P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


мен мекен-жай табу, жарияланымның мақсатын айқындау мен



Pdf көрінісі
бет132/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

101
мен мекен-жай табу, жарияланымның мақсатын айқындау мен
фактілерді екшеп алу, кейіпкердің болмысын бағалау немесе оқиға
табиғатын түсіну, материал құру ең басты міндеттерінің бірі болып
табылады. Журналистің жұмысы бастан-аяқ моральдық қарым-
қатынастар орнатумен тығыз байланыста, сондықтан қызметі
өнегелілік сипатта болады. Журналист қоғам қайраткерлерімен не­
месе белгілі бір салада істеп жүрген озаттармен сан алуан мәселе-
лер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл эңгімелер мен
пікірдің біздің өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық-саяси мэні зор
болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мэн-жайын жақсы
білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан сұхбат алу
ақпарат қүралдары үшін өте бағалы нәрсе болып саналады.
Фактілерді жинағанда, журналист түрлі ақпарат көздеріне: жеке
адамға, ұжымдық деректерге жүгінеді. Жұртшылық журналистер-
ге өздері жэне жақын-жолдастары туралы ешқандай мэлімет беру-
ге міндетті емес. Оларды сөйлету үшін бұйымтайыңды салмақты
себептермен жеткізіп, көндіруің керек болады. Егер адамдар ма­
териал жинауда қарсылық тудырса, оларды қызмет бабын пайда-
ланып, қорқытып-үркітудің қажеті жоқ. Керісінше, айтып отырған
дәлелдеріне құлақ асу керек. Мүмкін жүртшылық назарына
шығармайтын құпиялардың болуы не айтқаны келмейтін келеңсіз
жайлардың болуы әбден мүмкін. Сондықтан, түсіністікпен қарап,
кейіпкерді асықтырмай, керісінше, оның сеніміне кіріп алуға ты-
рысу керек.
Журналист сұхбат алу үшін қоғам, мемлекет қайраткерлеріне,
Қазақстанға келген шетел азаматтарына, өнер қайраткерлеріне
жолығуы мүмкін. Бұл адамдармен әңгімелескенде қалың бұқара-
ның назарын аударып, ой-өрісін кеңітерлік қоғамдық мэселелерге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет