Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет517/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Дәрілік аллергия (ДА) –
дәрілерді қабылдаумен туындайтын иммупатология-
лық механизмдерге негізделген реакциялар мен ауруларды біріктіретін түсінік.
Аллергиялық емес жоғары сезімталдық медикаменттердің ізашар иммунологиялық
стадиясыз биогенді аминдердің (гистамин, т.б) босап шығуын белсендіруіне негізделген
(ацетилсалицил қышқылы – антидене қатынасысыз комплемент) белсендіретін
простогландиндердің липоксигеназды жолмен синтезін стимуляциялайды).
Этиология.
ДА жиі шақыратын пенициллин, сирек басқа топ пенициллин
антибиотиктері, цефалоспориндер, тетрациклиндер, сульфаниламид, антигистаминді
препараттар, тиамин (В
1
витамин), гормональді препараттар (АКТГ, инсулин және т.б.),
лизоцим, салицилат, иодид болып келеді.
Бейімдеуші фактор. Әдебиеттердегі деректер бойынша ДА. 25-30%-да

атопиялық
диатезбен, тек 0,5%-да онсыз жүреді.
Патогенезі.
 
Джелл мен Кумбс бойынша барлық типті аллергиялық реакция ДА
патогенетикалық негізі болады.
 
Дәрілер түсуіне жедел аллергиялық реакция І типті әсермен – реагиндермен (IgE)
көрінеді.
Дәрі қабылдаған соң, 72 сағат дамитын жеделдеу реакция жиі ІІ типті әсермен
жүреді; IgG және IgM, комплексті антигендерге (дәрілік гаптен + тін белогі) әсеріне
негізделген.
Содан кейін ІІІ типті әсерге негізделген дәрілік аллергияның созылынқы түрі дамиды
(иммунды комплекстер). Жеделдеу және созылыңқы реакция генезінде иеленуші рөлді
реагиндер (IgE) атқаруы да мүмкін.
Диагноз.
 
Тиянақты жиналған анамнездің маңызы өте зор. Иммундық жауаптың
әртүрлі болуы, белгілі антигендердің болмауы (дәрінің организмде метаболитикалық
өзгерістеріне байланысты) диагностикалық тесттер қолдануды тиімсіз етеді. Терілік
сынама жасау науқас үшін қауіпті.
Лабораториялық тесттерге жатады: пенициллинге, ко-тримоксазолға, миорелаксант-
қа, инсулинге арнамалы IgE-антиденені (РАСТ) анықтау; арнамалы IgG және IgM анықтау;
лимфоцит бласттрансформациясы реакциясын; дәрілік заттар әсерінен белсенген семіз
жасушалардан босанған триптазаны анықтау.
Тері сынамасы мен лабораториялық зерттеулердің қорытындысы оң болуы науқастың
қауіп тобына жатуын дәлелдейді, бірақ теріс нәтиже дәріге клиникалық реакцияның
болуын жоққа шығара алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет