Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
көрсетілген дәрежедегі тұлғаларды лауазымдарынан босату жөнінде шешімдер қабылдай
алатын «импичмент соты».
Финляндияда бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық бақылаудың тиімді құралы
рөлін атқарады және сыбайлас жемқорлық туралы фактілерді толығымен жария етіп
отырады. Бұл ел өкіметі бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі назар аударып, жауап
қайтарып отырады.
Финляндия сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықаралық-құқықтық
құралдарды кеңінен қолданады, осы саладағы негізгі ұйымдармен бірге қызмет атқарады,
өз заңы мен тәжірибесін халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудегі финдық тәжірибенің ерекшелігі
қандай? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір арнайы «фин үлгісі» туралы айту артық.Әрине,
бізде де қолдануға болатындай кейбір заңдық-құқықтық ерекшеліктер бар. Бірақ сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестегі финдық тәжірибенің ең бастысы – сыбайлас жемқорлыққа
негіз болатындай жағдайлардың тудырылмауында, ал болса да бұл құбылыстың
төмендеуіне ықпал етілуінде.
Ресей Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көп ғасырлық тарихы бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті князьдар, патшалар, императорлар, бас хатшылар,
премерлер,
министрлер
және
губернаторлар
жүргізген.
Жемқорлыққа қарсы күресте атақты ресейлік жазушылар мен ақындар: Н.А. Крылов,
А.С.Пушкин, Н.А. Некрасов, Н.В. Гоголь, М.Е. Салтыков-Щедрин және т.б. белсенділік
танытты.
Ресейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізу мүмкіндіктерін түсініп баға
беру үшін, бұл мәселені шешудегі негізгі серіктестердің: өкімет органдарының, азаматтық
қоғамның негізгі бөліктерінің (кәсіпкерліктің, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының,
қоғамдық институттардың) және бүкіл қоғамның қатысу мүмкіндіктерін талдау қажет.
1.