Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет25/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қазақстан 
Республикасы азаматтарының мемлекеттiк 
әкiмшiлiк 
лауазымға 
орналасуға құқығы бар. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурстық негiзде 
жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға 
орналасуы ол тиiстi бос тұрған лауазымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келген 
жағдайда, мемлекеттiк қызметшiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық 
бөлiмшесiнiң келiсiмiмен конкурстық iрiктеусiз ауысу тәртiбiмен жүзеге асырылуы 
мүмкiн. 
Мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алынбаған тәртiптiк 
жазасы болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына 
жол берiлмейдi. 
Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, 
тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, 
сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға 
қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгiлеуге жол берiлмейдi. 
Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға: 
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 
2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, 
жасы он сегiз жастан кем болмауға; 
3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгiленген бiлiктiлiк 
талаптарына сәйкес келуге тиiс. 
Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған 
табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi 
туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу 
азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады. Мемлекеттiк 
саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының 
Президентi айқындайды.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк 
органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптары негiзiнде әзiрлейдi 
және бекiтедi.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және 
тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық 
өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн,
мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк 
қызметшiге тәртiптiк жазалар:
1) ескерту; 
2) сөгiс; 
3) қатаң сөгiс; 
4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту; 
5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн. 
3.
 
Әкімшілік жауапкершіліктің ұғымы.
Әкімшілік құқық бұзушылық деп белгіленген мемлекеттік басқару тәртібіне немесе 
қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен 
бостандығына нұқсан келтіру; құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) 
әрекеттер мен әрекетсіздіктер танылады, олар үшін заңдылықтармен әкімшілік 
жауапкершіліктер қарастырылған. Әкімшіліктің құқық бұзушылықтың заңдық 
белгілеріне: құқыққа қайшылық — Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен тыйым 
салынған: кінәлілік — әрекет қасақана немесе байқамай жасалынған; қоғамдық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет