Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жүйкелік (психогенді) тәуелділігі



Pdf көрінісі
бет533/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жүйкелік (психогенді) тәуелділігі
 
әдетте дерт ұзақ, қатал дамығанда пайда болады,
тұншығу ұстамасы жүйкелік жарақаттармен, жүйкелік күйзелістермен байланысты
болуымен сипатталады.
Балалар бронхиальды астмасының жіктелісі бойынша аллергиялық және
инфекциялық-аллергиялық түрлерін бөледі.
Аллергиялық түрі. 
Экссудативті диатезбен ауыратын, жанұялық анамнезі
асқынған балаларда кездеседі. Аллергендер әсер еткен кезде, қапыл ұстамалы ентігу
басталады.
«Аллергизация» кезеңі болмайды немесе жасырын өтеді.
Инфекциялы-аллергиялық түрі 
баяу дамиды. Міндетті түрде жедел
респираторлы аурудан кейін немесе созылмалы инфекция ошақтарының өршуінен кейін
басталады.
Клиникасы.
 
Демікпенің негізгі клиникалық белгілеріне – ауық-ауық пайда болатын
ұстамалы тұншығу жатады. Демікпе әр жастағы балаларда кездеседі, бірақ көбіне 2-3
жастан асқан кезде жие байқалады. Олардың көбінде демікпе жайлап, бірте-бірте
басталады. Алғашқы жылдардан тіпті, айлардан бастап оларда қайталама респираторлы
аурулар байқалып, кейін тыныс алуы қиындап, ысқырған құрғақ сырылдар пайда болады.
Демікпе ұстамасының алғашқы белгілері, көбіне, тыныс мүшелерінің әртүрлі ауруларынан
кейін, мысалы, созылмалы тонзиллит, аденеоидит, синусит, ал кейде осы аурулардын
бірнешеуінің қатар жүруінен кейің пайда болады.
512


Балалардың көбінің кеуде қуысының пішіні эмфизематозды кеуіп (әсіресе ұстама
кезінде), өзгеруі мүмкін. 
81 КЕСТЕ
БАЛАЛАР БРОНХИАЛЬДЫ АСТМАСЫНЫҢ АУЫРЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІН
БАҒАЛАУ ШЕКТЕРІ (КРИТЕРИЯЛАРЫ)
Ұ с т а м а
Белгілері
Жеңіл
Орташа-
ауыр
Ауыр
Status asthmaticus
Физикалық 
белсенділігі
Сөйлеу қабылеті
Санасы
Тыныс жиілігі
Көмекші бұлшық
еттердің қатысуы
Сырылды дыбыс
Пульс жиілігі
ОФВ1, ПСВ
SaO2
РаСО2, мм рт.ст.
Соңғы 
тәуеліктегі, 
әсіресе соңғы 6 
сағаттағы,бронхо
спазматикалық 
көмектің 
мөлшері
Сақталған
Сақталған
Кейде қозған
Қалыпты, 
немесе 
тыныс
қалыптыдан 
30% 
жиілеген
Айқын емес
Тыныс шыға
ру соңында
Жоғарлаған
80%
95%
35
Бронхоспазм
алитикалық 
ем 
жүргізілмеге
н немесе 
төмен/орташ
а мөлшері 
қолданылған
Шектелген
Бөлек 
фразалар
Қозу, 
қорқыныш
Айқын 
экспираторлы 
ентігу –
қалыптыдан 
30-50% артық
Айқын
Айқын
Жоғарлаған
60-80%
90-95%
35-40 
Бронхоспазма
литикалық ем 
жүргізілмеген
немесе 
төмен/орташа 
мөлшері 
қолданылған
Ортапноэ
Қиналған
Қозу, қорқыныш,
«тыныстық 
дүрбелең»
Шектен тыс 
ентігу–қалыпты-
дан 50% артық
Шектен тыс 
Шектен тыс
Шектен тыс 
жоғарлаған
<80%
< 90%
45 және жоғары
Дәрілердің 
жоғары мөлшері 
қолданылған. 
Адреномиметикт
ердіңжәне/немес
е эуфиллиннің 
дозасының асып 
кетуі байқалуы 
мүмкін
Болмайды
Болмайды
Шатасқан, кома
Тахи- немесе 
брадипноэ
Парадоксальды 
торакоабдоминальды
тыныс, «Сақау»өкпе
Брадикардия



Дәрілердің жоғары 
мөлшері қолданыл-
ған.Адреномиметик-
тердің және/немесе 
эуфиллиннің 
дозасының асып 
кетуі байқалуы 
мүмкін
Қысқа тыныс алу кезінде, кеуде қуысының жұмсақ жерлері тартылып тұады, ал
тыныс шығаруы ұзарып, шулы ысқырық, алыстан естіліп тұрады. Бұндай тынысты А.А.
Кисель – «шиқыл», Н.Ф. Филатов – «ысқырық», басқа авторлар «сырылдар симфониясы»,
– деп атаған. Демікпеде «ысқырық», «сырыл», құрғақ ысқырған және шашыраған әртүрлі
калиберлі тұрақсыз ылғалды сырылдар естіледі.
513


Перкуссияда бір жерде қорабтық дыбыс естілсе, екінші жерден қорабтық қысқарған,
кейде тұйықталған дыбыс анықталуы мүмкін. Рентгенограммада өкпе тінінің
ауалылығының күшейіп (қабырғалар көлденең орналасады), қабырғалар аралығы кеңейіп,
тамшы тәрізді жүрек, көкеттің төмен түсуі, өкпе тінінің тамырлар суретінің күшеюі
анықталады. Өкпенің түптері (тамырлары) кенейеді.
Бронхоскопия және қақырықтың тексерулерінің диагностикалық және емдік маңызы
өте құнды болып келеді.
Қақырықтың тексермесі аллергиямен қабынуға тән өзгерістерді көрсетеді, яғни
Куршман спиралі, Шарко-Лейден кристалдары, лейкоциттер, эпителиальді клеткалармен
альвеолярлы макрофагтарды анықтауға болады.
Шеткі қанда эозинофилия, болар-болмас нейтрофилез, аллергиялық лимфоцитоз
байқалады.
Демікпенің дамуы: 
ұстама алды кезеңі, ұстама кезеңі, ұстамадан кейінгі кезең 
және
ұстамалар арасындағы кезең
болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет