Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Қара қарақат және малина шырыны



Pdf көрінісі
бет301/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Қара қарақат және малина шырыны.
Аралап алып, астынан су ағып тұратын
ыдыста, ағысты суда жуады. Үстіне қайнаған су шашады. Содан кейін дәкіге орап, сығып
шырынын шығарады.
Алма шырыны.
Жаңа, таза алманы жуып, ыссы су шашып, үгетін құралға үйкеп,
үгіндісін алады. Алынған үгіндіні дәкіге орап, шырынын шыны ыдысқа сығады. Дайын
шырынға дәміне қарай қант сиропын қосады.
Жүзім шырыны.
Жүзімді аралап алып, жуып, дәндерін алып тастайды. Жидегін
дәкіге орап, сығып, шырынын алады.
Сәбіз шырыны.
Сәбізді жуғышпен (щеткамен) жуып, ыссы сумен шаяды, үгететін
құралға үйкеп алынған үгіндісін дәкіге орап сығып, шырын алады. Қант сиропы дәміне
байланысты қосылады.
Каротин қоспасы
(А. Ф. Тур бойынша). 500 г ұсақ және орташа мөлшерлі сәбізді
мұқият жуады, ұсақтайды, азғана су құйып 40-60 мин бұқтырады. Жұмсарып піскен
сәбізді сүзгіден өткізеді де 1 литрге дейін қайнаған су құяды. 3-5%-ды сироп қосады.
Шыныға құйып, су буында 5 минут бойына стеризациялайды.
Алма үгіндісі (пюресі).
Жаңа алманы ыссы сумен жуып, қабығын алып, үгітетін
құралда, үгіндісін алады. Қажет болса дәміне байланысты қант сиропын қосады.
Сәбіз пюресі. 1 
кг үгіндінің құрамы: сәбіз – 100 г қант сиропы – 20 мл, сүт – 250 мл,
тұздың 25 % ертіндісі – Іб мл, сары май – 50 г.
Дайындауы:
Сәбізді жуғышпен мұқият жуады, тазалайды, ұсақтап кеседі. Содан
кастрюльге салып, сәбіздің деңгейіндей етіп қайнаған су құяды. Қақпағын жауып, су түгел
қайнап таусылғанша әлсіздеу отқа қояды. Ыссы сәбізді сүзгіден өткізеді, жылы сүт, тұз,
қант сиропын қосады. Содан кейін 2-3 минут қайнатады. Дайын пюреге сары май қосады.
Картоп пюресі. 
1 кг пюренің құрамы: картоп – 1100 г, сүт – 400 мл, 25 % ас тұзы – 16
мл, сары май – 30 г.
Дайындауы
:
Картопты жуып, тазалап, буда пісіреді. Егер буда пісіруге болмайтын
болса, қабығымен пісіріп, ыссы күйінде қабығын алады, ыссы картоп сүзгіден өткізіп, кас-
трюльге салады. Ұдайы қозғап араластырып тұрып, ыссы қайнаған сүт, тұз, май қосады.
Пюре баланы тамақтандырардың алдында ғана дайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет