Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-семинар. Жазу теориясындағы графема ұғымы



Pdf көрінісі
бет62/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

4-семинар. Жазу теориясындағы графема ұғымы
Жазба тіл мен ауызша тіл, тiлдiң ауызша формасы мен жазба
формасы сияқты таптастырулардың шығуы және жазу
мәртебесiнiң анықталуы бұл саланың өзiндiк дербес, ең кiшi
бiрлiгiн iздестiрудi талап еттi. Ең кiшi бiрлiк әлiпбидi құрайтын
әрiптер болып көрiндi де. Алайда әр адамның өзiне тән жазуы бо-
латынынан бастап, әрiптердiң өзi жазба, баспа болып, бiрмәндi,
көпмәндi болып бөлiнуiне дейiнгiнiң арасында әрiптердiң тұрпаты
өзгергенмен мазмұндық жағы өзгермейтiнi белгiлi бол-ды. Осы
жағдай Бодуэн де Куртенэнiң 
графема
ұғымын жаса-уына әкелдi.
Бодуэн де Куртенэ “Это постоянно в нашей пси-хике
существующее представление звука, т.е. одновременного сложного
комплекса прозносительных работ и получаемых от этого
впечатлений, мы будем называть фонемою” дей отырып, егер
әріппен бір нәрсені таңбалауға болса, ол графема, яғни әріптің
психикалық елесі, графема жазу-көру елесі, ол фоне-мамен
ассоциацияланып тұрады, “графема – бұл жазудың ары қарай
бөлшектенбейтін ең қарапайым елесі” деді.
Фонеманың абстрактi ұғым болғаны сияқты, жазба тілдің де
мағына ажы-ратқыш ең кiшi, абстрактi ұғымы – графема – сөйтiп,
ХХ ғ. басында ғылыми айналымға келдi. Бүгiнгi лингвистика
графеманы екi түрлi түсiндіредi: 1) жазба форманың ең кiшi бiр-
лiгi, яғни ауызша тілдегі фонема қызметінде; 2) жазба мәтiннiң
сегментi, яғни әріп ретінде. Бұл графеманың ауызша тілде фоне-
маны, жазба тілде әріпті білдіреді деген сипатын айқындайды.
Қазіргі әдебиеттерге қарасақ, графеманы әріп қатынасында былай
сипаттайды: графема мен әріп ұғымы бір (Л.В.Щерба,
Б.И.Осипов), графеманың баспа екі түрі, жазба екі варианты бар
(Т.Николаева, В.Ф.Иванова), графема фонеманы беретін жазудағы
ең кіші бірлік, ол бірнеше әріптен де тұруы мүмкін
90
91


(Л.Р.Зиндер), барлық графикалық таңбалар графема болып та-
былады (Ю.С.Маслов), графема – инвариант, әріп – вариант,
гра-фема таңбалаушы мен таңбаланушының бірлігі
(В.М.Солнцев); графема графикалық жүйенің инвентарін
құрушы, фонеманың репрезентациясы, фонемамен
корреляциялық қатынаста тұратын бірлік.
Сонымен, ХХғ. аяғындағы жазу теориясы жазу бiрлiктерiн
абстракті графема мен нақты әрiпке ажыратып, жазба жүйе бір-
ліктерін жасады.
Егер бiз тiлдi таңба деп алсақ, таңбаның таңбалаушы-
таңбаланушылық сипаты тiлдiң екi жақты меже сипатына сәйкес
келетiн болса, онда ауызша тіл формасының өз мазмұн межесi мен
тұрпат межесi, жазба тілдің өзiндiк мазмұн және тұрпат ме-жесi
болады. Ауызша тілдің мазмұн межесi – дыбыс, тұрпат ме-жесi –
фонема болып табылады да, жазба тілдің мазмұн межесi
– графема, тұрпат межесi – әрiп болып шықпақ.
Б.Куртенэ айтуы бойынша, графема ауызша тілдің а) фоне-
масын, ә) фонемалар жиынтығын, б) жартылай фонеманы, в)
бiр фонема мен басқа бiр фонема элементiнiң тiркесiн бейне-
лейдi. Жазба мәтінде графема а) әрiп, ә) әрiп тiркесi, б) басқа да
графикалық амалдар арқылы көрiнедi.
Ғалым әріптер әртүрлі болып таңбаланғанмен оларды ортақ
графемасы арқылы танып аламыз. Сондықтан бір графеманың
әртүрлі формаларын бірінің орнына бірін ауыстыра береміз,
мысалы, каллиграфиялық және типографиялық әріптерді неме-
се каллиграфиялық әріптің өзінің 2-3 түрлі формасын алсақ та
болады дейді.
ауызша тiл
инвариант
фонема
вариант
дыбыс
жазба тiл
инвариант
графема
вариант
әрiп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет