Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


towrite – “жазу”, көнескандинавиялық rita – “



Pdf көрінісі
бет8/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

towrite
– “жазу”,
көнескандинавиялық
rita – “
керту”, “тырнау” деген мағынаны
береді).
Алғашында адам айналасындағыларды ескермей, тек өз
басындағы ой, сезімді табиғат құралдарына белгілеп, сыртқа
шығарып, қанағат тапты. Бара-бара оның “туындыларын” өзге-
лер де қарап, бірді-екілі оқиға, құбылыстарды түсінетін болды.
Әрине, жазудың канондық сипаты сол дәуірлерде-ақ айқындал-
ған болатын. Себебі қолынан сурет салу келетін қасиеті бар
және өз ойын сыртқа көркемдеп жеткізе білетін адамдар бірді-
екілі болды да, ол “жоғарыдан түскен”, “құдай жіберген” адам-
дай көрінді.
Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне жат-
қызбайтын пиктографиялық,
суретжазу
еді. Ғалымдар оны
көбіне өнер, магия тарихына апарады.
Д.Дирингер полеолит дәуіріндегі суреттер біреуге бірдеме
хабарлау мақсатынан тумаған сияқты, олар тек өз сезімдерін
сыртқа шығару үшін ғана керек болды деген.
Жазу типтері адамзат сөйлеуінің сатыларына сәйкес пайда
болып отырады. Ең алғашқы жазулардың сурет, идеограмма, ло-
гограмма болған себебі – тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей,
синкретті түрде қолданылуынан.
Дыбысжазу,
буынжазу
сөздің
дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты.
Жазу кезеңдерінің ғұмыры адамзат өркениетінің ғұмырымен
өлшенеді. Сондықтан жазу типтері мен түрлерінің пайда болуы
өндірістің, экономиканың дамуы мен қоғамдық, экономика-лық
қатынастардың жетілу дәрежесіне қатысты. Осыған орай
дыбысжазу
дың шығуы,
 
біріншіден,
 
адамзат санасының жетіл-
ген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқ-
таждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты
болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз
дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені
белгілі.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікір-
лер әртүрлі: И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет