Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Болмыс. Онтология және метафизика



Pdf көрінісі
бет8/35
Дата22.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#142567
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
философия по вопросам

 
Болмыс. Онтология және метафизика 
1. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы. 
2. Болмыстың түрлері.
3. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы.
4. Қозғалыс, кеңістік және уақыт.
5. Философияның 
негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, 
құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, 
салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық.
6. Идея және рухани құндылықтар болмысы. 


1. Болмыс философиялық категория ретінде: оның мәні және ерекшелігі 
Философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, 
ондағы адамның орны мен ролі пысықтау жатады. Онтология деп болмыс туралы оқуды 
айтады. Болмыс —барлық бар нәpceнi белгілейтін философиялық категория. Біз заттардың 
болмысы туралы, бізді қоршаған табиғат, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз сүріп 
отырған қоғамның болмысы, т. б. Жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша айтқанда, болмыс 
түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше сөзбен айтқанда, болмыс — 
дүниеде не бар, соның бәрі — ол материалдық та құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам 
санасында болып жататын шығармашылық та актылар. Болмыс бар, яғни әлдебір шындық 
түрінде өмір сүреді және осы шындықпен адамның ұдайы санасып отыруына тура келеді.
Ежелгi Греция философтары Парменид пен Гераклит дәуiрлерiнен берi бұл нәрсенi 
“онтос”-“болмыс” деп атады. Бiз өмiр сүредi деп айқын қабылдайтындай не нәрсе 
болымды? Философиядағы классикалық ұғым “онтос” арқылы дәл осының құрылымын 
қарастыруға болады. Сондықтан философия құрылымын талдауды “философиялық бiлiм 
құрылымының онтологиялық принципi” деп айтамыз. Бұл тұрғыдан алғанда, оның ең 
бастапқы саласы, iргетасы онтология, болмыс туралы iлiм болып табылады. 
Бұл әлем – болмыс деген ұғыммен белгіленеді. Болмыс – идеялар әлемі. Оны сезім 
мүшелері, түйсік арқылы танып білуге болмайды. Оны ақыл- ой арқылы, ұғымдармен ғана 
танып білеміз. Мұнда ақыл алдайтын сезімдікке сүйенбей, ұғымға, логикамен тексерілетін 
ұғымдар жүйесіне сүйену керек. Логика ережесімен бір ұғымнан екінші ұғымға өтіп, 
нәтижесінде біз ақиқатқа жете аламыз. Сонымен, ақылмен танитын идеялар әлемі, мәндер 
әлемі біздің өмір сүретін «өзгермелі әлемді», «көріністі» анықтайды. Шындығында, бәрін 
ақылмен танып білеміз.
Ғылым болмысты танып білудің құралы дей отырып, оны екі салаға бөледі. Біріншісі 
– теория, ал, екіншісі – практика. Теориялық білімге логика, жаратылыс тану ғылымдары, 
метафизика жатады. Ал, практикаға этиканы және саясатты жатқызады. Ғылым адамға 
ақиқат білімді жалған білімнен ажыратуға көмектеседі. Дүние қайшылыққа толы, оның 
заңдылықтары логиканың негізгі принципі болып табылады. Оны тану үшін логикадан 
бастау керек. 
“Онтология” терминi грек тiлiнде екi сөз тiркесiнен тұрады: “ontos” – болмыс, “logos” 
–iлiм. Демек, онтология грек тiлiнен аударғанда болмыс туралы iлiм дегендi бiлдiредi. 
Философияда бұл термин ХҮII ғасырдан бастап қолданылады, бiрақ оның сол кезге дейiнгi 
де тарихы бар. Екi жарым мың жыл бойы философтар әлемдегi адамның орны туралы ой 
толғап келдi, соның нәтижесiнде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. 
Онтологияда “болу” деген қасиетке ие болатын барлық нәрселердiң мәнiн 
ашуға негiзделетiн болмыс мәселесiнiң сұрақтары қарыстырылады. Онтологияның 
негiзгiкатегориясы болмыс болып табылады. 
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған 
негiздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялардың 
арасындағы ең маңыздысы “болмыс” категориясы болып табылады. Болмыс батыстық 
рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткенi ол заттардың мәнiн бейнелейдi. Бұл 
мәндiлiк “болудың” сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды 
дүниетанымдық мәселелердi шешу барысында ой толғауды ең алдымен “барды”, “болуды” 
түсiндiруден бастайды және бұл ойлаудың негiзгi азығы болып табылады. Дүниеге 
келгеннен кейiн адамды мынадай сұрақтар мазалайды: “Қоршаған орта ненi бiлдiредi?”, 
“Оның шығу тегi қалай?”, “Әлем мен адам болмысының шеткi түпнегiзi не?”.
Болмыс туралы ең өткiр сұрақтар құдайдың құдiреттiлiгiне күмән келтiрiлiп, 
ортодоксальды ақыл-ойдың дағдарысы тұсында қойылады. Белгiлi бiр құдайлар 
пантеонының бар екендiгiне, өмiрде орын алған экзистенциалдық дағдарыстық ахуалды 
тоқтатудағы оның үстемдiгi мен құдiретiне күмән келтiрiлетiн әлеуметтiк катаклизмдер мен 
әлеуметтiк сiлкiнiстер тұсында ортодокстар арасында скепсис күшейе түседi. Қорғаны 


құдайлар мен қалыптасқан нормалар болған өмiрлiк тiреуден айрылу, тұрақтылығына 
ғасырлар бойы адамдар сенiп келген этикалық құндылықтардың салыстырмалығы мен 
субьективтiлiгi сенiмсiздiк пен үрей ұялатып, ғасырлар бойы қалыптасқан әдеттегi 
көзқарастардың жойылуына әкеледi.
Қалыптасқан экзистенциалды тығырықтан шығу жолын болмысты рационалды түрде 
негiздей отырып, оның шынайылығына сенiмдiлiк бiлдiретiн философия көрсетедi. 
Болмысты рационалды негiздей отырып, философия осыған дейiн өмiр сүрiп келген 
мифтiк-дiни тәжiрибеге философиялық рефлексия жасай отырып, дүниетанымдық 
мәселелермен айналысады. Осы уақытқа дейiн пайымдалмай келген болмыс осы жерде 
орны бар мәндiлiк ретiнде зерделене басталды. Болмыс мәселесi – бұл өзiнiң бастауын 
адамзат баласының қоршаған орта туралы дiни иллюзиялардан (сағымдардан) бас тартқан 
кезiнен алатын философиялық рефлексиялардың бiрi. Философияның қалыптасқан кезiнен 
бастап адам қоршаған орта туралы иллюзиялық-мистикалық көзқарас шеңберiнен шығып, 
оның мәндiлiгiне алғаш рет үңiле бастады. Дамыған теориялық рефлексияның арқасында 
адам нақты әлем туралы, өзi туралы, өзiнiң нақты жағдайы мен мақсаты, өзiнiң әлемдегi 
нақты рационалдық үстемдiгiнiң мүмкiндiктерi мен шектерi туралы шындыққа жақын 
көзқарас қалыптастырады. 
Философияның арқасында адам өз құдiретiнiң жаңа формасына ие болады. Бұл 
көзқарас бастапқыда адамға қуанышты әсер еттi, кейiнiрек әлемге деген астамшыл 
қатынасты қалыптастырса, ал ХХ ғасырдың соңына қарай адам ол қатынасын жоғалтып, 
негативтi бағалауға көштi. Бiрақ бұл келешекке қарамастан, бастапқыдағы ақыл-ойдың 
құдiретiне деген сенiм мен сүйенiш адамға рухани еркiндiк пен белсендi әрекет сыйлады. 
Әлемге деген мұндай белсендi әрекеттiк және рационалды қатынас болмыстағы белгiлi бiр 
тұрақты және қажеттi нақтылық туралы ойға бүтiндей негiздедi. Бұл ой әлемде белгiлi бiр 
заңдылықтың, тәртiптiлiк пен үйлесiмдiлiктiң бар екендiгi туралы идеямен тығыз 
байланысты болды және философияның көмегiмен негiзделдi. Ал адамның тұрақты және 
реттiлiкпен өмiр сүруiне кепiлдiк беретiндей нәрсе, әрине, ақыл-ой болып табылады. 
Әлем мен Адамның тұрақтылығының кепiлi өз-өзiне жеткiлiктi және универсалды 
абсолюттiк ақыл-ой болып табылады. Бұл абсолюттiк ақыл-ой әлемдегi тұрақтылықтың, 
тiреудiң және реттiлiктiң негiзi ретiндегi абсолюттiк болмыстың бар екендiгiн айғақтайды. 
Осы болмысты зерде арқылы пайымдауға мүмкiндiк беретiндей абсолюттiк ақыл-ой 
ұтастық пен Универсалдылықтың кепiлi бола алады. Ал ойдағы болмыстың өзi тұтас және 
ажырамас, нағыз және мәндiлiк ретiнде қалыптасады. Бiрақ осындай сипаттамасыз болмыс 
та, ақыл-ойдың өзi де жоқ. Абсолюттiк ақыл-ой ретiндегi философияның өзi барлық 
жалпылық туралы рефлексия, Әлем мен Адам, олардың арақатынастарына абстракциялық 
деңгейде рефлексия жасау. Мiне, дәл осындай негiз ақыл-ойды құрылымдауға 
(конструирование) мүмкiндiк бередi, яғни болмыс туралы тек оған деген ойша көзқарас 
арқылы пайымдауға жағдай жасайды. Болмыстың бар екендiгi туралы тек рефлексия 
арқылы, ол туралы абстракциялық ой-толғау арқылы ғана көз жеткiзуге 
болады. Егер абсолюттiк ақыл-ой болса, онда ой арқылы болмыстың өзiн жете игеруге 
және ол туралы түйiндер жасауға болады. Болмыс туралы абстракциялық-пайымдық 
көзқарас оның уақыттан, сезiмнен тыс екендiгi, оның жойылмайтындығы туралы 
шарттармен толықтырылады және оны тек зерделеу тәсiлiмен, яғни философиялық 
рефлексиямен ғана игеруге болады. Демек, болмысты игеру барлық жалпылық деңгейiнде 
мүмкiн болады. Және адам осы философиялық рефлексиялау қабiлетi арқылы осы барлық 
жалпылықты мойындағандықтан, бұл таза ақыл ретiнде адамның әлем туралы көзқарасына 
оның реттiлiгi, заңдылығы және қажеттiлiгi туралы идеяны қосады. Құдайдың құдiретiне 
күмән келтiрген адамдардың ең бастапқыдағы азапты iзденiстерi осы абсолюттiк бастау 
идеяларымен байланыстылығы бекерден-бекер болмаса керек. Олар бұл өзiндiк 
универсалдылыққа өзiн-өзi саналы түрде сезiну арқылы, субъективтiлiкке ие болу арқылы 
жеттi, ал оны бiрегейлендiру таза ақыл болып табылады. Ақыл-ойдың болуы мен оның 
болмысына деген сенiмдiлiкке ие болу адамға өзiнiң болмысында және әлем болмысында 


рухани күш-жiгер бередi және өзiн, санасын және қоршаған ортаны өзгертуiн, әрекет етуiне 
жағдай жасайды. Ал өз ойы мен жоспарын, сыртқы құрылымды өзгертудегi өз әрекетi мен 
актiн жүзеге асыру үшiн адам әлемге деген көзқарас тәсiлi бейнеленетiн және ондағы адам 
болмысы анықталатын философиялық онтологияны дайындап шығаруы тиiс. Әлемдегi 
адам болмысының тәсiлi және әлемге қатынас типiндегi оның бейнелену тәсiлi онтология 
болып табылады және одан бүкiл адам әлемi туындайды. Демек, әлемдегi Адамның 
позициясы көбiне социомәдени нақтылықты, яғни Адам әлемiн пайымдау мен 
қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. 
Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. 
Адамдар ерте заманнан-ақ табиғат пен қоғамда әрқашан өзгерістер болатынын, сондай-ақ, 
дүние біршама тұрақты тұтастық ретінде сақталатынын байқаған болатын. Философия тек 
заттардың өмір сүруін белгілеп қана қоймай, оның жалпылық сипатын, күрделі байланысын 
қарастырады. Заттар мен құбылыстар өздерінің барлық ерекшелігімен, қасиеттерімен өмір 
сүреді, сондай-ақ, олар барлық өмір сүрушілермен бірігеді. Осы бірігу, байланысу 
философиялық 
болмыс 
категориясымен 
көрсетіледі. 
Философиялық 
болмыс 
категориясымен дүниенің өмір сүру мәселесі анықталады. Болмыс туралы ілімді 
философияда онтология деп атайды. Болмыс ұғымына анықтама берсек, болмыс – бар 
болып, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын, құбылыстардың нақты өмір сүруін 
білдіретін категория. Болмыс категориясының ауқымы басқа ұғымдардан кең.
Дүние бар, ол шексіз, өткінші емес, біртұтас. Дүние адамның санасынан тыс және 
оның еркіне тәуелсіз түпкілікті бірлік ретінде өмір сүреді. Әрине, бұл бірлік көптүрліліктен 
көрініп тұрады. Болмыс мәселесін философиялық тұрғыдан ойлау – дүниенің бірлігі неде 
деген мәселемен шектелмейді.
Болмыстың философиялық мәселесінің екінші қоры: табиғат, қоғам, адам, сана – бәрі 
де тұтас алғанда тең өмір сүреді. Ал, бұл өмір сүрушілер формалары жағынан әр алуан. Бар 
нәрсенің өмір сүруі – дүниенің бірлігінің алғышарты болып есептеледі. 
Адамдардың санасы, ақыл-ойы, көңіл-күйі, ішкі сезімі бәрі де – болмыс. Болмыс 
мәселесінің үшінші қоры – дүниеде өмір сүретіндердің бәрі іс жүзінде бар нақты шындық, 
бұл шындықтың өмір сүруінің өз логикасы бар, ол санада нақты түрде бейнесін таба алады. 
Былайша айтқанда, дүниенің өмір сүруі мен дамуы шындықты, объективті нақтылықты 
құрайды.
Болмысты жалпы түрде нақты және идеалды деп бөлуге болады. Нақты болмысқа 
кеңістіктік пен уақыттық сипаттағы заттардың, құбылыстардың және адамдардың нақты 
өмір сүруі жатады. Идеалды болмыс уақытқа тәуелсіз, өзгермейтін мәңгілік сипатқа ие. 
Оған: рухани құндылықтар, идеялар т.б. жатады.. Кейде идеалды болмысты ақиқат болмыс 
деп атайды.
Қорыта айтқанда, «болмыс» категориясы, философияны басқа категориялар сияқты 
дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, карастыруға 
мүмкіндік береді. 
2. Болмыстың бір бірімен өзара байланысты, негізі 4 түрі бар: 
1. Заттар мен процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен адам жасаған 
заттар болмысына жіктеледі;
2. Адам болмысы – ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік 
болмысына жіктеледі;
3. Рухани болмыс; 
4. Әлеуметтік болмыс. 
1. Табиғат – философиядағы өте кең тараған ұғымдардың бірі. Табиғат ұғымы жалпы 
алғанда барлық өмір сүрушілерді, бүкіл ғарышты қамтиды, бұл жағынан материя ұғымына 
жақын. Табиғат философия пайда болғаннан бастап, оның ең басты объектісі, пәні болып 
табылады. Адам мен табиғат тығыз байланыста. Адам табиғатта өмір сүреді, сондай-ақ, ол 
оның бір бөлігі болып табылады. Адам табиғатқа бағынып қана қоймай, өз кезегінде өзінің 
іс-әрекетімен оны бейімдеп, өзгерте алады. Сондықтан да табиғат адам үшін тек өмір 


сүруінің табиғи шарты ғана емес, сонымен қатар, оның іс-әрекеттік объектісі болып 
табылады. Ежелгі грек философиясында табиғат өзгерістері қозғалыста тұратын біртұтас 
дүние ретінде қарастырылды. Олар табиғаттың диалектикасын жорамалдап тапты. Ал, орта 
ғасырдың философиясында табиғатты құдайдың жасағаны, оның құдіреті деп қарастырады. 
Ал, Қайта өрлеу заманында табиғатқа деген қатынас өзгереді. Адам табиғаттың әдемілігін 
қабылдап, оны қуаныш көзі, тегі ретінде көреді. Табиғат қашан да болса философияның 
тақырыбынан түсіп көрген емес. Табиғат материализм үшін аса құнды объект, табиғат 
арқылы оның объективтілігін, санадан тыс өмір сүретінін түсіндіреді. 
Тіршіліктің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзатқа дейін 
пайда болған. Табиғат заттары мен құбылыстары болмысын қоршаған орта деген ұғым 
арқылы бейнелеуге болады. Ол бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғат 
адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Адамның санасынан тыс және тәуелсіз 
өз болмысы арнасына ерекше тұрпатты – шындық дүние болып табылады. Табиғат 
объективті, өзгермелі. Кеңістік пен уақытта шексіз. Кейін жер бетінде адамдар дүниеге 
келіп, адамдар өндірген, жасаған заттардан тұтас бір дүние пайда болды. Мұны «екінші 
табиғат» деп атаймыз. Табиғатқа мән беретін, оны қабылдайтын – адам. «Екінші табиғат» – 
бұл адам еңбегімен, білімімен, бірінші табиғаттың материалдарынан жасаған заттар 
дүниесі. Бірінші және екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар. өзіндік 
ерекшеліктері бар. «Екінші табиғаттың», «бірінші табиғаттан» айырмашылығы неде?
Біріншіден, «екінші табиғат» та объективті, адамнан тәуелсіз өз заңымен өмір сүреді. 
Екінші жағынан, «екінші табиғаттың» заттарына адамның затталған еңбегі, білімі және 
идеясы еңгізілген. Оны адамның заттанған мәні десе де болады. Басты айырмашылығы – 
«екінші табиғат» болмысы, өзінің мәні жөнінен – әлеуметтік-тарихи, атап айтқаңда, 
цивилизацияланған болмыс. «Екінші табиғат» заттары табиғи өмір сүре отырып, өзінің 
басқа да өмірін өткізеді: олар адамзат цивилизациясының болмысынан ерекше орын алады. 
Сөйтіп, «бірінші» және «екінші» табиғатты салыстырғанда, тұтасынан алғанда, олардың 
бірлігі, өзара байланысы, сондай-ақ, олардың айырмашылығы да байқалады. Бірінші 
табиғат тұтасынан – шексіз, түпкілікті болмыс, онда жекеленген адамның өмір сүруі 
өткінші кезең болып табылады. Екінші табиғат тұтасымен – адамзат өмір сүруінің 
уақытымен және кеңестігімен, әлеуметтік болмыспен тығыз байланыста.
Адам болмысы. Адам болмысының өзіндік ерекшелігі бар. Адам болмысына адамның 
бүкіл ішкі, рухани дүниесі, сыртқы бітімі бәрі кіреді. Адам тікелей жанды, нақты организм 
ретінде өмір сүреді. Оның өмір сүруінің табиғи алғышарты – оның денесінің өмір сүруі. 
Адам денесі – табиғат бөлшегі. Жеке адам болмысы денемен шектелмейді, ол оның рухани 
болмысын, ішкі жан дүниесін де қамтиды. Жеке адамның болмысы – дене мен жанның 
диалектикалық бірлігінен тұрады. Адам табиғи және әлеуметтік жақтардың бірлігі. 
Адамның өзі «бірінші табиғаттың» және сонымен қатар, «екінші табиғаттың» да жемісі 
болып табылады. Өйткені, адам іс-әрекеті арқылы өзін-өзі қалыптастырады. Адамның 
өзгешелігі үш түрлі болмыстық өлшемдерден тұрады. Бірінші. жекеленген адам ойлаушы 
да, сезуші «зат», дене ретінде, екіншіден. адам белгілі бір дербес ерекшелігімен, үшіншіден, 
әлеуметтік тарихи жан иесі ретінде де өмір сүреді. Міне, бірлікте алынған осы үш өлшем 
адам болмысын көрсетеді. 
Рухани болмыс. Сана шындық есебінде өмір сүреді, мидың қызметі арқылы пайда 
болады да, болмысқа айналады. Сананың өмір сүру өзгешелігі – оның процестері ерекше 
қозғалыста болатынында, бұл процестердің тікелей болмысы кез келген сырттай 
бақылаудан жасырын жатады. Солай бола тұрса да біз оны адамдардың іс-әрекетінен 
олардың талап тілектерін, ой-армандарын аңғарамыз. Сонымен бірге, адам өмірінде 
санасыздық да болады. Санасыздықтың бірінші деңгейі – адамның өз денесін, тіршілігін 
психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі – адамның ұйықтамай жүрген 
кезеңіне ұқсайтын процестер мен жай-күйлер. Санасыздықтың үшінші деңгейі – адам 
жанындағы рухтың жоғары сергектігінде пісіп жетілетін көркемдік, ғылыми, 
философиялық және басқа сезімталдық бір процестерден көрініс табады. Бұл процестегі 


санасыздық санамен, адамның сезімдері мен ақыл-ойының творчестволық қуатымен тығыз 
ұштасып, тұстасып жатады.
Тіл – дербестелген рухани болмыстың көрінісі болып табылады. Тіл мен сананың, тіл 
мен ойдың байланысы бар екені талассыз. Рухани болмыста, сондай-ақ, адамгершілік 
принциптер, нормалар, идеялар, құндылықтар – әдемілік, әділеттік, ақиқат т. б. сияқтылар 
ерекше орын алады.
Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді. Болмыс түрлері бір-бірімен 
диалектикалық байланыста. Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар сан түрлі 
болғанымен, осының бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген мәселені философтар 
ерте бастан қойған болатын. Осындай бірлік туралы идея барлық өмір сүрушілердің ортақ 
негізі туралы мәселеге алып келді. Оны философияда белгілеу үшін субстанция деген 
категория қолданылды. Латын сөзінен алынған, мағанасы ортақ, түпнегіз дегенді білдіреді. 
Заттар мен құбылыстардың ішкі бірлігін, өзгермейтін бір бастауын, негізін бейнелейтін 
философиялық категория субстанция деп аталады.
Философиядағы дүниенің бірлігін бір субстанциямен, бір түпнегізден түсіндіретін 
ілімді монизм деп атайды. Монизм материалистік және идеалистік монизм болып екіге 
бөлінеді. Алғашқысы дүниенің негізі ретінде идеалдықты таниды (Платон, Гегель). 
Материалдық монизм дүниенің бастауын материя дейді (Гераклит, Демокрит). Ғылымның 
дамуы дүниенің бір материалдық негізі бар екенін дәлелдейді.
Ал, монизмге қарсы дуализм – дүние екі бастаудан материалдық және идеалдық 
бастаудан құралған деп түсіндіреді. Оның бірінші сферасы – денелік– заттық нақтылықты 
біріктіреді, ал, екіншісі – руханилық саласын қамтиды (Декарт). Дүниенің бірлігі оның 
болмысында емес, болмыс оның бірлігінің алғы шарты, былайша айтқанда, дүние біртұтас 
болу үшін алдымен бар болуы керек. Дүниенің бірлігі оның материалдығында. Бұл 
философия мен жаратылыс тану ғылымдарымен қиын да, ұзақ даму жолында дәлелденіп 
келеді. Сонымен, табиғат, адам, идея, қоғам теңдей дәрежеде өмір сүреді, бірақ өмір сүру 
дәрежелері әртүрлі, осы әртүрлі дәрежесімен біртұтас бірліктегі шексіз дүниені құрайды. 
Былайша айтқанда, барлық нәрсенің өмір сүруі дүниеде болған, бола да береді. Ол дүниенің 
өмір сүруінің алғы шарты болады. 
3. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы.
Антика философтары материя (зат, материал) ретінде барлық нәрселерді одан пайда 
болатын затты айтқан. Бірақ заттардың түрлері сан алуан. Материя туралы ұғым, осы 
заттардың барлық түрлеріне ортақ жалпы қасиеттерін бейнелеуі тиіс. Ежелгі грек 
философтары материяның түпкі тегі алғашқы зат дейді, Фалес үшін алғашқы зат – су, 
Гераклит үшін – от болса, ал Демокрит үшін – атом. Олар күрделі заттардың барлығы осы 
қарапайым заттардан шыққан деген идеяны айтты.
Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге болады: материя жалғыз 
субстанция, өз-өзінің себебі, ол жаратылмайды, жойылмайды, оның қасиеттері – қозғалыс, 
кеңістік, уақыт, жүйелік, өзін-өзі ұйымдастыру, және сана (соңғы қасиет тек адамға ғана 
тән).
Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. 
Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық практиканың, жалпы 
мәдениеттің көрінісі. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат 
түрінде біледі. Ол заттың әр түрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады. 
Метафизикалық материализм материяны тек заттық нәрседен ғана іздеп, қоғамның 
материалдық процесс екендігін көре алмады.
Материяның қоғамдық формасы зат емес, бірақ объективтік процесс. Қоғамдық 
өмірдің негізі – адамдардың материалдық өңдірісі. Зат, әрине, материяның бір түрі. 
Материя өмір сүруін біз затпен ғана шектейтін болсақ, онда бүкіл әлемдегі өзгерістерді 
ешуақытта түсіне алмаймыз.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында физиканың дамуында үлкен 
жаңалықтар болғаны мәлім. Бұған дейін материя деп түсініп келген ең бөлінбейтін бөлшек 


атомның ядро және электрондарға бөлінуі – «материя жоғалды» деген пікірлерге алып 
келді. Бұл қателік материяны оның құрылымы мен қасиеттері арқылы ғана, яғни, тек 
физикалық шеңберде ғана түсінуден туындаған еді. Шын мәнінде. жоғалған материя емес, 
тек материя туралы бұрын орнығып қалған ескі көзқарас, ескі білім еді.
Осы мәселенің басын ашқан В.И.Ленин болды. В.И.Ленин өзінің «Материализм және 
эмпириокритицизм» атты еңбегінде материяны адамдардың санасынан тәуелсіз өмір 
сүретін және олардың санасында бейнеленетін «объективтік реалдылық» екенін айтып, 
«Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз өмір сүре отырып, біздің 
түйсіктеріміз арқылы көшірілетін, суреті түсірілетін, бейнеленетін объективті 
реалдылықты белгілейтін философиялық категория» деп анықтама берді.. Яғни, бұл 
анықтама материяны тек зат деп қарамайды. Материяны ең әмбебап белгісі – адамдар 
санасынан тәуелсіздігі және санадабейнеленетіндігі. Лениннің материяға берген 
анықтамасы күні бүгінге дейін мәнін жойған жоқ деуге болады.
Материя жойылмайды, ол мәңгі өзгерісте, қозғалыста болады, сондықтан ол бір 
күйден екінші күйге ауысады. Материя туралы біздің біліміміз тереңдей береді. Сондықтан, 
материя дегеніміз – кез келген бір бөлінбейтін зат емес, ол объективтік реалдылықты 
бейнелейтін, оның біздің санамыздан тыс тұратынын көрсететін философиялық категория 
болмақ. Материя әлемдегі барлық құбылыстарды қамтиды.
Материя үшін заттың формасы оның негізгі емес, негізгі формасы – қозғалыс. Бұл 
материяның барлық формаларына қатысты. Ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас 
қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық 
өзгерістерді түгел қамтиды. Материясыз қозғалыс жоқ, қозғалыссыз материя жоқ. 
Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті – тыныштық. Тыныштық козғалыстан бөлек, 
оған бөгде нәрсе емес. Тыныштық қозғалыстың белгілі бір өткінші қалпы. Тыныштық, 
дәлірек айтсақ, қозғалыстың біршама, бір сәттегі тұрақтылығы. Материя қозғалыстың бір 
формасынан екіншісіне ауысып отырады. Дамудын нәтижесінде жансыз материядан жанды 
материя пайда болады. Жанды материя жансыз материяға айналады. Тыныштық белгілі бір 
нәрсеге салыстырып қарағанда ғана, байқалатын құбылыс, қозғалыстың бір сәті. Шын 
мәнінде ол да қозғалыста тұр. Қозғалыс абсолютті, мәңгілік құбылыс.
Материяның қозғалыстан шығатын келесі негізгі формалары кеңістік пен уақыт. 
Кеңістік пен уақыт – материяның маңызды атрибуттары [2.96]. 
Материя- кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп 
қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің сансыз көп жиынтығы. Материя – 
дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын 
дүниетанымның түпқазығы, мән-мағынасы болып табылатын және сана арқылы 
бейнеленетін әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негізгі белгілері айқын көрсетіледі: 
1) материя адам санасына тәуелсіз өмір сүреді; 
2) ол адам санасында бейнеленеді; 
3) материя санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдіреді; 
4) материалдық дүниені танып-білуге болатындығы көрсетеді. 
Онтология. Материя атрибуттары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет