124
5-Тарау. Жалпы гистологияның негізгі уғымдары
Кейбір тіндерде жасушалардын белсенді көбеюі организмнін өсуі
токтағанша жалғасады. Организмнін өсуі токтағаннан кейін де оларда
аздифференцияланған жасушалардың сакталғанына карамастан,
оларда енді
әрі карай физиологиялык регенерация жүрмейді. Маманданған жасушалардын
кездейсок өлуіне жауап ретінде аздифференцияланған жасушалар көбейе
бастайды және популяциясы осы жолмен калпына келеді. Жасушалар по-
пуляциясы калпына келген сон жасушалардын көбеюі кайтадан басылады.
Мұндай тіндерді
өсетін тіндерге
жаткызады. Оларға тамырлардын эндотелиі,
нейроглия, бауыр эпителиі мысал бола алады.
Өсуі токтаған сон жасушалардын көбеюі жүрмейтін тіндер де бар. Мұндай
жағдайда не физиологиялык, не репаративтік регенерациялар мүмкін емес.
Ондай тіндер
турақты
(
орнықты
) деп аталады. Оларға мысал ретінде жүректін
бұлшык еті мен меншікті жүйке тінін (нейрондардың жиынтығын) келтіруге
болады. Ересек адамда мүндай тіндерде регенерация
тек жасуша ішілік
деңгейде ғана өтеді.
Жоғарыда айтылған мәліметтер кыскаша 5.І-кестеде көрсетілген.
5.1-кесте.
Тіндердін регенерациялык мүмкіндіктері
Достарыңызбен бөлісу: