Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет217/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Ішті пальпациялау
. Пальпация жүргізгенде зерттеуші кушеткада немесе керуетте
(төсекте) жатқан науқастың оң жагына орналасады. Науқастың басы денесімен бір
деңгейде, аяғы тізесінен сәл бүгілген, қолы денесінің екі жағында болуы керек. Пальпация
кезінде баланы алдандырып, іш пресінің жұмсаруына жағдай жасайды. Зерттеушінің қолы
жылы, тырнағы қысқартылып алынған болуы керек. Пальпацияны нәзік, бір қалыпты
76 сурет.
Іш бетін 
шартты түрде 
аймақтарга бөлу схемасы.
а) 
эпигастрия аймағы;
б)
мезогастрия аймағы;
в)
 гипогастрия аймағы:
1)
 эпигастрий;
2)
 сүбе қабырға асты;
3)
 кіндік аймағы.
4)
 бүйір;
5)
 қасаға үсті;
6)
 жамбас бөлігі.
235


қимылымен жасау керек. Ол үшін қолының алақанын іштің бетіне салып, 2-5
саусақтармен жеңіл басу қимылын жасайды. Одан кейін пальпацияның басу күшін
арттыра түседі. Пальпация кезінде баланың бет әлпетіне қарап, оның пальпацияға
реакциясын бақылап отыру керек.
Пальпация беткі және терең болып екіге бөлінеді. Әдетте беткі пальпациядан
бастайды. Беткі пальпацияны сол жақ мықын аймағынан бастап, біртіндеп жылжып сол
бүйірге сол сүбе қабырға астына, құрсақ үсті (эпигастрий) аймағына, оң сүбе қабырға
астына, оң бүйірге, оң мықын аймағына ауысады. Яғни, сағаттың тіліне қарсы жүреді.
Симметриялы аймақты салыстырып пальпациялауға болады. Беткі пальпациямен
ауыратын жерді анықтайды. Ол жерде терең пальпацияны ең соңынан жүргізеді. Терінің
гиперстезиялық (сезімталдығы артқан) аймақтарын (Захарьин-Гед), іштің алдыңғы
қабырғасының бұлшық еттерінің (керілуін) тартылуын
(defans тusсиlаirе),
беткі
пальпацияда іш пердесінің қабыну белгілерін (Шеткин-Блюмберг) анықтайды.
Терінің сезімталдығы арытқан Захарьин-Гед аймағы 
(77 сурет):

сигма аймағы іштің ақ (ортаңғы) сызығымен және осы сызыққа перпендикулярлы
кіндік арқылы жүргізілген сызықпен шектелген (сол жақ төменгі квадрант); 

аппендикулярлы аймақ – оң жақ төменгі квадрант; ұйқы безінің денесі мен
құйрығының аймағы – сол жақ жоғарғы квадрант; 

эпигастральды аймақ; холедоходуоденальды аймақ – оң жақ жоғары квадрант; 

Шоффар аймағы – жоғарғы оң квадрантта, іштің ақ сызығымен квадранттың
биссектрисасының ортасында орналасады. 
Беткі пальпацияның көмегімен іш процессінің кернеу
дәрежесі, іштің тіке бұлшық еттерінің кернеу дәрежесі,
іштің тіке бұлшық еттерінің
 
айырылуы, кіндік сақинасы-
ның жағдайын, бауыр мен талақтың шектен тыс үлкен
болуын анықтауға болады. Іштің алдыңғы қабырғасының
бұлшық еттерінің тартылуы (кернеуі) «іш бүлгінің» негізгі
белгісі болып есептелінеді.
«Іш бүлігі» іш қуысындағы мүшелермен, іш
пердесінің артындағы мүшелердің қабынуының
белгілерінің жиынтығы.
Беткі пальпацияны бітіргеннен кейін тоқ ішектен
бастап терең пальпацияға кіріседі. Бұл кезде Образцов пен
Стражеско ережесін қатал сақтау керек: 
1. Оң қолының сәл бүгілген саусақтарын пальпацияла-
натын мүшеге паралелді етіп ұстайды.
2. Теріде, тайғанақтап жылжуға жеңіл жағдай жасайтын
етіп, қыртыс жасайды.
3. Тыныс шығару сатысы кезінде оң қолдың саусақ-тарын артқы қабырға жеткенше
біртіндеп, жәйлап жылжытады.
4. Сол қабырғаның және зерттеуге тиісті мүшенің үстінен басып (тайғанақтап) асып
түседі. Бұл пальпация әдістік (методикалық) терең, тайғанақтағыш деп аталады.
Терең пальпация жүргізгенде мүшелерінің қасиеттері бағаланады: орналасқан жері
мен пальпацияланған аймақтың алып жатқан жері, түрі (формасы), диаметрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет