Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан кейін іске асырылады немесе бала өту
жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан аяқталады.
Баламен әңгімелесу кезінде
достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. Ойын атмосферасы балаға босаңсып,
стресстік жағдайдың төмендеуіне көмектеседі.
Баланың мектепке психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру үшін оның
айналасындағы адамдармен де жұмыс жасау керек. Олар: ата-аналар және баланы
мектепке қабылдайтын ұстаздар. Әуелі ата-аналармен жүргізілетін психологиялық
шараларға тоқталайық:
1)Психологиялық ағарту шаралары: лекция, семинар түрлерінде
ұйымдастырылып,
ата-аналарды статистикалық, мәліметтермен таныстыра отырып, мектепке психологиялық
даярлықтың болашақтық дамуға әсері, негізгі, әрі мектеп бағдарламасын игеруге қатысты
баяндалады.
2)Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер
жеке кеңестер аса биязы түрде; алдыңдағы адамның көңіліне қаяу салмайтындай;
Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтижелік тудырады.
3) «Ашық, әңгіме» пікір-таласы ортақ мақсат біріктірілген ата-аналардың көңілдегі
түйіткілдерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасуы. Мұнда ескертетін бір жайт – ата-
аналардың өздерінің рұқсат келісімінсіз ешбір деректі жариялауға болмайтындығы.
Психолог балалардың мектепке даярлығын анықтау
барысында осы тізімге
сүйенеді; оқуы табысты болуы үшін аса маңызды деген салалар бірінші тексеріледі.
Сонымен,1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі:
1.Психологиялық даярлығы-
-оқу дағдарысы
-санай алу іскерлігі
-жазу дағдысы
-сурет салу дағдысы
-тілдің дыбыстық мәдениеті
-сұраққа толық жауап бере алуы
-сөздік қоры мол
-әрнәрседен хабары бар
2.танымдық даярлығы
-қабылдаудың жекелік сипаты
-бақылампаздық-қиялы ұшқыр
-кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы
-көрнекі-бейнелік ойлауының жақсы дамуы
-қоршаған орта құбылыстарның ішінен аса маңыздысын ажырата алу
-есте сақтау қабілетінің жақсы дамуы
-логикалық ойлаудың алғы шарттары: белгілерді түсіну қабілеті; сұрақтарды
құрастыра
білу қабілеті
3.ықыластық даярлық
-танымдық қызығушылықтарының айқын көрінісі
-оқушы ролін игеруге тырысуы (мектепке барғысы келуі)
-мектеп пен мұғалім қоятын талаптарды қабылдай алуы
4.көңіл-күй-еріктік даярлығы
-мінез-құлқын басқара алуы (сабақ үстінде, үзіліс кезінде)
-сабақ үстінде және оқу күні бойында жұмыс істеу қабілетінің сақталуы
-көңіл-күйінің тұрақтылығы
-зейінін ырқына бағындыра алуы
-зейіннін шоғырландыра алуы
-өзін-өзі ұстай алуы
5.тілдік қатынас (коммуникативті)даярлығы
-үлкендермен және балалармен араласу тілегі
-мұғаліммен қарым-қатынас орнату іскерлігі
-қашықтық сақтай алуы
-үлкендермен жеке қатынас жасауға қабілеттілігі
-бірлескен іс-әрекет жасай білу іскерлігі
6.Диагностикалық бағдарлама. Мектепке даярлық диагностикасы- баланың
әлеуметтік көңіл-күйлік, психофизиологиялық жүктемелер мен оқу бағдарламасын сапалы
игере алу – алмауы сұрағына жауап қана.
Мектепке барар балалардың ақыл-ойының оралымдылығын анықтау үшін логикалық
ойлауын,
арифметикалық
дағдыларын,
кеңстікті
бағдарлауын,
қабылдауының
жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік.
1.
Векслер тесті
2.
Э.С.Выготский әдістемесі
3.
А.Р.Лурияның «Пиктограмма» әдістемесі
4.
Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» әдістемесі
5.
С.Я.Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» әдістемесі
6.
Н.Л.Белопольскаяның әдістемесі
7.
Д.Б.Элькониннің «Кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «өрнекті диктант»,
Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері
7.Баланың психикалық дамуының картасы. Мектепте оқуға психологиялық
дайындықты тексеру нәтижесінде баланың психикалық даму картасына, қысқаша
айтқанда, психикалық картаға енгізу керек. Оның бірінші
бетіне баланың фамилиясы,
аты, туған жылы, айы, күні, отбасы, сыныбы туралы мәліметтер жазылады. Содан соң
«баламен жүргізілген жұмыс туралы жинақталған мәліметтер» кестесі беріледі. Бұл
құрама кесте келесі тарауларға бөлінеді:
1)
Айы/күні(датасы)
2)
Тексерудің немесе жұмыстың басқа түрлерінің жүргізілу себебі
3)
Іс-шараның мақсаты мен тәжірибесі
4)
Алдағы жұмыс үшін мәселелер
Әрі қарай баламен жүргізілген жұмыстың нақты нәтижесі көрсетілген бөлімдер
басталады.
I.
Өткен кезеңдердегі даму, оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы мәліметтер
II.
Денсаулық жағдайы туралы мәліметтер
III.
Диагностикалық жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер
IV.
Психокоррекциялық және даму жұмыстары туралы мәліметтер
V.
Педагогтар мен біріккен жұмыс туралы мәліметтер
VI.
Ата-аналармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер
VII.
Үшінші
адам
немесе
инстатция
үшін
балаға
психологтың
берген
қорытындысының көшірмесі
VIII.
Балаға қатысты психологтың сұрауына жауап ретінде алынған мамандардың
қорытындысы
IX.
Қосымша мәліметтер. Ерекше белгілер
Мектепке қабылдауда баланы психологиялық тексерудің негізгі мақсаты- оның дара
ерекшеліктерін айқындау. Егер арнайы дамыту жұмысын
қажет ететін бала келсе,
психологиялық картада міндетті түрде тексерту сәтіндегі:
1)
Оның дамуын сипаттайтын тарауларды толтыруы керек. Пайдаланған
диагностикалық әдістемелерді, алынған мәліметтерді тіркеу керек
2)
Баланың негізі зияттылық және тұлғалық проблемаларын тіркеу керек
3)
Қажетті дамыту жұмыстарының жоспарын белгілеу керек
Достарыңызбен бөлісу: