Мемлекет және қуқықі теориясы Оцу ццралы


тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ



Pdf көрінісі
бет27/75
Дата23.12.2023
өлшемі7,78 Mb.
#143136
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75
Байланысты:
Мем кукык теориясы

11 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
/. 
Мемлекет пен қогамның озара қатынасы.
2. Азаматтық қогамның түсінігі жэне ңурылымм.
1. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы. 
Қоғам - бұл, кең 
мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан 
нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүй- 
енің тарихи нақгы типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір ныса- 
ны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде 
үйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет-әртүрлі түсініктер. Бірін- 
шісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мем- 
лекетпен қатар мемлекеттік емес қүрылымдар да (саяси партиялар, 
саяси қозғалыстар, қоғамдық үйымдар мен бірлестіктер, еңбек 
ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, 
элемент! болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталык орынды және басты рөлді иелен- 
ген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне 
сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатыеты оныц істерін 
шешу, басқару қүралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің 
хронологиялық шектері де эртүрлі болып келеді: біріншісі екінші- 
сіне қарағанда ерте пайда болған жэне бай даму тарихына ие. 
Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты 
салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.
2. Азамазтық қотамнын түсінігі және қүрылымы. 
«Азамат- 
тық қоғам» түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т.Гоббс, 
Дж.Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. 
Барлық галымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам 
идеясын таниды. Азаматтық коғам - бүл олардың көмегімен жеке 
түлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын Адам- 
гершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти­
туттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен 
институттар (меншік, еңбек, кэсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке 
фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекепік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
37


адам мсн азаматтың құқықтар мен босгандықтарының мейлін- 
ше толык қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бә- 
секелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қогамдық көзқарас пен плюрализм; 
жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқыгы-
ның шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қагидасына негізделеді (мемлекеттік 
аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды жэне демократиялық сипаты;
- қүқықтык мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін 
мемлекеттің күшті элеуметтік саясаты жэне т.б.
38


№ 1 6 кесте
39




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет