Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет363/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

2.4.7.1. ЛИСТЕРИОЗ
Листериоз перинатальдық инфекцияның нозологиялық құрылымындағы басты орын-
ды алатын аурудың бірі болып табылады. Туа болған листериоз перинатальдық өлімнің
0,7-25%-ін (Bojsen-Muller) құрайды. Листериоздан өлім өте жоғары, соның ішінде
листериоздық сепсистен нәрестелердің өлімі орташа алғанда 13,6% (1992-1999ж.ж. Л.В.
Родина., Г.М. Маненкова) құрайды.
Этиологиясы
.
Листериоз L. monosutogenes-грамм оң факультативті-анаэробтық
таяқша, спора түзбейді, ол топырақтан, судан, шаңнан, ж.т.б. бөлінеді. Оның тасымалдау-
шылары болып үй және жабайы сүтқоректілердің, құстардың, бүргелер мен шыбындар-
дың ондаған түрлері болып табылады. Сондықтан, листерияның тасымалдаушыларының
көбісі белгісіз болып келеді. Листериялардың сыртқы ортаға ортаға сезімталдығы орташа.
Олар қыздырғанда, 2 минуттан 2 сағат мерзім арлығында қарапайым концентрациямен
дезинфекцияланғанда өледі. Тағам өнімдерінде сақталады. 
Эпидемиологиясы.
 
Ауру зоонозды инфекция тобына жатады, бірақ көп жағдайда
аурудың анамнезінде жануармен қатынаста болмағаны, соның ішінде қалаларда, анықта-
луы мүмкін. Сонымен қатар, маститі бар сиырдың сүті арқылы, пастеризация жасалмаған
сүт арқылы, ауру малдың еті арқылы жұғуы және контакт арқылы жұғуы мүмкін. Сүтте
бұл микроорганизм пастеризацияға төзімді, әрі қарай сақталып, көбейе алады. 
Патогенезі.
Адамнан адамға инфекцияның тасымалдануы кеңінен таралған жолы
болып, анасынан ұрыққа немесе нәрестеге жұғуы болып табылады. Құрсақ ішілік
инфекциялану жөніндегі мәселе дәлелденген деп айтуға болады. Ұрықтың зақымдалуы
жүктіліктің 5-ші аптасында трансплацентарлы жолмен жүреді. Зақымдалу уақыты
анасындағы листериоздың клиникалық белгілерінің білінуімен анықталады. Бірақ, кейбір
жағдайларда жүкті әйелдің жұғу кезеңін анықтау мүмкін емес, сондықтан, организмде
листериоздың L-формасы ұзақ сақталады деп, ойлауға тура келеді. Сонымен бірге, туа
болған листериозбен ауыратын баласы бар көптеген әйелдерде листериоздық
инфекцияның типтік көріністері болмаған. 
Ұрықтағы инфекцияның таралуы, анасы үшін ұрық септикалық ошақ болып
табылады. Листерияның жұғуы ұрық маңындағы суларды жұғу, гематогенді жыныс
жолдары арқылы болуы мүмкін. Егер инфекциялану жүктіліктің кеш мерзімінде болса,
онда нәресте өлі туылуы, немесе туа пайда болған листериоз ауруы белгілері болуы
мүмкін. Листериоздың плацентадағы өзгерістері келесілер: шеткі сарғыш-сұрғылт түсті
некроз ошақтары мен гистолейкоцитаралық инфильтрация, хориальдық пластинкадан
некроз ошақтары (құрамында грануллемалар байқалады). Листериялар емізікшелер мен
базальдық пластинкалардың жартылай жұқа кесіндісінде жақсы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет