Біліктілігін арттыру институты



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата29.12.2023
өлшемі1,6 Mb.
#144807
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
пркатика басақада сабақта керекті Атырау аласы, 2018 жыл 2

ІІ. Сабақ мақсаттары:
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде 
үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған 
жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не 
жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде 
(сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың 
әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді. 


35 
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып 
саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке 
қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз қажет.
Барлық оқушылар: 
Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. 
Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда 
барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек. Мысалы: 
-Жабайы және үй жануарларын ажыратады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де 
болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені 
күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» 
деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса 
«Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі 
керек.
-
Жабайы және үй жануарларын ажыратады және мысалдар 
келтіру арқылы ойларын жеткізеді.
Кейбір оқушылар: 
Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым 
бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге 
шығармашылық 
және 
зерттеушілік 
дағдыларды 
дамытатын 
мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе 
«Бағалау» деңгейлерінде.
-
Жабайы және үй жануарларын ажыратады және мысалдар 
келтіру 
арқылы 
өмірмен 
байланыстыра 
отырып, 
өз 
көзқарастарын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет