Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жеке тұлғалығын (индивидуальдығын) сақтау (8 статья)



Pdf көрінісі
бет63/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Жеке тұлғалығын (индивидуальдығын) сақтау (8 статья).
Мемлекет баланың
жеке тұлғалық қасиетінің бөліктерін қорғауға және керек болса қайта қалпына келтіруге
міндетті.
Ата-анасынан айыру (9 статья). 
Баланың жағдайына кері әсері болмаған жағдайда
оның ата-анасымен тұруға құқылы. Ата-анасының біреунен немесе екеуінен де ажырасып
қалған жағдайда олармен кездесіп тұруға құқылы.
От басының қайтып қосылуы (10 статья).
Бала мен оның ата-аналарының
қарым-қатынастарын сақтау үшін немесе отбасын қайта құру мақсатында өз елдеріне
көшіп келуге, сондай-ақ кез келген елден көшіп кетуге құқығы бар.
Заңсыз көшіп қону немесе қайтпау (қайтармау) (11 статья).
Мемлекет баланың
ұрлануынан ата-анасының біреуімен немесе үшінші жақпен шетелде ұсталуына жол
бермеуі керек. Орын алған жағдайда керекті шараларды жүзеге асыруға міндетті және
құқылы.
Баланың көзқарастары (12 статья). 
Бала өз көзқарастарының еркін білдіруге құ-
қылы және балаға қатысты кез келген мәселеде оның көзқарыстарына көңіл бөлінуі керек. 
Ойын білдіру еркіндігі (13 статья).
Шекараға тәуелсіз бала ойын еркін білдіруге,
ақпарат алуға, ақпарат беруге құқылы.


Ойлау, ар-ождан және дін еркіндігі (14 статья).
Ата-анасының қамқорлығындағы
балалардың ойын, ар- ождан, дін еркіндігін мемлекет құрметтеу керек. 
Қауымдастық еркіндігі (15 статья).
Бала басқа адамдармен қарым-қатынас
жасауға, қауымдастыққа енуге және оны құруға құқылы. 
Жеке өмір сүру құқықтарын қорғау (16 статья).
Балалардың жеке, отбасылық
өміріне араласудан, балағаттау мен үгіттеуден қорғануға құқылы.
Тиісті мәліметке қол жеткізу (17 статья).
Мемлекет балалардың әлеуметтік және
мәдени дамуына әсер ететін мәліметтер беретін ақпарат көздеріне қол жеткізуге
мүмкіндік беруге және балаларды зиянды ақпараттардан қорғауға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет