ҚАПАЛЫҚ
1
Жабырқап осы жалғаннан,
Жанға көңілім қалып тұр.
Жан дүниеге салып тұр,
Тәнге көңілім қалып тұр.
Тән шыдамай арып тұр,
Жұртқа көңілім қалып тұр.
Жұрт залымға нанып тұр,
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Оған адам танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп
Тамағынан алып тұр.
Жала деген аңдушың
Тақымыңнан шалып тұр.
Бәле деген төбетің
Балтырыңнан қағып тұр.
Сауысқан, қарға, қара құс
Жемтігін аңдып бағып тұр.
Көре алмаған күншілер
Көңіліне мұның жағып тұр.
Әншейін бе дегенің,
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны шығар жақынның
Көзінен жас ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Арты қалай болар деп
Жүрегі от боп жанып тұр.
1
Қанайұлы Шортанбай. Қайран халқым. – Алматы: «Раритет»,
2002. – 216 б.
124
ЖАМАН МЕН ЖАҚСЫ
1
Әйелдің бір мінезі аюға ұқсайды,
Ақырып ер бетінен алғаннан соң.
Тағы бір мінезі маймылға ұқсайды,
Ыржыңдап әркімменен күлгеннен соң.
Тағы бір мінезі сауысқанға ұқсайды,
Шықылдап әр бұтаққа бір қонғаннан соң.
Тағы да бір мінезі қарақұсқа ұқсайды,
Жемтікті әркімге бір бергеннен соң.
Тағы бір мінезі қасқырға ұқсайды,
Қиянат аманатқа қылғаннан соң.
Қайтейін, қай сырын көп айтайын,
Әйелдің өзі бетін білмеген соң.
Қатыны долы бейбақтың
Кісі келсе қылпылдап,
Ұшып тұрар зәресі.
Ішкен асы, тамағы,
Мұрыннан шығып кересі.
Көк долының сөзінің
Әсте болмас жүйесі.
Көптірмесі көпіріп,
Долылықтың белгісі –
Түзу де жүрмес түйесі.
Асты шикі пісірер,
Кері кеткеннің кете ме
Екі езуінің күйесі.
Алдым деп қатын мастанба,
Жаман қатын алғаның –
Басы жұмыр пендеге
Алланың салған пәлесі.
Киімі тағы өзінің май-май ғана.
Байымен ұрысса да таймай ғана.
Сыртына ожауының битін сығып,
Тығады қазанына шаймай ғана.
Көзіңмен көріп тұрсаң бекер дейді,
Түбіме сүйте берсең жетер дейді.
1
Қанайұлы Шортанбай. Қайран халқым. – Алматы: «Раритет»,
2002. – 216 б.
125
Ақылмен оңашада ақыл айтсаң,
Адыра қал біреумен кетем дейді.
Үй-үйді қыдырады өсек бағып,
Байына былшылдайды елді шағып.
Жұмысы өсекпенен кеткеннен соң,
Шаруасы кетпей ме судай ағып.
Аспайды дүзге отырса әрі қырдан,
Отырар үйді айнала құдай ұрған.
Жатады итаяғы келіменен,
Болмайды бір жұмысы мұныменен.
Құрбылар, әйел алсаң байқап алғын,
Бос өтер бүкіл ғұмыр соныменен.
Жаманның зар-күйіне салма, құдай,
Әркімді алсын құдай теңіменен.
Болады жақсы әйелдің сөзі жүрдек,
Шаруасын бітіреді өрге сүйреп.
Арасы ағайынның араз болса,
Екеуін табыстырар үйдеп-бүйдеп.
Сыртынан жаман қатын бағып тұрсаң,
Бар тамағын ішіп,
Тоқтыдай керіледі болған түйнек.
126
Достарыңызбен бөлісу: |