70
табылады және сыртқы шүйделік төмпенің латералды жағында өтеді.
5.
Субдуралды гематома жағдайында Оливекрон әдісі бойынша сүйектік –
пластикалық трепанация жасау ұсынылады. Операция сатылары:
1 - люмбалды пункция жасау;
2 - самай аймағында қоректендіруші аяқшасы бар терілік – апоневроздық қиықты
кесіп жасау, қиық бассүйек негізіне және алға қарай қайырылу қажет;
3 - сүйек қабығын доға пішіндес етіп кесу және оның шеттерін периметрі бойымен
сылу;
4 - сүйекке бұрғылық 5 тесік жасау;
5- Джигли арасы көмегімен тесіктер арасындағы сүйекті аралау;
6 - крест тәрізді тілік жасап, мидың қатты қабығын ашу.Тесікті сүйек-
сүйекқабықтық және терілік – апоневроздық қиықтарымен жабады. Зақымданған-мидың
ортаңғы артериясы.
6.
Бассүйек түбінің сынуы алдыңғы бассүйек шұңқырының аймағында болған.
Мұрыннан қан кету және «көзілдірік» симптомы қойнаулы синустың тор тәрізді
тамырларының
зақымдануына, соның себебінен көз ұясында көз алмасы артында
гематомалар пайда болуына байланысты.
7.
Бассүйек түбінің сынуы артқы бассүйек шұңқырының аймағында болған.
Сыртқы құлақ жолынан қан кету самай сүйек пирамидасының зақымдануымен, дабыл
қуысына қан құйылумен және дабыл жарғағының жарылуымен байланысты. Ымдау
бұлшықеттерінің парличі мен есту қабілетінің төмендеуі бет нерві (VII жұп) және
кіреберіс – ұлу нервінің (VIIІ жұп) зақымдануынан пайда болған,
себебі олар ішкі есту
жолының ішінде бірге өтеді.
8.
Бассүйектің сынуы аталған деңгейде орналасса: ІХ, Х, ХІ және ХІІ жұп бас
нервтерінің, ми қатты қабығының сигма тәрізді және көлденең синустарының, сопақша
ми құрылымдарының, негіздік артерияның,
мишықтың, самай сүйек пирамидасының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
9.
Емізік тәрізді өсіндіге трепанация жасау барысында хирург Шипо
үшбұрышының алдыңғы қабырғасына тым тереңдеп кеткен. Оның нәтижесінде бет нерві
өзегінің алдыңғы-төмен бөлігінде бет нервінің зақымдануы болып, оның параличіне
алып келген.
10.
Емізік тәрізді өсіндіге трепанация жасау кезінде хирург Шипо үшбұрышының
артқы шекарасынан тым ауытқып кеткен. Нәтижесінде бұл сигма тәрізді веналық
синустың зақымдануына байланысты қатты қан кетуге алып келген.
Зақымданған
синустан кеткен қанды тоқтатудың бірнеше әдісі бар: тампонада, синусты байлау, синус
жарақатын тігу, синустың зақымданған жерін мидың қатты қабығының қиығымен жамау
(пластика – Бурденко әдісі).
11.
Жарақаттың бағыты бет артериясы мен бет нервінің төменгі жақсүйектік
тармағының зақымданғанын көрсетеді. Бет артериясының беттегі проекциясы төменгі
жақсүйек қырының орта кезінен көздің медиалды бұрышына қарай өтеді.
12.
Жарақаттың бағыты құлақ маңы безінің шығарушы түтігінің зақымданғанын
көрсетеді. Оның проекциясы құлақ сырғалығының түбінен ауыз саңылауы бұрышына
дейін жүргізіледі. Бездің түтігі шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінде тік бұрыш жасап
төмен қарай ұрт бұлшықетін тесіп өтіп, ауыз қуысы кіреберісінде жоғарғы 1-2 үлкен азу
тістер тұсында ашылады.
13.
Құлақ маңы безінің жіті қабынуы және ісуі бет нервінің қысылуына әкелген,
себебі ол бездің ішімен өтеді. Бет нерві бүкіл ымдау бұлшықеттерін нервтейтіндіктен,
аталған симптомдар бет нервінің зақымданғанын көрсетеді.
71
14.
Бет венасы, оның жалғасы бұрыштық вена
көз бұрышы аймағында көзұя
веналарымен анастомоз жасайды, олар бассүйек іші веналар құрамына кіріп, қуысты
веналық синуспен байланысады. Бет венасының фурункул ісігінен қысылуына
байланысты қан ағымының кері бағытта (жоғары қарай) жүруіне байланысты қуысты
синустың тромбозына алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде
ішкі ұйқы артериясының
зақымдануы мен тіпті ми абсцесіне асқынып кетуі мүмкін.
15.
Ауыр жарақаттану нәтижесінде жоғарғы жақсүйек артериясы зақымданған. Одан
қан тоқтату қиындыққа соққан жағдайда, сыртқы ұйқы артериясын байлауға тура келеді.
16.
Оң жақ құлақ маңы-шайнау аймағының флегмонасы. Инфекциялық көздері:
құлақ маңы сілекей безі, төменгі жақсүйек тістері, беттің терең аймағының майлы тіні
(шелмайы), дабыл қуысы. Іріңдік инфекцияның таралу жолдарына жататындар: беттің
тереңгі кеңістіктеріне, сыртқы есту жолына, ұрт аймағы мен ауыз қуысы кіреберісіне.
17.
Инфекцияланған экссудат жоғарғы жақсүйек (Гаймор) қойнауынан ортаңғы
мұрын жолына, көзұя қуысына, жоғарғы жақсүйектің альвеолярлық өсіндісіндегі
артқы
тістер қуыстарына таралуы мүмкін.
18.
Жоқ, дұрыс емес, себебі маңдай қойнаулары 6-7 жастық кезеңде ғана біржола
қалыптасады.
19.
Төменгі жақсүйек иекасты тұсында сынған. Бір жағында сынған жағдайда бір
иекасты нервінің зақымдануы мүмкін, ал екі жақты сынық болса, онда иекасты нервінің
екеуі де зақымдануы мүмкін.
20.
Қысқа тіл жүгеншесін ортаңғы үштік бөлік тұсында көлденең тілік жасап кеседі.
Содан соң тілдің ұшын барынша жоғары тартып, жүгеншенің кілегейлі қабығының
шеттерін кетгутпен ұзынша бағытта тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: