдің? тәрізді көптеген сұрақ 
туындайды. Ал, бұлардың жауаптары іс−әрекеті (келуді) жан−жақты 
айқындап үстеулер арқылы ғана беріледі. – «Кеше келдім. Осында келдім. 
Жылдам келдім». 
Бұл қолданыста «кеше, осында, жылдам» − деген үстеу сөздер етістікке 
байланысты айтылып, сөйлемде іс−әрекетті айқындайтын тұрлаусыз мүше 
болып тұрғаны да аңғарылады. Оқушылар сегізінші сыныпта сөйлем мүшесі 
туралы жалпы түсінік және бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүшелер 
екендігі туралы әжептеуір мағлұмат алды, сөйтіп қазір сегізінші сынып 
оқушылары тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшелер бар екендігінен 
бейхабар емес. Осы дайындықтарына орайластырып, үстеулердің сөйлемде 
тұрлаусыз мүше қызметін атқаратындығы жөнінен ұғым бере беру керек. 
Әдістемелік тұрғыдан алғанда үстеулерді таныту жолы−негізінен екеу. 
Бірі−үстеу сөздің етістікпен байланысты екенін түсіндіру, екенішісі – 
үстеулерге қойылатын Қанша? Қайда? Қалай? деген сұрақтарды ұғындыру. 
Осылар арқылы балалар үстеулерді таныса, талапқа сәйкес білім, дағды 
алғаны болып саналады. 
Үстеулердің әр алуан құрылымы болатынының сөз құрамы тақырыбын 
қайталау үшін де маңызы бар, бұл түбір сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос 
сөз, сөз тіркестірінің жазылу емлесін пысықтауға қолайлы мүмкіндік 
туғызады. Мұғалім осыны пайдаланып қалуы тиіс. Жазылуы қиын сөздерді 
сөздікке ендірген жөн. Мысалы: «таңертең, бүрсігүні, кешқұрым» кейбір сөз 
тіркесі құрылымында да айтыла береді. Осындай жағдайларды оқушыларға 
бақылататын, әлгі сөздер арқылы беріліп тұрған лексикалық мағына, 
стильдік оралымдарды танытудың балалардың ойын дамытып, тілін 
байытуға пайдасы мол. Ол үшін мынадай салыстыру тәсілін қолдануға 
болады, мысалы: 
1.
Жігіттер тез қимылдайды. (Қалай қимылдайды?). 
2.
Самат тез – тез киінді. (Қалай – қалай киінді?). 
3.
Асан тез арада келе қоймас. (Қашан келе қоймас?). 
Екінші мысал: 
1.
Ілгері басқан аяғың кейін кеткендей болды. 
2.
Кейін оларды дән шоқуға үйретті. 


Бұл екі сөйлемде «кейін» сөзі екі түрлі сұраққа Қайда? Қашан? Жауап 
беріп тұрғанына қарай алдыңғыда мекен – мәнді, кейінгіде мезгіл мәнді үстеу 
болып тұрғанын аңғарту. 
Енді біраз үстеулерден синонимдік қатар жасатып үйретсе, сабақтың 
тартымдылығы артады, оқушылардың лексикалық талғамы кеңейеді. 
Мәселен, «шапшаң, тез, жылдам; ақырын, жайлап, тез – тез, жалма – жан». 
Қос сөз формасында айтылатын үстеулерден қарсы мәнді (антоним) 
білдіретін мысалдарды да оқушыларға таптыртуға болады. Мысалы: жоғары 
– төмен, ілгері – кейін; қысы – жазы, күндіз – түні, ертелі – кеш. Аталған сөз 
жасау, ой тудыру тәсілдеріне оқушыларды машықтандырып керекті 
мысалдарды өздеріне ойлатқан тиімді. 
Әдебиеттер: 
1. Аксенова А.К. «Методика обучения русскому языку в коррекционной 
школе», М., 2004 
2. Барская Н.М. «Методика обучения русскому языку в 5-9 классах 
вспомогательной школы. М., 19923. 
3. Рахметова С.Р. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы»
Алматы, 2007. 
4. Арнайы білім беру бағдарламасы : қазақ тілі бөлімі. «ӘБЕО орталығы», 
2009. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет