тәсілмен аныктайды: ашылмаган 20 капсулалардың массасын өлшеп, 20-га бөледі, содан
соң әр капсуланың массасын бөлек өлшеп, орташа салмағымен салыстырады. Ауытқулар
10%-дан аспауы керек.
Біркелкі дозаланылуын келесі тәсілмен аныктайды: егер капсуланың ішінде дэрілік заттың
мөлшері 0,05 г жэне одан томен болса, онда сынауды «Таблеткалар» мақаласы бойынша
өткізу керек (егер басқа нұсқаулар болмаса).
Капсулалардың ыдырагыштығы және ерігіштігі МФ басылымы бойынша «Таблеткалар»
жалпы мақаласында берілген әдістермен анықталады. Егер басқа нұсқаулар болмаса, онда
капсулалар асқазан-ішек жолында 20 мин. артық емес уақытга еруі немесе ыдырауы
керек.
Микрокапсуляция
-бұл заттың ұсақ бөлшектерін пленка түзетін материалдың жұқа
қабығына айналдырудың технологиялық процесі. Микрокапсуляция нәтижесінде қажетті
дәрежеде диспергирленген қатты немесе сұйық зат мөлшері бірнеше мкм-ден бірнеше мм-
ге дейінгі микрокапсулалардан тұратын ұнтаққа айналады.
Микрокапсуляция тұрақсыз дәрілік препараттарды (витаминдер, антибиотиктер,
вакциналар, сарысулар, ферменттер) тұрақтандырады. Микрокапсуляцияның негізгі
міндеттерінің бірі организмдегі концентрацияның ең жоғары деңгейін бір мезгілде
төмендете отырып, пероральді енгізу кезінде ұзақ әсер етуге қол жеткізу болып табылады.
Әзірленген микрокапсуляция
Достарыңызбен бөлісу: