1. Әлеуметтік және техникальщ нормалар.
2. Қуқық пен моральдың арақатынасы.
3. Қуқық жйне діни нормалар.
4. Қуқық жане корпоративтік пормалар.
5. Қуқық және әдет-гурып.
1. Әлеуметтік және техникалық нормалар.
Қоғам реттеуші-
ліксіз өмір сүре апмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің
эртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу
нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз
кезегінде, техникалық жэне әлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар - бүл адамдардың еңбек құралдарын
және табигат заттарын дүрыс қолдануының ережелері. Мысалы,
техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір қүрылыс
жүмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері,
мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық
нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бүл жердегі реттеу
пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) «субъектілік» қүрамы тек
адамдармен гана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табигат-
пен, техникамен де байланысты.
Әлеуметтік нормалар - бүл қоғамдық қатынастарды реттеуде
қолданылатын жүріс-түрыс ережелері. Оларға қүқықтық, мораль-
дық, діни, саяси, эстетикалық, эдет, корпоративтік нормалары
жатады. Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл
жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол - қоғамдық
қатынастар; ә) «субъектілік» қүрамы элеуметтік саланың өкілдері
ретіндегі адамдармен гана байланысты.
Техникалық жэне элеуметтік нормалар өзара тығыз байла-
ныстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техни-
капық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нәтижесінде
олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті
техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы,
қылмыстық заңнама құрылыс жүмыстарын жүргізу кезінде қауіп-
сіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: