35
орнының екі «әлсіз» жері бар. біріншісі, без фасциясының сыртқы есту жолына
жанасатын тұсы, мұнда есту жолының шеміршегінде лимфа тамырлары өтетін тесіктер
бар. Бездің қабынуы кезінде оның фасциясы жарылып, іріңдік сыртқы есту жолына өтеді.
Екіншісі, бездің фасциясының екі жапырақшасы бірікпей ашық тұратын медиалды жағы,
бұл жақтан бездің жұтқыншақтық өсіндісі біз тәрізді өсінді мен медиалды қанат тәрізді
бұлшықеттің арасындағы саңылауды толтыра келе,
жұтқыншақ маңы кеңістігінің
шелмайы мен қантамыр-нервтік шоғырларымен жанасады. Осы себептен безде іріңдік
ошақ пайда болғанда, оның жұтқыншақ маңының шелмайына өту жиілігі, сыртқы есту
жолына кетуден 4 есе көп болады.
Бездің іші арқылы сыртқы ұйқы артериясы, жақсүйек арты венасы, бет және құлақ-
самай нервтері өтеді. Сыртқы ұйқы артериясы бездің ішімен өте берісте, өзінің соңғы екі
тармағына бөлінеді: беткей самай артериясы a.temporalis superficialis (өз кезегінде бұдан
– беттің көлденең артериясы бөлініп шығады), одан әрі беткей
самай артериясы құлақ-
самай нервімен қатарласа жүріп, жоғарыда бастың самай аймағына бағытталады. Екінші
жуан тармағы – a.maxillaris беттің терең аймағына кіреді. Бет нерві без ішінде
тармақтарға таралып, өрім түзеді, одан ымдау бұлшықеттеріне бағытталған бес бұтақ
кетеді. Бұл тармақтарды бұдан бұрынырақ атап кеткенбіз. Безде лимфа түйіндері
орналасады. Бездің шығару түтігі шайнау бұлшықетінің үстіңгі бетімен көлденең өтеді
және бетсүйек доғасынан шамамен 2,5см төменде, құлақ сырғалығынан мұрын
желбезегіне дейін жүргізілген сызықта проекцияланады. Түтіктің ұзындығы 5-6см.
Шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінде ол тереңге кетіп, ұрт бұлшықетін тесіп өтеді де,
ауыз қуысының кіреберісінде екінші жоғарғы үлкен азу тіс
тұсында кішкене тесікпен
ашылады. Құлақ маңы безі әртүрлі ауруларға ұшырағанда (қабынудың асқыну үрдістері,
қатерлі ісік т.б.) операциялық шараларды өткізу барысында оның ішімен өтетін
артериялардың, веналардың, нервтердің т.б. клиникалық анатомиясын, олардың
топографиялық
ерекшеліктерін, проекциялануын өте қатаң ескеру қажет. Оларды атап
айтсақ: a.carotis ext., a.temporalis superficialis, a.facialis transversa, a.auricularis post.,
v.jugularis ext, n.facialis, plexus parotideus, n.auriculotemporalis,
сондай-ақ қосарласу
веналары мен лимфа түйіндері.
Достарыңызбен бөлісу: