Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қарыншаралық перденің мүкістігі



Pdf көрінісі
бет203/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қарыншаралық перденің мүкістігі
төстің сол жақ қырынның бойында дөрекі
систолалық шудың естілуімен сипатталады. Шу 4 қабырғаралықта жақсы естіледі, жүрек
тұсының барлық нүктелеріне тарайды. Әдетте сол қолтық астына тарамайды. Жүректің
перкуссиялық шекаралары оңға да, солға да ұлғаяды. Рентгенограммада жүректің оң және
сол қарыншаның мөлшерінің ұлғайғаны, кіші қан шеңберінің қанмен толысуына
байланысты өкпе көрінісінің (суретінің) күшейгені анықталады. ЭКГ-де жүректің екі
қарыншасында гипотрофиясы байқалады.
Ашық артериялық
өзек төстің сол жақ қырында 2-3 қабырғааралық деңгейінде
тұрақты систодиастолалық шумен білінеді. Жаңа туылған балаларда тек қана систолалық
шу және өкпе артериясында II-ші тонның күшейгені анықталады. Рентгенограммада
жүрек мөлшерінің сол бөлік есебінен арытқаны, өкпе артериясының доғасының
шығыңқыланғаны және кіші қан айналым шеңберінің тамырларының қанмен шектен тыс
толысқаны байқалады.
Жүрекшеаралық перденің
мүкістігінде
төстің сол жақ қырының екінші
қабырғааралық деңгейінде орташа білінетін систолалық шу, өкпе артериясы деңгейінде II-
ші тонның акценті естіледі. Перкуссиялағанда оң жүрекше мен қарыншаның
шекараларының кеңейгені анықталады. ЭКГ-де электрлік өстің оңға ығысқаны, оң
қарыншаның гипертрофиясы анықталады.
Фалло тетрадасы 
цианозбен, ентігу-цианоздық ұстамамен, төстің сол жақ қырының
бойындағы систолалық шумен білінеді. Шудың қарқындылыгы ақаудың ауырлық
дәрежесіне қарама-қарсы болады. Өкпе артериясын тыңдайтын жерде II тон әлсіреп
естіледі. Рентгенограммада өкпе көрінісінің азайған, жүрек мөлшері кішірейіп, «етік»
тәрізденеді, өкпе артериясының доғасы семеді. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы
анықталады.
Магистральды тамырлардың транспозициясы
туылғаннан кейін байқалатын
жалпы цианозбен білінеді. Шу болмауы мүмкін немесе қосарланатын перде
мүкістіктерінің, ия өкпе артериясының тарылуының шуы анықталады. Рентгенограммада
көбіне сол қырында жатқан жұмыртқа тәрізденіп, оң жақ бөліктерінің үлкейгені, тамырлар
будасының тарылғаны байқалады. ЭКГ-да оң қарыншаның гипертрофиясы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет