Дәріс №12 топырақ ауасы


топырақтың сіңіру қасиеті



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата22.12.2023
өлшемі281,21 Kb.
#142551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
12. Тема 12.

топырақтың
сіңіру қасиеті 
деп,
 
оның топырақ ішіндегі ерітінділерінің кейбір
 
қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды жəне оргалникалық 
қосылыстарды, микроорганизмдерді жəне ұнтақталмаған ірі зат-
тарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Сіңіру оның 
тəсілдеріне қарай, бірнеше түрге: механикалық, физикалық, физика-
химиялық, химиялық жəне биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К. К. 
Гедройц. 1933). 
259 


12.4.Топырақ жылу режимін реттеу шаралары 
Жылу – өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордың бірі. 
Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамырлары үшін 
температураның маңызы зор. Топырақ қабатында температура 
төмендеген кезде тамырлар жүйесі, ал көтерілген кезде өсімдіктің 
топырақ бетіндегі бөлігі жақсы дамиды. Өсімдік тамырларының 
белсенділігі мен тіршілік əрекеті топырақ қабатындағы 
температураға байланысты. Дəннің өне бастауы мен көктің пайда 
болуы үшін опти-малды температура қажет. 
Көптеген егіншілік аймақтарда дəн түсетін тереңдіктегі 
топырақтың белгілі бір температураға дейінге жылуын тұқым 
себуге қолайлы мерзім ретінде пайдаланады. 
Жылу – топырақтың қажетті қасиеттерінің бірі. Жылу əсерінен 
микробиологиялық жəне химиялық процестердің қарқыны өзгереді, 
өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай туады. Топырақ 
жылуды негізінен күн сəулесінен алады. Сонымен қатар, жылу 
топырақтағы микробиологиялық процестерден, өсімдіктер мен жа-
нуарлар қалдықтарының шіруінен, топырақ құрамындағы кейбір 
заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буының қоюланып суға ай-
налуынан да пайда болады. 
Күн нұрының əсерінен əрқилы топырақ түрліше жылынады. Ылғалы 
мол ашық түсті топыраққа қарағанда, қарашірікке бай, құрғақ топырақ 
анағұрлым тез жылынады. Құмдақ топырақ сазды топырақтан оңай 
жылынады. Температураның əсерінен топырақ бөлшектері əрдайым 
бұзылып отырады. Ауа райының жағдайларына қарай топырақтың жылу 
тəртіптері де өзгереді. Топырақ қабатының жылынуы күн сəулесіне 
байланысты 
болады. 
Осы 
энергия 
көзінің 
əсерінен 
ондағы 
микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Күн сəулесінің, əсіресе, 
ультракүлгін сəулесі микроорганизмдерге жойқын əсер етеді. Ғылыми 
деректерге қарағанда, өсімдіктер суды өздері салқындау үшін буға ай-
налдырады екен. Ал булану үшін көп жылу қажет. Топырақтағы пай-далы 
микрорганизмдер жоғары жəне төменгі температураға мейлінше төзімді, 
əйтсе де олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30

болып саналады.Топырақтың бұл температурасы мəдени өсімдіктер 
үшін де қолайлы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар 
өзінің тіршілік əрекетін күрт тежейді, ал көктемде топырақ қайта 
жылынғанда олар бұрынғы қалпына келеді. 
260 


Топырақтың күн сəулесі əсерінен жылынуы оның қай жерде 
орналасқанына да байланысты болады. Мысалы, таулы жерлер-де, 
оңтүстік баурайда кездесетін топырақтар басқаларға қарағанда 
жақсы жылынады, шығыс жəне батыс баурайдағылар орташалау, ал 
солтүстік баурайдағылар бəрінен де солғын жылынады. 
Топырақтың жылуы су жəне ондағы ауа арқылы төменгі 
қабаттарға тарайды. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып 
(қызғанда), біресе кішірейіп (суығанда) отырады, ал мұның өзі оның 
тез үгілуіне себепкер болады. 
Топырақтың қыс кезеңдерінде жылы сақталуына, оның бетінде 
қардың көп жиналуы септігін тигізеді, ал қардың көп жиналуына 
өсімдіктер əсер етеді. 
Кейбір жағдайларда топырақтағы жылуды сақтау үшін оның беткі 
қабатын торфпен жəне де басқа қопсыған құрғақ затпен (қалыңдығы 
1,0-1,5 см шамасында) жабады. Бұл үшін солтүстіктің қара 
топырақтарын жəне жылуды көбейту үшін торф қолданылады, ал 
оңтүстікте топырақ өте қызатындықтан, оларды біршама салқындату 
үшін астық бастырудан қалған қалдықтармен жабады, бұл тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет