Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


  ГЕНЕРАТОР ОРАМДАРЫН ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАҒЫШ



Pdf көрінісі
бет31/179
Дата22.12.2023
өлшемі5,26 Mb.
#142802
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   179
Байланысты:
Каз.Морозова Электротехника и электроника

3.3. 
ГЕНЕРАТОР ОРАМДАРЫН ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАҒЫШ 
ФАЗАЛАРЫН "ҮШБҰРЫШ" ТҮРІНДЕ ЖАЛҒАУ 
Бір фазаның басы басқасының соңымен жалғанатын жəне тұйық 
контур түзілетін генератор орамдарын немесе қабылдағыш фазаларын 
жалғау "үшбұрыш" түрінде жалғау деп аталады. Х бірінші орамының 
соңын екінші В орамының басымен жалғайды, Y екінші орамының соңын - 
үшінші С басымен, үшінші Z орамының соңын - бірінші А басымен 
жалғайды (3.6 сур.). Орамдардағы ЭҚК оң бағыттары 3.3 суретіндегідей. 
"Үшбұрышпен" кедергілері фаза басына жəне соңына сəйкес келетін 
екі индекспен белгіленген қабылдағыш фазаларын да жалғайды. 
Қабылдағыш фазалары бойынша 
1
АВ 
фазалық тоқтары өтеді. 
Қабылдағыш сөндірулі,
1
А
, 1
В
жəне
1
С
тоқтары нөлге тең кезде, 
энергия көзі орамдарының тұйық контурында тоқ нөлге тең, себебі ЭҚК 
жүйесі симметриялы жəне контурдағы жиынтық ЭҚК нөлге тең. Егер 
"үшбұрыш" түріндегі орамдар жалғануы дұрыс орындалмаған болса, яғни, 
бір нүктеге екі фазалар соңдары немесе бастары жалғанған болса, 
"үшбұрыш" контурындағы жиынтық ЭҚК нөлден ерекше жəне орамдар 
арқылы үлкен тоқ өтеді. Бұл энергия көзіне арналған апаттық режим жəне 
оған жол беруге болмайды. 


52 
3.6
 
-сурет. 
Фазаларды "үшбұрыш" түрінде 
жалғау кезінде үш сымды үш фазалы 
тізбек схемасы 
"Үшбұрыш" түрінде жалғау кезінде фаза басы мен соңы арасындағы 
кернеу - желілік сымдар арасындағы кернеу, сондықтан, "үшбұрыш" 
түрінде жалғау кезінде желілік кернеу фазалық кернеуге тең: 
U
л

U
ф 
 
"Үшбұрыш" түрінде жалғанған қабылдағышты қосқан кезде энергия 
көзіне қабылдағыш фазалары бойынша Ом заңы бойынша анықталатын 
фазалық тоқ өтеді: 
I

U
ф 

ф 

Желілік тоқтарды келесідей анықтауға болады: 




AB 

I
CA 

I


I
BC 


AB 

I
C

I
CA

I
BC 

Солайша, "үшбұрыш" түрінде жалғанған желілік тоқтар осы желілік 
сыммен жалғанған фазалардың фазалық тоқтарының векторлық 
айырмасына тең. 
(3.1) теңдіктеріне сай, желілік тоқтардың векторлық сомасы əрқашан 
нөлге тең: 

A

I


I
C

0. 
"Үшбұрыш" түрінде жалғау кезінде 

AB 

U
BC 
 
 
жане U
CA 
 
 
желілік 
(фазалық) кернеулер жүйесі оны "жұлдыз" түрінде жалғау кезіндегідей 
тұйық үшбұрыш түзеді (3.7 сур.). 

AB 

I
BC 
жане I
CA 
фазалық тоқтары 
симметриялы жүктемеде мəні бойынша тең жəне кернеу векторларына 
қатысты бірдей ф бұрышына жылжытылған. 


53 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет