болуына байланысты. Құрсақ ішілік инфициялануында ұрықта пневмония, менингит,
септицемия сияқты асқынулар анықталады.
Жүкті әйелдер және жаңа туған нәрестелер үшін соңғы жылдары “жаңа”
антропоноздар ерекше маңызды болып отыр. Оларға листериоз, хламидиоз және т.б.
сопроноздар классына жататын инфекциялар кіреді. Бұл класстың негізгі көзі зоонозды,
жануарларда емес, антропонозды адамдарда емес, ол қоршаған ортаның субстраты болып
табылады (топырақ, табиғи және жасанды су қоймалары).
ҚІИ-ның этиологиялық құрылымында кандидоз, микоплазмоздар көбейген. Осы
топтағы микробтардың сипаты клетка ішінде ұзақ паразитті жағдайда өмір сүретін
хламидияға ұқсас. Олар клетка ішінде ұзақ уақыт гистоцитарлы-макрофагальды жүйеде
кожалық етеді де, бала организмінде созылмалы және үдемелі процесстің ерте
қалыптасуына әкеледі.
Инфекциялық токсикозбен сипатталатын кандидоз, микоплазмоз, хламидиозда жаңа
туған нәрестеде жағдайының ауырлығымен емес мүшелер және жүйелердің белгілерінің
әлсіз байқалуымен, рутинді терапия әдістеріне төзімділігімен сипатталады. Ақырында
өліммен аяқталу қауіпі емес, инфекцияның асқынуы жоғары.
Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялық аурулардың деңгейі күрт артқан.
Олардың 20 есе өскені анықталды. Кездесу жиілігі және маңыздылығы жөнінде хламидий,
герпес, микоплазма, кандида тұқымдастығындағы саңырауқұлақтар, классикалық бактери-
альдық аурулардың қоздырғыштарының (мерез, соз, трихомонияз және басқа) орнын
басуда. Бұл қоздырғыштар жыныс жолдары арқылы берілетін екінші микроорганизмдер-
дің ұрпағы болып табылады. Оларды ажырату қиын болса, ал емдеу оданда қиын
процедуралардың бірі болып саналады. Сонымен бірге жыныс жолдары және берілу
жолы жыныс мүшелері емес аурулар бар (гепатит В, цитомегалия).
Құрсақішілік инфекциялардың көбі оппартунистік болып табылады. Өзгерген
иммундық жауаптың нәтижесінде ғана клиникалық көріністері айқындалады. Сондықтан
жаңа туған нәрестелердегі ҚІИ даму қауіптілігі жүктілік кезіндегі әйелдердегі жедел
жұқпалы аурулардың анықталуына байланысты емес, әйелдегі созылмалы патологияларға
және жүктілік кезіндегі түрлі асқынуларға тәуелді.
Оппортунистік инфекциялардың түріне цитомегалия, герпес-инфекциясы,
токсоплазмоз, листериоз және т.б. жатады.
Қазіргі кезде акушерлік және перинатальдық аурулардағы әртүрлі ассоциацияланған
этиологиялық құрылымдар – вирустар – бактериальды, вирусты – вирусты, бактериальды
– бактериалдардың маңыздылығын атап өту керек.
Достарыңызбен бөлісу: