ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Оразымбетова А.Ш., Абдикул Ш.Н., Сейткожаева А.Т.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Алматы, Қазақстан
Имитациялық модельдеуді анықтау үшін жүйе, модель, модельдеу сияқты негізгі
түсініктерді нақтылау керек.
Жүйе
– белгілі құрылымы бар және бір мақсатқа негізделген және өзара
байланысты элементтердің бүтін жиыны. Жүйе ашық болады, егер ол қоршаған ортамен
әрекеттессе, жабық болады, егер мұндай өзара әрекеттесу болмаса.
Модель
– зерттеу үшін ыңғайлы нақты болмысының пішінінен айырмашылығы бар
түрдегі шығыс жүйені құрайтын жүйе.
Модельдеу
– зерттелетін объектінің (құбылыс не үрдіс) шартты түрде немесе басқа
объектімен алмастырылуы және түпнұсқаның қасиеттерін модель қасиеттерін зерттеу
арқылы зерттеу. [1]
Модельдеу келесі жағдайларда қолданылған дұрыс болады:
1) модель зерттелетін операция тұрғысынан тұп-нұсқа қасиеттерін анық көрсетуін
қамтамасыз етсе;
2) модель нақты объектіні зерттеумен байланысты мәселелерді жоюға мүмкіндік
берсе.
Модельдер мен модельдеудің классификациясының бірқатар варианттары бар
[1,3]. В.Н. Томашевский ұсынған классификация логикалық тұрғыдан ең жақсы болады.
Негізінен, модельді жүзеге асыру тәсілі бойынша абстракттік және нақты деп бөлуге
болады (1-сурет).
1-сурет. Жүзеге асыру тәсілдері бойынша модельдерді классификациялау
Нақты
модель тұп-нұсқаның зерттелетін физикалық қасиеттерінің көрінісі.
Нақты
модельдер арасында
натуралық
(физикалық), зерттелетін жүйеге толығымен
сәйкес келеді, және
макеттік
(масштабтық).
Модель
Абстракттік
Натуралық
Көрнекті
Нақты
Виртуальді
Макеттік
Символдық
Математикалық
Кеңістік
Анимаци
ялық
Графика
лық
Абстракттік
модель зерттелетін жүйенің әйтеуір-бір қалыптандырылған
сипаттамасы.
Виртуальді
модель адамның қоршаған орта туралы көрінісін береді.
Символикалық
(лингвистикалық) модель әйтеуір-бір абстракттік тіл көмегімен зерттелетін
жүйені сипаттау. Егер жүйені сипаттау математикалық қатынастар жиыны түрінде
жасалса, онда модель
математикалық
деп аталады.
Модельдердің уақытта өз қасиеттерін өзгерту қабілеттілігі бойынша модельдер
статикалық
және
динамикалық
болып бөлінеді. Модель күйін уақытта көрсету бойынша
дискреттік
,
үздіксіз және
дискреттік-үздіксіз
модельдер болып бөлінеді. Жүйе және
модельдер
арасындағы
қатынастары
бойынша
детерминироваланған
және
стохастыкалық
модельдер болып бөлінеді.
Имитациялық модель
– жүйе құрылымын және оның элементтерінің өзара
әрекеттесуін ескеретін және статистикалық тәжірибелер өткізу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін зерттелетін жүйенің уақыттағы қызмет ету логикасының
формальді сипаттамасы
[1,3].
Модель түсінігінің көп мәнділігінен модельдеу түрлерінің бір классификациясын
келтіру қиын. Көбінесе
физикалық
,
компьютерлік және
математикалық модельдеу
Достарыңызбен бөлісу: |