Микробиология


Вирустарды жасуша ӛсінділерінде ӛсіру



Pdf көрінісі
бет70/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Вирустарды жасуша ӛсінділерінде ӛсіру
келесі жҧмыстарды 
қамтиды: 1) жасуша ӛсінділерін таңдау; 2) қҧрамында вирусы бар 
материалдарды алу; 3) оларды жҧқтыруға дайындау; 4) вирустық 
материалдармен жасушаларды жҧқтыру; 5) вирустарды жасушаларда 
ӛсіру; 6) жасуша ӛсінділеріндегі вирустарды анықтау; 7) ӛсінді 
сҧйықтықтарын жинап алу және ондағы вирустарды айқындау.
Жасуша өсінділерін таңдау.
Жасуша ӛсінділері кез келген 
вирустарға сезімтал бола бермейді. Сондықтан, белгілі бір вирусқа 
сезімтал келетін жануарлардың организмінен алынған алғашқы жасуша 
ӛсінділерін пайдаланған жӛн. Әдетте вирустарды ӛсіру ҥшін жас, яғни 
жаңадан дара қабатты қҧрған жасушаларды қолданады. Кейбір вирустар 
болса бӛліну сатысындағы жасушаларда (жасушалардың логарифмдік 
ӛсу сатысында) жақсы ӛсіп-ӛнеді.
Қҧрамында вирусы бар материалдарды алу және оларды жҧқтыруға 
дайындау әдістері 65-70 беттерде кӛрсетілген. 
Вирустық материалдармен жасушаларды жұқтыру
ҥшін бірыңғай 
дара қабатты тҥзген жасуша ӛсінділері бар ыдысты микроскоптың 
кішкене ҧлғайтымымен қарайды. Сосын ондағы қоректік ортаны тӛгіп, 


88 
қан сарысуы антиденелері мен ингибиторларынан тазарту ҥшін Хенкс 
ерітіндісімен 1-2 рет шаяды.
Жасуша ӛсінділері бар әрбір ыдысқа (шыны тҥтіктер, матрастар) 
0,1-0,2 мл вирустық материалдарды қосып, тербелту арқылы жасуша 
бетіне 
біркелкі 
ҥлестіреді. 
Вирустардың 
жасуша 
беткейіне 
адсорбциялануына 
жағдай 
жасау 
ҥшін 
ыдыстарды 
бӛлме 
температурасында (+22ºС) немесе термостатта (+37ºС) 1-2 сағат бойы 
ҧстайды. Сонан соң ыдыстардағы вирусы бар суспензияны тӛгеді де, 
оған жасушалардың тіршілігін сақтаушы ортаны қажетті мӛлшерде 
қосады. Вирустарды бӛліп алуда қолданылатын кейбір патологиялық 
материалдар жасуша ӛсінділеріне улы әсер етуі мҥмкін. Сондықтан 
вирустар адсорбцияланғаннан кейін жасушалар дара қабатын 1-2 рет 
Хенкс ерітіндісімен немесе қоректік ортамен шайып алу қажет.
Вирустарды өсіру
жҧмыстары +37ºС температураға реттелген 
термостатта жҥргізіледі. Жасушалардың беткейінің қоректік орталармен 
біркелкі жабылуы ҥшін матрастарды горизонтальды, ал шыны тҥтіктерді 
қиғаштап қояды. Кӛптеген зертханаларда вирус жҧқтырылған жасуша 
ӛсінділерін айналмалы – роллерлік әдісті пайдалана отыра ӛсіреді. Бҧл 
әдісті қолдана отыра инфекциялық титрі жоғары болып келетін 
вирустарды кӛп мӛлшерде жинап алуға мҥмкіндік береді.
Әрбір патологиялық материалдан сынаманы 4-10 дана жасуша 
ӛсінділері бар шыны тҥтіктерге қояды. Бақылау ретінде 4-6 дана 
жҧқтырылмаған жасуша ӛсінділері бар шыны тҥтіктерді алып, олардың 
тек қоректік орталарын ауыстырып отырады.
Вирус жҧқтырылған жасуша ӛсінділерінің қоректік ортасын 7 
тәуліктен кейін ауыстыруға болады. Қоректік орта рН-ын (6,9-7,4) 
натрий бикарбонатының 7,5%-ды ерітіндісімен ретке келтіреді. Вирус 
жҧқтырылған жасуша ӛсінділерін ҧзақ уақыт бойы ӛсірген 
(аденовирустар, т.б.) жағдайда қоректік орталарды міндетті тҥрде 
ауыстырып отыру қажет.
Жасушаларға адсорбцияланған вирион жасуша ішіне еніп, онда 
репродукциялана бастайды. Жасуша ішінде пайда болған вириондар 
жасушадан шығып (толығымен немесе жартылай), басқа жасушаларға 
енеді де, соны зақымдайды. Осы процестердің нәтижесінде ыдыстардағы 
барлық жасушалар вируспен зақымдалады. Кӛп жағдайда вирустар 
ӛсінді сҧйықтығында, ал олардың кішкене бӛлігі болса зақымдалған 
жасуша ішінде қалып қояды. Сондықтан жасуша ішіндегі вирустарды 
босату ҥшін оларды бірнеше рет мҧздатып-еріту арқылы немесе 
ультрадыбыс кӛмегімен талқандайды. 
Жасуша өсінділеріндегі вирустарды анықтауда
келесі негізгі 
әдістер қолданылады: цитопатогендік әсерін (ЦПӘ) анықтау; 
гемадсорбция реакциясы (ГАдР); дақтардың (бляшка) пайда болуын 
анықтау; жасуша ішінде ерекше қоспалардың (денешіктердің) тҥзілуін 
айқындау; иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР); иммунды 
ферменттік талдау (ИФТ); вирустардың интерференциясына негізделген 


89 
әдіс (бір вирус екінші вирустың кӛбеюін тежейтін процесс); электронды 
микроскопия және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет