Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет166/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

II.
Тыныстың
(дем алудың) өте жиілігі. 
Жаңа туған бала 1 минутта 40-50 рет дем алады. 1 жаста 30-35,5
жаста 25,10 жаста 20 рет дем алады. Ал, үлкен кісілер 16-18 рет-ақ дем алады. Жиі дем
алғандықтан оттегі толық пайдаланылмай көмір қышқыл газы организмнен нашар бөлініп
шығады. Жиі дем алғандықтан минуттық көлем 1 кг дене салмағына анағұрлым көп
келеді, әсіресе, жас нәрестелерде (үлкендермен салыстырғанда).
III.
Бала дүниеге
келгеннен соң алғашқы 2 жеті бойына тыныс алу ырғағының бұзылуы
(аритмия)

ырғақсыз тыныс 
байқалады. Яғни, дем алу мен дем шығару арасындағы үзіліс біркелкі
болмайды. Сыртқы ортаның әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен тыныс ырғағы өте
жеңіл бұзылады. Ұйқыда жатқанда ғана бала неғұрлым дұрыс дем алады.
IV.
Тыныс алу
типі (түрі).
Жаңа туған бала – ішпен (көк етпен) дем алады; Емшек
жасындағы балада – кеуде-іш типті тыныс; 2 жастан бастап аралас – диафрагма - кеуде
типті тыныс; 3-4 жаста – көк етпен дем алудан гөрі, кеуде арқылы
 
дем алу жиі байқалады;
7-14 жаста – жыныс ерекшеліктері байқала бастайды; препубертатты және жыныстық
жетілу кезеңінде ер балалар ішімен, қыз балалар кеудемен дем алады.
Өкпеден тіндерге оттегінің өтуі.
Негізгі тасымалдаушы – гемоглобин. Өкпе
капиллярларында оттегі гемоглобинмен бірігеді де, оксигемоглобин пайда болады. Өттегі
мөлшері гемоглобин мөлшеріне байланысты. Жаңа туған баланың қанындағы гемоглобин
үлкендердікіне қарағанда көп, сондықтан, оның оттек байланыстыру қасиеті де жоғары
болады. Бірақ, жаңа туған сәбиде кездесетін фетальды гемоглобин оттегіні тез өзіне
байланыстырып аладыда, оны тіндерге нашар береді, өйткені, фетальды гемоглобиннің
оттегіне туыстығы артықтау болып келеді. Сонымен бірге, организмді гипоксияға үйретіп,
қалыптастыра бастайды. Жаңа туылған нәрестелерде кездесетін көптеген аурулар қатқыл
дамиды, өйткені, гемоглобин метгемоглобинге жеңіл айналады. Гипоксия ұзаққа созылған
кезде фетальды гемоглобиннің жойылу процессі жеделденеді. Яғни, фетальды гемоглобині
бар «кәрі» эритроциттер тез жарылады. Гемоглобиннің оттегіні байланыстыру қабілеті,
сонымен қатар, температура, қанның РН және көмір қышқылының мөлшеріне байланысты
болады. Дене қызуы көтерілгенде, РН төмендегенде және көмір қышқыл газының
парциальды қысымы көбейгенде, оттегінің байланысы нашарлайды. Парциальды қысым
191


төмен болып келетін тіндер мен қан айналу шеңберінің капиллярларында оксигемоглобин
диссоциацияланып, өттегіні береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет