Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


-сурет. Қызыл тегіс теміреткінің



Pdf көрінісі
бет151/386
Дата26.12.2023
өлшемі7,25 Mb.
#144082
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
72-сурет. Қызыл тегіс теміреткінің 
эрозивті-ойық жара формасы
 


а
б
в 
г
д 
е
73-сурет. Қызыл тегіс теміреткінің атипті формалары: 
а – атрофиялық; б – пигменттік, в – веррукозды, г – гипертрофиялық,
д – сақина тәрізді; е – сақиналы-атрофиялық 
Олар зақымдалмаған теріге немесе папула мен қатпалар 
бетіне, жиі жіліншік пен табанға шығады. Бір уақытта кейде
жалпақ теміреткінің типті түйіндері шығады. 


Монилиформды қызыл теміреткі
(lichen ruber moniliformis)
моншақ тәрізді диаметрі 1 см болатын ірі бөртпелермен көрінеді 
(
monile
– моншақ, ожерелье). Түйіндер күмбез тәрізді, дөңгелек, 
балауыз тәрізді, келоид тәрізді формалы, таспих тәрізді 
орналасқасын, келоидты сызықтарға ұқсап кетеді. Түйіндер 
жайылып мандай, құлақтың артқы бетін, шынтақ бүгілістерін, 
білектің артқы бетін, ішін, бөксесін зақымдайды да, бет, мұрын, 
бұғана асты, жауырын аралығын, алақанын, табанды, жыныс 
мүшесінің басын таза қалдырады. Кейбір авторлар қызыл 
теміртеткінің бұл формасын жеке ауру ретінде қарастырады. 
Сүйірбұрышты, перифолликулярлы формасы
(lichen planus 
accuminatus, seu planopilaris)
. Типті полигональды папулалармен 
қоса ортасында мүйізді тікені бар конус тәрізді фолликулярлы 
папулалар пайда болады. Бөртпелер бастың шашты бөлігінде 
орналасқан жағдайда атрофиялық тыртықтар дамиды. 
Сақиналы түрі
(lichen planus annularis)
ошақтардың шетке 
қарай тарап, ортасында кері дамып (регрессия), пигментация 
дамығанда болады 
(73-сурет, д)
. Бұл сақина, доға, гирлянда, 
жартылай сақинаның түзілуіне әкеледі, олар жекелеген ұсақ 
түйіндердің қосылуынан да дамуы мүмкін. Сақиналы формасы 
жиі еркектерде жыныс мүшесі, иықтың ішкі бетінде орналасады, 
онда ол сифилитикалық папулаларды еске түсіреді. 
Сонымен қатар сызықтық қызыл теміреткіні ажыратады 
(lichen ruber liearis, seu striatus)
және жалпақ қызыл теміртеткінің 
зостериформды вариантын 
(lichen ruber zosteriformis)
ажыратады, 
мұнда түйіндер нерв бойында орналасып, құрсау (белдемелі) 
теміреткіге ұқсас келеді. 
Эрозивті-жаралық формасы
кілегейіне шықса – ең ауыр және 
емге қиын көнетін түрі. Бұл формасында ауыз немесе ерін 
кілегейінде эрозиялар, сирек жаралар болады, олардың 
айналасында гиперемияланған және ісінген фонда типті жалпақ 
қызыл теміреткіге тән белгілі бір сурет түрінде орналасатын 
папулалар анықталады. Эрозиялар дұрыс емес пішінді, 
фибринозды қабықпен қапталған, оларды алып тастағаннан соң 
қансырайды. Олар аздаған, кішкене мөлшерлі, ауырсынусыз 
болып, жылдар бойы сақталуы мүмкін. Емнің әсерінен эрозиялар 


жекелей немесе толығымен эпителизацияланады, бірақ емді 
тоқтатқаннан соң дәл сол жерде не басқа бір кілегей бетіне қайта 
шығады. 
Диагностика типті түрлерінде қиындық келтірмейді. Кейде 
жалпақ қызыл теміреткінің бөртпелері псориаз бен мерез 
папулаларына ұқсап кетеді. Дегенмен, түсі мен бөрпелердің 
полигональды шығуы, ортасындағы кіндік тәрізді шұнқыры, 
Уикхем торы, стеаринді дақ феноминінің, лакты пленканың, 
нүктелі қансыраудың болмауы оны жалпақ қызыл теміреткіден 
ажыратуға көмектеседі. Ал, мерездегі дөңгелек және жартылай 
шеңбер тәріздес папулалар, олардың түсі, тығыздығы, мерезге оң 
серологиялық реакция, оны теміртекіден ажыратады. Тек ауыз 
кілегейіндегі бөртпелерді ажырату қиын. 
Ауыз кілегейінің жалпақ қызыл теміреткісі клиникалық 
көрінісі жағынан лейкоплакиямен, қызылжегімен, мерез 
папулаларымен және басқа аурулармен ұқсас келеді. 
Лейкоплакияда ақшыл түсті біріккен қатпарлар түріндегі 
мүйізгектену болады, сурет тәрізді зақымдалу болмайды. 
Қызылжегіде 
зақымдалу 
ошағы 
гиперемияланған, 
инфильтрленген, қабыну ошағы шекарасында нәзік нүктелер, 
қысқа сызықтар түріндегі гиперкератоз, кейде ошақ шетімен 
сызықтар мен доға тәрізді қосылатын, жалпақ қызыл теміреткіде 
болмайтын ортасында атрофия болады. 
Мерезде папулалар көбіне анағұрлым ірі, дөңгелек немесе 
овальды 
формалы, 
ақшыл 
жабындымен 
жабылған, 
ол 
зақымдалғанда алынып қалады. Беткейінде бозғылт трепонемалар 
табылады. Бұл науқастарда серологиялық реакциялар оң нәтиже 
береді. 
Жиі тырнақтардың зақымдалуы байқалады 
(74-сурет).
Аурудың ағымы, жиі өрулермен, созылмалы. Жедел сатысында 
процесстің жайылуына бейім даңа папулалар пайда болады және 
Кебнер изоморфты реакциясы оң мәнді болады 
(75-сурет).
Соңғысы организмнің папулезді бөртпеленумен (арнайы сипатты)
механикалық қоздырғыштарға жауап беру қабілетін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   386




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет