2 сурет
.
Бір жасқа дейінгі балалардың дене ұзындығын өлшеу
Алдын ала жаялық төселінген көлдедең бой өлшегішке баланы шалқасынан жатқы-
зады. Студенттердің біреуі көздің төменгі жиегі мен сыртқы құлақ жолының жоғарғы
жиегі бір ұзын сызықта жататындай етіп, баланың басын қозғалмайтындай етіп, көлденең
жұқа тақтайшаға тақап ұстап тұрады. Екінші студент аяқтарын тізелерінен жайлап басып,
түзетеді. Бой өлшегіштің жылжымалы жұқа тақтайшасын табанына тақайды. Осы
жылжымалы және қозғалмайтын тақтайшалар аралығы баланың ұзындығына тең болады.
А. Б.
3 сурет.
1 жастан асқан балалардың дене ұзындығын өлшеу.
А)
тікесінен тұрғызып өлшеу;
Б)
отырғызып өлшеу.
Кішкентай балалардың дене салмағы арнайы 25кг-дық науалы таразыда анықталады
(4 сурет).
Бірінші таразыны тексеріп алады, сосын жаялықты өлшейді де (тегіршегін
түсіріп) баланы басы мен жауырыннан ұстап, басын, жалпақ аяғын жіңішке жағына
қаратып, киімсіз жатқызады немесе отырғызады (Студенттердің біреуі бас жағында
қолмен қорғап тұрады).
4 сурет.
Ерте жастағы балалардың дене салмағын анықтау.
Салмағын өлшеп тұрған адам салмақ өлшегіштің алдындағы гирлерді
жылжытып тексеріп, көрсеткіштерді гир тұрған сызық бойынша жазып алады.
Көрсеткіштен жаялықтың салмағы шегеріледі.
Ересек балалардың салмағы арнайы медициналық таразыда өлшенеді: салмағын
өлшеп алып төселінген жаймаға жалаң аяқ, киімсіз баланы тұрғызады: әрі қарай өлшеу –
дәл алдындағыдай, көрсеткіштен жайманың салмағын шегерген соң жазылады.
Кеуде қуыс шеңберін тыныштық кезінде, терең демалған жағдайда, демін
жібергеннен кейін, ал кішкентай балаларды тек тыныш кезінде өлшейді
(5 сурет)
5 сурет.
Кеуде қуысының шеңберін өлшеу.
Екі қолын жайып тұрған баланың жауырын бұрышының астынан сантиметрлік
таспаны өткізіп, қолды төмен түсіргізеді. Сосын таспаны сүт безінің маңай дөңгелекшеле-
рінің төменгі жиегімен жүргізеді. Ересек қыздарда сүт безінің жоғарғы жағындағы
қабырғамен, яғни кеуде терісінің сүт безіне ауысатын жерінен, өлшейді. Баланың иығын
көтермеуін, қолын қозғамауын қадағалау қажет. Өлшеп жатқанда таспаны жұмсақ
тканьдерді сәл қысыпқырап тұратындай етіп тарту керек.
Бас шеңберін отырғызып немесе жатқызып, сантиметрлік таспамен өлшейді: желке
шүйелері мен қастың үстіндегі доға аралықтарымен таспаны оң жақ самайдан айналдыра
әкеліп, сол жаққа қарай маңайға жеткізе өлшейді
(6 сурет).
Іш шеңбері
– кіндіктің немесе іштің шығыңқы тұсынан таспамен кесе көлденең
өлшейді.
|