4. Құқықтағы олқылықтар
- бүл қолданыстағы заңнамада
қажетті заң нормадарының толығымен немесе жартылай болмауы.
Олқылықты жаңа қүқық нормасын қабылдау арқылы кұқық-
шығармашылық процесінің көмегімен жоюға болады.
Олқылықтарды құқыққолдану процессі арқылы жеңуге болады
себебі, бүл кезде ешбір жаңа нормалар қабылданбайды: не құқық
ұқсастығы, не заң ұқсастығы қолданылады.
Заң ұқсастығы - бүл нақты бір заңды істі осыған ұқсас ісіі
шешуге багытталған кұқықтық норманың негізінде шешу.
Қүқық үқсастығы - бүл нақты заңды істі құқықтың жалпы
қағидалары мен мәні негізінде шешу. Құқықтағы олқылықтарды
жеңудің бүл әдісі ұқсас істі шешуіе байланысты осы қүкық
саласында, үксас құқық саласында да нақты нормалар болмаган
жагдайда ғана қолданылады.
5. Қүқықтық нормаларды қолдану акіілсрі.
Қүкыкты
қолдану актісі - бүл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде
күзіретті орган шыгаратын, жеке биліктік ережеден құралган
қүкыктык акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады:
- қүзіретті орган шығарады;
- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;
82
- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъекті-
лерге бағытталған;
заңмен анықталған өзіне тэн нысанға ие.
Құқыққолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге
бөлуге болады:
1) нысаны бойынша - жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұй-
рыктар және т.б.;
2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты-мемлекет-
тік жэне мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды
органдардың) актілері;
3) қүқықтың функциялары бойынша - реттеуші (мысалы, қыз-
меттік бүйрықтар) жэне қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі
қозғау туралы қаулы);
4) занды табиғаты бойынша - негізгі жэне комекші; негізгі
актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал
көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жәрдемдеседі (мысалы,
түлганы айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы).
5) қүқықтық реттеу пәні бойынша - қылмыстық-құқықтық,
азаматтық-құқықтық жэне т.б. актілер;
6) сипаты бойынша - материалдық жэне іс жүргізушілік.
№ 35 кесте
83
|