Сабақ жоспары пəн География Мұғалім Сүлейменов Жақсыбек Мектеп, сынып Жамбыл облысы, Тараз қаласы, фмб нзм, 11-сынып Сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
Дата26.12.2023
өлшемі177,13 Kb.
#143456
түріСабақ
Байланысты:
Сулейменкулов Жаксыбек




САБАҚ ЖОСПАРЫ
 
Пəн
География 
Мұғалім
Сүлейменов Жақсыбек 
Мектеп, сынып
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 
ФМБ НЗМ, 11-сынып 
Сабақ тақырыбы
ҰБТ-ға дайындық үшін география 
пəнінен тест тапсырмалары 
1. Баянауыл тауында өсіп тұрған ағаштар жылдан жылға таудың бұзылуына 
себепші болады. Бұл үгілудің қай түрі? 
А) химиялық 
B) антропогендік 
C) физикалық 
D) эндогендік 
E) органикалық + 
2. ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы: 
A) «Энергияны үнемдейік» 
B) «Болашақ энергиясы» + 
C) «Болашақтың өнеркəсібі» 
D) «Баламалы энергия» 
E) «Табиғатты қорғайық» 
3. Егер тау етегінде ауа температурасы 25°С, ал тау төбесінде – 5°С болса, 
таудың биіктігін анықтаңыз. 
А) 4,5 км 
B) 1,5 км 
C) 6 км + 
D) 2,8 км 
E) 3 км 
4. Суретте Қазақстанның физикалық-географиялық аумақтары сандармен 
көрсетілген. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтетін аласа таулы аумақты 
көрсетіңіз. 



А) 3, Мұғалжар + 
B) 1, Тұран 
C) 9, Жетісу Алатауы 
D) 4, Шығыс Еуропа
E) 7, Алтай 
5. Мальдив, Шпицберген, Самоа, Алеут. Бұл географиялық нысандарға не ортақ? 
Бұлардың барлығы ... 
А) қалалар 
B) аралдар 
C) архипелагтар + 
D) мемлекеттер 
E) шұңғымалар 
6. Суретте көрсетілген климатограмма қай климаттық белдеуге сай екенін 
анықтаңыз. 
А) қоңыржай + 
B) субарктикалық 
C) тропиктік 
D) экваторлық 
E) субэкваторлық 
7. 
Испанша
 «
кішкентай бала» мағынасын білдіретін, Тынық мұхитының экваторлық 
бөлігіндегі беттік қабатындағы су температурасының артуынан пайда болатын 
құбылыс.
А) Гольфстрим 
B) Кататумбо нажағайы 
C) Перу ағысы 
D) Эль-Ниньо + 
E) Бермуд үштағаны 
8. Адамның демалысын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылатын ресурстар: 
А) рекреациялық + 
B) зияткерлік 
C) мұхиттық 
D) биологиялық 
E) антропогендік 
9. Есептеңіз: 1:500 000 масштабтағы картада 1 см неше километрге тең? 
А) 5 км + 
В) 25 км 



С) 50 км 
D) 0,5 км 
Е) 0,05 км 
10. 
Қай ел соңғы онжылдықтарда еңбек мигранттарын өзіне көптеп тартады? 
А) Сауд Арабиясы + 
B) Түркия 
C) Венесуэла 
D) Сербия 
E) Ирак 
11. Картада көрсетілген елдер мүше ұйымды атаңыз. 
А) Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымы (ОПЕК) + 
B) Британ Достастығы Елдері (BCN) 
C) Солтүстік Атлантика Келісім Ұйымы (НАТО) 
D) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) 
E) Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) 
12. Ел азаматтарының өмір сүру жасы, ересектер арасындағы сауаттылар үлесі 
жəне жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері Адам даму индексін құрайды 
(АДИ). АДИ халықтың ... анықтайды. 
А) ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін 
B) өмір сүру сапасын, деңгейін + 
C) демократия жолындағы табыстарын 
D) өркениетке қолжетімділігін 
E) құқықтарының сақталу деңгейін 
13. Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының тиімсіз жағы:
А) ҚР əртүрлі мəдениеттердің тоғысуында орналасқан 
B) континенттің ортасында + 
C) Азия мен Еуропаның аралығында 
D) Қытай мен Ресейдің көршісі 
E) Жауын-шашынның аз болуы 
14. Атқаратын рөлі, қамтитын аумағы бойынша жан-жақты, құрамына ең көп елдер 
кіретін халықаралық ұйым: 
А) ТМД 
B) БҰҰ + 
C) ШЫҰ
D) ЕЫҚҰ (ОБСЕ) 
E) НАТО 



15. Оңтүстік Қазақстанның жеңіл өнеркəсіп, тамақ өнеркəсібі жəне машина жасау 
өнеркəсібі біршама дамыған қаласы: 
А) Алматы + 
B) Шымкент 
C) Тараз 
D) Өскемен 
E) Қаратау 
16. Тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарын орналастырудың басты факторлары:
А) отын жəне еңбек күші
B) ғылыми жəне су 
C) шикізат жəне тұтынушы + 
D) су жəне еңбек күші
E) көлік жəне энергетикалық 
17. Қайсысы тікелей инвестицияларға жатпайды?
А) шетелдік кəсіпорынның іс-əрекетіне тікелей бақылау орнатуға мүмкіндік 
бермейтін инвестиция + 
B) шетелде кəсіпорын салу 
C) өзара келісім нəтижесінде біріккен кəсіпорындарды ашу 
D) шетелдік қаражатқа ие болған кəсіпорындарды сатып алу немесе 
приватизациялау 
E) шетелдерде орналасқан еншілес кəсіпорындарға салынған инвестиция 
18. Əлемдегі шетелдік туристерді ең көп тартатын спорттық туризмнің орталығы:
А) Карпат тауы, Украина, Чехия
B) Альпі тауы, Франция, Швейцария + 
C) Аппалач тауы, АҚШ
D) Кавказ тауы, Ресей, Грузия 
E) Тянь-Шань, Қазақстан 
19. Темірді экспорттауда көшбасшы елдер:
А) Ресей, Қазақстан, Украина 
B) Бразилия, Аустралия, Қытай + 
C) Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы, Германия
D) Франция, Ұлыбритания, АҚШ 
E) Аргентина, Замбия, Мексика 
20. Жаһандық проблемалардың басты ерекшелігі 
А) Дүние жүзі халықтарының бірлесіп əрекет етуін, барлық мемлекеттердің 
күш-жігерін қажет етеді + 
B) Дамыған елдердің потенциалын көбірек қолдануды қажет етеді
C) Деградацияға көбірек ұшыраған аумақтарға көбірек қаражат тарту қажет
D) Континенттік сипатқа ие
E) Жаһандық проблемаларды шешу мүмкін еместігі 
21-30. Бірнеше дұрыс жауаптары бар тапсырмалар 
21. Қазақстан Республикасына қатысты барлық дұрыс жауаптарды таңдаңыз. 
A) Барлық экономикалық аудандарында өнеркəсіптің өңдеу саласы басым 
B) Қарағанды-Теміртау ең ірі қала агломерациясы + 
C) Дайын өнімдердің басым бөлігін АҚШ, Франция, Жапония, Аустралиядан 
импорттайды 
D) Химия өнеркəсібі отандық шикізатпен қамтамасыз етілген + 
E) Оңтүстік Қазақстан агроклиматтық ресурстарға бай + 



22. Барлық дұрыс жауаптарды таңдаңыз. 
A) Су тау жыныстарын тасымалдай, бұза жəне жаңа табиғат нысандарын 
жасай алады + 
B) Метаморфтық тау жыныстары үгілу нəтижесінде пайда болады
С) Табиғаттағы ең қатты минерал пирит
D) Қазақстанда сөнбеген жанартаулар Алтай тауында бар 
E) Шөгінді тау жыныстары судың температурасы, қысымы жəне ондағы əртүрлі 
процестердің əсерінен түзіледі + 
23. Қазақстанның климатына қатысты барлық дұрыс жауаптарды таңдаңыз. 
A) Жауын-шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай азаяды
B) Қыста Сібір антициклонының батыс тармағының əсері нақты байқалады + 
C) Көктемнің соңы мен жаздың басындағы үсік арктикалық ауа массаларының 
еркін енуінен болады +
D) 
Алматы қаласы Испанияның, Италияның, Болгарияның пальма, цитрус 
тұқымдастары өсетін ендіктерінде орналасқан 

E) Қауіпті атмосфералық құбылыстар жылдың жылы кезеңінде көбірек 
байқалады 
24. Балқан түбегінде толық немесе бір бөлігі орналасқан елдерді атаңыз. 
А) Италия + 
B) Чехия 
C) Аустрия 
D) Болгария + 
E) Франция 
25. Егер Іле Алатауының орнында Қаратау таулары орналасса, Алматы қаласы
климатында қандай өзгерістер болар еді? 
A) жауын-шашын мөлшері азаяр еді + 
B) мұздықтар саны артар еді 
C) ауа температурасы тұрақты болар еді 
D) желдің жылдамдығы артар еді + 
E) қысы бір айға ұзағырақ болар еді 
26. Еліміздің еуропалық бөлігінде орналасқан облыстар: 
А) Жамбыл
В) Батыс Қазақстан + 
Г) Атырау +
 
Д) Маңғыстау 
Е) Торғай
27. Жауаптардың дұрыс жұптарын табыңыз – «жер бедерін түзуші факторлар – жер 
бедерінің түрі» 
1. Өзендер əрекеті – каньон + 
2. Карстық үрдістер – өзен аңғары 
3. Жел əрекеті – кратер
4. Мұздық əрекеті – мореналар + 
5. Жер сілкінісі – мұздықтар 
A) 1 + 
B) 2 
C) 3 
D) 4 + 
E) 5 
28. Картографиялық проекция түрлерін көрсетіңіз. 
A) Азимуталды + 
B) Шар тəріздес 
C) Цилиндрлі + 



D) Меридиандық 
E) Конустық + 
29. 
Озон (O
3
) қабатының жұқаруы Жердегі тіршілікке қауіп төндіруде.
Озонның 
түзілуіне алып келетін химиялық элементтер мен қосылыстар:
A) бром + 
B) азот 
C) фреон + 
D) хлор + 
E) шаң-тозаңдар 
30. Суретте Қазақстанның жəне Орталық Азияның географиялық нысандары 
берілген. 23 жəне 30 сандарына сəйкес келетін нысандарды табыңыз. 
A) Алтай 
B) Ферғана аңғары + 
C) Каспий маңы ойпаты 
D) Мұғалжар + 
E) Сарыесік-Атырау 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет