Syllabus пәннің атауы


Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық



Pdf көрінісі
бет14/78
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142730
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Байланысты:
bala psiho4

2.Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық 
рөлі 
Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу 
деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын 
түрліше түсіндіреді. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген заң 
қалыптастырды.
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын 
биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәденитарихи кезеңдерін 
қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді. 
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта 
байқалады. Оның негізі – ХVІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның 
ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген. 
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар: 
1.Тұқымқуалаушылық 
2.Орта 
3.Тәрбие 
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға 
бірінші тұқымқаулаушылық
жатады. Психологтардың ойынша темпераментжәне қабілет нышандары тұқым қуалайды. 
Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке 
жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және 
тежелу процесіне ие – флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі
әлсіз, сезімтал. 
Бала дамуына әсер етуші 
екінші фактор – орта
. Табиғи орта психикалық дамуға 
жанама әсер етеді.
Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық 
жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.
Бала дамуына әсер етуші 
үшінші фактор – тәрбие
. Баланың психикалық дамуына 
үлкендер тәрбиесінің әсері мол. 
Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен 
оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет 
болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет